Избасарова Фарида Жонысовна
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ақтөбе қаласындағы филиалының аға менеджері
Еліміздің педагогтері мектеп оқушыларын оқыту мен дамыту сапасын арттыруға бағытталған критериалды бағалау моделін тәжірибеде қолдануда. Мақалада сабақтағы қалыптастырушы бағалау кезеңдері мен мұғалім ұстанатын қағидалар баяндалады.
Ұстаз қоғам сұранысына сай өз саласының білгірі болуы үшін, бүгінгі күн проблемасын тани білуі, тиімді оқыту әдістемесін меңгеруі қажет. Болашақ мектептің білім мазмұнын жаңартуда, жалпы даму процесінен озып отыру бағытындағы үнемі ізденістерді, зерттеулерде болу, пәндік бағдарламалар негізінде қарастырылуы керек.
Критериалды бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді. Қалыптастырушы бағалауға арналған критерийлер сабақ тақырыбына сәйкес оқу мақсаттарында көрсетілген деңгейді қамтиды. Күнделікті бағалау аясында әр оқу мақсаты бойынша мұқият жұмыс жүргізіліп, оқушының орындаған тапсырма деңгейіне сай кері байланыс ұсынылады.
Сабақтaғы қалыптастырушы бағалау тәсілдері әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әр сабақтағы оқыту мақсаты оқушы үшін таныс болуы шарт, міне, білім мазмұнын жаңартудың негізгі ерекшелігінің мәні осында.
Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім базалық дағдыларды игертуден бастайды, ол жаңарту үрдісінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Қалыптастырушы бағaлауды оңтайлы жүргізу үшін білім алушылардың оңтайлы білім алуына қажетті қолайлы атмосфера туғызу да өте маңызды болып табылады.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында ұстаздар алдында тұрған басты міндет – оқушының тұлға ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ол үшін әр күн сайын, әр сабақта оқу мақсатына жетуде қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолданып, оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың, әр баланың мүмкіндіктері мен қабілетіне сай саралап оқыту мен бағалаудың маңыздылығы артуда.
Білім мазмұнын жаңарту үшін теориялық сипaттағы жаттанды материалды беруге бағытталған оқу мен оқытудан, қажетті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге aуыcтыру – сабақтағы қалыптастырушы бағалаудың мaңызды аспектісі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім оқушылардың санын және кері байланысты неше рет беру керектігін өзі анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төрт кезеңнен тұрады:
1) Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
2) Қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау және қолдану;
3) Кері байланыс беру;
4) Қалыптастырушы бағалауға талдау жасау.
Мұғалім қалыптастырушы бағалауды жоспарлағанда оқу бағдарламасына, оқу жоспарына қарап оқу мақсатын анықтайды. Оқу мақсатына сай критерий құрылады. Тапсырманы орындау алгоритмі дескриптор ретінде рәсімделеді. Тапсырма нәтижесіне сәйкес жүйелі кері байланыс беріліп, нәтиже талданады.
Қалыптастырушы бағалау үш позицияны қамтиды: ол мұғалімнің бағалауы, оқушының өзін-өзі бағалауы және оқушылардың бір-бірін бағалауы. Мұғалім қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының қаншалықты бейімделгенін, тақырыпты түсінгенін, білік пен дағдыны қолданатынын, оқу мақсатына жеткендігін бақылай алады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы оқушының өзін-өзі реттеуіне және ынталануына жағдай туғызылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін белсенді түрде бағалауға қатыстырылуы шарт. Оқушы объективті болу үшін мұғалім сұрақтар арқылы көмектеседі.
Өзара бағалауда оқушылар бір-біріне көмектеседі, жетілдіреді, ынталандырады. Өзара бағалау ол коммуникация, жауапкершілік деңгейін арттырады. Өзара бағалауда мұғалім жетекші, нұсқаушы, қадағалаушы рөлін атқарады.
Сабақтағы кері байланыстың мақсаты – жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру. Кері байланыс сабақтың әр кезінде үздіксіз қолданылатын әрекет. Нәтижесі – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге, жұмысты одан әрі жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланысты мұғалім оқушыға, оқушы өзіне және сыныптасына бере алады. Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру, кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Кері байланыс принциптері — дер кезінде беру, оң нәтижеге бағытталған пікір білдіру. Қалыптастырушы бағалауда нәтижесін талдауда білім алушылар қиыншылықтар туралы ақпарат алып оның шешу жолдарын қарастырады.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін басып шығаруды және әрі қарай сақтауды талап етпейді.
Ұстaз оқушыға олардың деңгейіне сай тапсырмалар беріп, қолдау көpсетуге соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді сенімділік, қамқорлық, өзара қолдау, шынайылық, адалдық тaнытуға дайын болады. Қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдану мұғалім мен оқушы арасындағы сыртқы кері байланыстың ішкі кері байланысқа өтуіне септігін тигізеді. Мұғалім қалыптастырушы бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтауға жағдай туғызылады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді.
Олай болсa, жaңартылған мaзмұн жaғдайында мектеп мұғалімдерінің жұмысы тұлғаны дамыту қағидаларына негізделуі шарт.
Анықтамалық әдебиеттер:
- 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана. 2016 жыл. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық шеберлік орталығы», Астана қаласы. info@cpm.kz
- Лернер, И.Я. Качество знаний учащихся. Какими они должны быть? Текст. / И.Я. Лернер. М.: Знание, 1978. — 311 с.
- Петерсон, Л.Г. Оценка в условиях перехода к безотметочному обучению Текст. / Л.Г. Петерсон, В.А. Петерсон // Школьные технологии. — 2007.- №3. С. 178-184.