Home » Мақалалар » Жаңа  бағдарлама  әдістерін ұлттық дәстүрмен ұштастыру

Жаңа  бағдарлама  әдістерін ұлттық дәстүрмен ұштастыру

Ташенов  Абуталип  Нурышович
 Түркістан  облысы 
Сауран ауданы
Абай  атындағы  жалпы  орта  мектептің
бастауыш  сынып  мұғалімі

Мақсаты  Жаңа  бағдарлама әдіс-тәсілдерін  дұрыс  қолдану,  жаңа  әдістерді  ұлттық салт-дәстүрмен  ұштастырып,  дәріптеу.

Сәлем  бердік  баршаға 

Семинарға  келген  әріптестерге

Көңілді  болсын  деген  ниетпен

Ұйымдастырып  едім, ізгі  тілекпен

Өз шығармашылық  жұмысымды  сіздермен  бірге бөлісуге ,өзімнің  ішкі  сырымды  ақтару.

Осы  жаңа  бағдарламаны    2016-2017  оқу  жылында  алғашқылардың  бірі  болып  бастаған  едім.  Сонда  4 дағды  туралы  естігенімізді  4 дағды  өмірден алынған  дегені  есімде.

Бірінші, «тыңдалым»  дегеніміз   сәби  бесікте  жатып  анасының  әлдиін  Бесік жырын  тыңдап  өскені,  «айтылым» онан  соң  былдыр- былдыр етіп  бірнәрсені  түсіндіріп  айтқаны  болса, «оқылым» сонан  соң  сауат ашып  оқығаны мектепке барғаны, «жазылым» онан соң  сауатты  болып  жазуға  ден  қояды  дегені  есімде.

Мен, осы  жаңа  бағдарламаны  өзімнің қазақтың  салт-дәстүрімен  ұштастырып қазақтың  салт-дәстүрін дәріптеу. Және  іштей  соған байланыстырамын,  яғни жаңа  бағдарламаны  қазақи  салт-дәстүрмен  ұштастырамын.

Оған  қазір  Сіздермен   бірге  біраз  нәрсенің  басын ашамыз,  ол үшін Сіздер  маған  көмектесіп  сұрақтарға  жауап  беріп  көмектесіп  отырыңыздар.

Міне, сабақ  басталды  кәмпиттер көрсету,  бұл кәмпиттермен  қандай  әдіс  қолдануым  мүмкін.

Топқа  бөлу.  Міне,   бұл  былайша айтқанда   тойдың  басы  шашумен  басталмай ма?.  Міне  дұрыс  тапқан  әріптесімізге  шашу шашайық, (топқа  бөлудің  сан түрлі  әдіс-тәсілі  бар екенін Сіздер  жақсы  білерсіздер)

Шашуды  теріп  алған  өз  орталарына  жайғасады, яғни топқа  бөлініп отырады.

Шашу.  Сіздің  үйде  де,  мектепте де шашу  шашарлықтай жақсылық  бола  берсін. Шашуымызды   ырымдап теріп алған  әріптестерге  жұғысты  болсын. Және  де  шашу алған  әріптесімізден  қысқа — нұсқа  бір  тілек  тыңдайық. Тойдың  басын   шашумен  бастап  жүректен  шыққан  ізгі  ниет  тілектермен бастайық.

Тойда  тілек  айтпай ма. Тілек айту бұл  дегеніміз  Шаттық  шеңбері  емес  пе.

  Міне  тілек  тыңдаңыздар. Өзімнің  «Ұстаз» деген  өлеңімді   оқып  берейін. Менде осы  жаңа  бағдарламаның  әсері  болар, өлең  шығару,  әріптерге  өлең  шығаратын  болып  жүрмін. Сөздік  қорын  дамыту мақсатында. Жаңа  бағдарламаның  әсері  деуге  болады.  Мына  өлеңді  тыңдап  әр  сөздің басталғанына  дыбыстарына  мән  бере  отырайық.

Ұстазым

Ұланғайыр  ұлылардың   ұлылығы,  ұстазым,

Салауатты, салиқалы,  саналы  да  ұстазым.

Талабымен  талантының  табыскері,  ұстазым,

Ақылымен  армандарға  апаратын, ұстазым.

Заманының  зерегіде,  зерделісі,  ұстазым,

Ынтасымен  ынталанған  ынтымақшыл,  ұстазым,

Мәдениетімен мияулы,  мейірімді,  ұстазым.

Енді     маған  үш  апай  шықса  қоржыннан  кубикті  ала  қоямыз.  Кубикте  сызықша ,  сұрақ  белгісі,  нүкте  суреттері  бар.

Мынау  қандай  әдіске келеді  деп  ойлайсың?    Сұрақ- жауап немесе  диолог деп айтсақ  да болады. Міне  рақмет, мынау  дегеніміз    танысу  бір-бірімен  сұқбаттасу дос-жаран, құда-жекжат  арттыру  емес пе. Бір  көрген  біліс,  екі  көрген  таныс дейді.  Таныса  отырайық.

Сізде  өзіңізді  таныстырып  ізгі  ниетіңізді,  аппақ  қардай  жаудырсаңыз   деген  ниет  бар.  Тілегін  тыңдау.

Мұғалім өлеңін  тыңдаңыздар

Мұғалім.

Мемлекеттегі мәдениетті  мұғалім

Ұланғайыр  ұлағатты  мұғалім

Ғасырлардан  ғанибетті  мүғалім

Алаштағы  ақылды  да  мұғалім

Лағылдаған  лирикалық  мұғалім

Ібілістен  ілімді де  мұғалім

Миражда  да  мияулы  мұғалім

Еді  мына  суретттерге  қарап  қандай  әдіс  естеріңізге  түседі.

Үшінші    Екі  жұлдыз, бір  тілек

Мына сөздерден  тілек  құраймыз.  Абай, семинар, білім, ризашылық,  әріптестер,  мектеп, сабақ, өз,  тартымды, болып , қонақтар  білдірді.

Абай  мектебіндегі  семинарда   білімді  әріптестердің  сабағы  тартымды болып,  қонақтар   өз ризашылығын  білдірді

Енді  сіздермен  бірге  «Ойлан  тап»  деген  әдіспен  мына  көрсетілген  әдіс  қазақтың  қайсы  салт дәстүрімен  ұқсас  деп ойлайсыздар.

Ия дұрыс барлығы дұрыс,  сіздің  жауабыңыз біз  үшін  құнды. Мынау    құдалыққа  кит  көрсету,  қыз  кетсе  киім көрсету.  Ұқсай ма,  білім сандығы   қазақтың дәстүрі яғни сіздің үйіңізден сіздің  шаңырақта  да   осындай  қызықшылықтың  жақсылықтың  дәстүрі  үйіңіздің  төрінен  табылсын.   Енді    соңғы  әдіске  көңіл  бөлейік  сабақта  Кері байланыс «Алма  ағашы» әдісі.  Бұл  деген   қазақтың  өмірдегі    тойға  келген  қонақтың,    той  біткен  соң    айтар әңгімелері ғой. Той   өте  жақсы  өтті, бірқалыпты, ұнамады   деп  өз  ойын  айтушылар.

Той -тойға  ұлассын,  семинар жалғасын  тапсын    дейміз.

Семинар

С  — Сабақты

Е  — ептілікпен

М — мәдени

И  — инабаттылықпен

Н — нәзік нағыз

А — апайлар  мен  ағайлардың

Р — рефлексиясымен  өткізіп  алдық.

Көңіл  қойып  тыңдағандарызға  рахмет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.