Home » Мақалалар » «Бастауыш сыныпта кейс технологиясын қолдану»             

«Бастауыш сыныпта кейс технологиясын қолдану»             

Байузакова А.К.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
 Алматы облысы бойынша институтының
аға оқытушысы

Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.

Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану  — қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Кейс әдісін қолдану  барысында оқытушының іс — әрекеті  екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. — жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; — мақсат пен міндетті анықтау; — жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс — әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. — кейске кіріспе; — жағдайдың талдануы (шағын топтарда); — пікірталас; — қортынды шығару. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.

CASЕ терді  құрудың келесі негізгі сатылары  белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы

(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау,

ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); 2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс. 3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

Кейстің құрылымы: Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
— Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. — Жағдайдың контексті  —  хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. — Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
— Қосымшалар.  Кейсті құрастыру сатысы:Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
— Жағдай моделін құру немесе таңдау. — Сипаттауды құру. — Қосымша ақпараттарды жинау. — Ақырғы мәтінді даярлау. — Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.

Кейс стади әдісі  интерактивті әдістің  бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.       Кейс стади әдісі — оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Кейс-технология — оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

  1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
  2. Жұмыс дәптері.
  3. Анықтама.
  4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
  5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

—         курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

— пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

—         Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

—         Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

—         Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

—         Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

—         Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі,  оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімділігі

Кейс-стадиді оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:
— Проблемалық ситуация бір тақырып немесе бір пәннің мазмұнымен шектелмейді, әдетте ол басқа пәндердің проблемалары мен мәселелерімен тығыз байланыста болады. Кейс-стадиде оқушылар пәнаралық байланыстарды табу дағдыларын көрсете білуі қажет.- Оқушылар пән бағдарламасында сипатталған тұжырымдар, идеялар мен тәсілдерді түсінетіндігін, оларды нақты ситуацияны талдау мен ұсыныстар жасау үшін қолдана білетіндігін көрсете білуі қажет. Үйренушілер проблемалық ситуацияны интерпретациялаудың (өзіндік тұрғыдан түсінудің) бірнеше жолы болатындығына дайын болуы керек.- Ситуацияда бірнеше шешілмеген проблема болуы мүмкін, сол себепті де оқушылар бір проблеманың шешімін тапқан соң, басқа да проблемаларды іздестіріп, оларды талдаудың бағыттарын анықтауы керек.- Оқушылар өз шешімдері мен ұсыныстарының дұрыстығын дәлелдеу үшін өздерінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтіруі керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.