Закирова Бахытгуль Раиповна
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 25 жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ шағын-орталық тәрбиешісі
Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»- жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренингтер көптеген маңызды міндеттерді орындай алады. Жақсы тренинг көптеген практикалық нәрселерді айқындайды. Сапалы даярланған тренингтер топтағы ата-аналардың жақын танысуына себебін тигізеді, балаларын жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Өткізілгелі отырған жиналыстарыңызға қызығушылықтарын арттырады, топтық немесе жеке тапсырмалар керемет ынталандырады, оған ата-аналар шабыттанады. Тренинг – ата-аналармен жұмыс жасауда өте тиімді әдіс. Өз тәжірбиемде қолданып жүрген тренинг түрлерін іздерге ұсынамын.
- Диагностикалық кезең: «Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?».
Мақсаты: отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.
Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл
«Иә, бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл
«Жоқ, бұлай істей алмаймын» Б-1 балл
Тапсырмалар. Сіз:
- Кез келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
- Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
- Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
- Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
- Балаңыздың әрекеті Сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай білесіз бе?
- Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
- Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
- Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
- Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
- Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?
- Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
- Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?
Бағалау шкаласы:
- «А» жауабына -3 балл
- «Б» жауабына — 2 балл
- «В» жауабына -1 балл
Нәтижесін талдау.
30-39 балл жинасаңыз, бала — Сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.
16-30 балл жинасаңыз, балаға қамқорлық жасау Сіз үшін бірініші маңызды жұмыс, сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.
Диагностикалық кезеңнен кейін тренинг басталады. Оның негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесуі болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Бағдарлануда Т.Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И.Лебедеваның, Г.И.Исуртнканың т.б. психологтар ұсынған жаттығуларды кеңінен қолдануға болады.
Тренингті танысу жаттығуларынан бастаған дұрыс. Оның варианттары топтағылардың ерекшеліктеріне байланыста анықтап алу керек. Бұл жерде оның бірнеше вариантын ұсынамыз.
Танысу.
- Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен топтастырады. Жұмыстың тәртібі және шарттары ойластырылады, топтық жұмыстың ережелері ендіріледі. Психолог коррекция барысы қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады. Сонымен қатар, қатысушыға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді: бала тұлғасын қолдау және онымен қызметтестік қатынаста болуға ұмтылу.
- Танысу барысы: қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді. Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы, әр қатысушы оған өз есімін, немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.
- Психогимнастикалық жаттығу: барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді, сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады, мысалы, шашының түсіне қарай немесе бойына қарай. Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап, оларға бір жылы сөз айтуы керек.
- Психолог қатысушыларға өз-өзін және түсіне білу өте маңызды екенін айтып, ата-аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Ата-аналарды тренинг барысында күнделік жүргізу керек екендігіне назар аударады, психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн. Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет. Үй тапсырмасын келесі күнге коррекция барысындағы талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.
«Мен кіммін?». Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады. Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі. Жетекші: «1санынан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп, өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз, ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы еститіндей етіп, оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.
- «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі-түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғызбын деп сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылуы қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді. Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады. «Біздің отбасы» тақырыбына жаттығу барысында топтық қатынас барысында шек тастап құрылған отбасы мүшелері бірігіп отырып коллаж жасайды.
Отбасын құру үшін кім отағасы болатыны туралы жазылған қағаздарды ширатып бір ыдысқа, ол отбасындағы аналық рөлін атқаратындарға арналған шектер екінші ыдысқа, балаларының рөлін бөлу жребийлері үшінші ыдысқа салынады. Қатысушылар өз рөлдеріне сай ыдыстан алған қағаздарына «Ормановтар», «Жыл құстары» т.с.с. отбасының белгілері бойынша бір-бірін тауып алып, осы кездесудің аяғына дейін олар бір отбасының мүшелері ретінде өз қызметтерін атқарады.
- «Отбасы мүсіні» жаттығуы. Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек. Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз рөлін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады. Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.
- «Отбасы оқиғалары» жаттығуы. Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады — бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді. Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп, онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
- «Идеалды отбасы» жаттығуы. Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады. Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
- «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы. Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да, идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды. Қалған қатысушылар — көрермендер. Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады. Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады, ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады. Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы, қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.
- «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы. Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады. Қатысушылар жұптарға бөлініп, бір-біріне арқасын қаратып орналасады. Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет. Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме, жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе, оны әр жұп өзі шешеді. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек. Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.
- «Нәресте» жаттығуы. Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш қатысушыны орындайды. Оның екеуі — әкесі мен анасы, ал үшіншісі-нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды, тек төсекте жатыр. Ол тек ымшара және дыбыс арқылы ғана жауап бере алады. Ата-аналар нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады. Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайда ойластыруы мүмкін, мысалы,телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады. Жаттығу аяқталған соң, әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.
- «Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы. Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды. Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін. Сөзді қолдануға да, қолданбауға да болады. Ең бірінші ым-ишара, қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді, яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі. Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады. Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды. Көрермендер орын ауысып, басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.