Сейлова Гульданай Айтмурзаевна
Қызылорда қаласы
«Жайна Құлыншақ» балабақшасы
мекемесінің тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: «Математика негіздері»
Тақырыбы: «Қызықты математика»
Мақсаты: Сан, санау. Математикалық терминдерді қолдана білуді, 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Геометриялық пішіндер. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау. Кеңістік ұғымдарын бекіту: заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа, сол бағытта.
Уақытты бағдарлау. Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, айларды, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге, циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету.
Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді Аспан — Ата
Армысың, қайырымды Жер — Ана
Армысың, шұғылалы Алтын- Күн
Армысың, балабақша, дос-жаран.
Жылулық шеңбері:
— Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
— Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!
— Қайырлы таң ,құлақтарым, сендер ояныңдар!
— Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. Ал балалар, осы жүрегімізбен, ақылды басымызбен, барлық істі атқаратын қолдарымызбен іске кірісейік.
— Бүгін бізде математикалық негіздері туралы ашық оқу-қызметі. Әдеттегідей, жыл мезгілдерін есімізге түсіріп алайық.
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Бір жылда 4 мезгіл бар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір жылдың қыс мезгілі
— Жыл неден тұрады?
— Жыл айлардан тұрады.
— Бір жылда неше ай бар?
— Бір жылда 12 ай бар.
—Жарайсыңдар, жыл айлардан тұратынын білдік, енді ай неден тұрады?
— Ай апталардан тұрады.
— Бір аптада неше күн бар?
— Бір аптада 7 күн бар.
—Жыл мезгілденін, ай атауларын, апта күндерін үш тілде атайық
1-ші бала: Қыс-зима-winter, Көктем-весна-Spring, Жаз-лето-summer,Күз-осень-autumn
2-ші бала: қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан
январь февраль март апрель май июнь июль август сентябрь октябрь ноябрь декабрь
January February March April May June July August September October November December
3-ші бала: дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі
понедельник вторник среда четверг пятница суббота воскресенье
monday tuesday wednesday thursday friday saturday sunday
Балалар алдымен миға шабуыл жасап алайық
1-Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық…. — Орындық үстелден аласа.
2-Егер сызғыш қаламнан ұзын болса, ендеше қалам…. — Қалам сызғыштан қысқа.
3-Егер кітап дәптерден қалың болса, дәптер….. — Дәптер кітаптан жұқа.
4-Егер Айман Айдостан үлкен болса, онда Айдос….. — Айдос Айманнан кіші.
Ал енді күн мерзімдерін , уақытты еске түсіріп алайық.
1-ші бала:Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз. (Бұл қай кезде болады?) (Таңертең)
2-ші бала: Оқу оқып, ойын ойнап,
Серуендеп қайтамын.
Тамағымды ішіп алып
Түсте ұйықтап жатамын. Бұл қай кезде болады? (Күндіз)
3-ші бала:Күн қызарып батады,
Бақшамыздан қайтамыз. Бұл қай кезде болады? (Кеш )
4-ші бала-Айзере:Үйге келіп кино көріп,
Ойыншықтарды жинастырып.
Беті-қолды, тісті жуып,
Ұйықтауға жатамын. Бұл қай кезде болады? (Түн )
-Балалар біз күнделікті уақытты немен анықтаймыз?
Біз уақытты сағатпен анықтаймыз
Әуенмен төбеден қабырғаларында тапсырмалары бар сағат түсіру
— Балалар, қараңдаршы бұл не?
— Бұл сағатқа ұқсайды екен, бірақ сағаттың сандары жоқ сияқты.
Сағатты ашып ішінен түрлі-түсті пішінге жазылған сандарды алып көрсету.
Ал енді сағаттың сандарын ретімен қояйық.
Көршісін тап. Сандарды ретімен орналастыру арқылы ұлу бейнесін пазл арқылы құрастыру.
Кеңістік бағдарлау
Тақтада фетрдан су асты әлемі есеппен шығарып орналастыру
Сан, санау есеп фетрдан қол мен сандар, белгілер жасау
Логикалық есептер
Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?
Тиін отыр арбада,
Жаңғақ сатып базарда.
Түлкі бикеш пысыққа,
Торғай менен шымшыққа
Мақтап қойып жаңғағын,
Салып берді алғанын:
Жаулығына бірінің,
Жемсауына бірінің,
Табанына бірінің.
Математикалық өлеңдер.
Бекнұр:Сәл демалып,
Тыным ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Кәусар:Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым, —
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
он дегенде домалақ.
Қайда кеттің домалап.
Мейіржан: Достар мені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның
Ерасыл:Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың.
Камила:Бір ауылда үш бала,
Олар – құрдас: үш жаста.
Бірақ, бірақ олардың,
Қылықтары үш басқа.
Біріншісі шыңқ етпе,
Тиіп кетсе, жылайды.
Екіншісі бір қоңыр,
Ақыл айтсаң, тулайды.
Үшіншісі – елгезек,
Бәрімізге ұнайды.
Қортынды: Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.