Калдаманова Айдана Исенбаевна
Жаңаөзен қаласы
«Каспий» жоғары педагогика және
салалық технологиялар колледжі
Экономика пәні оқытушысы
Кәсіпкерлік — ел экономикасының қозғаушы күші
Жаңаөзен қаласы 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының іргетасы қаланып, алғаш Новый Узень деген атпен танылды. 1968 жылы 21 қазанда Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды. Бүгінде дәулетті қаланың 170 мыңнан астам тұрғыны бар. 56 жылдан бері қаланың экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар жетерлік. Бірлескен азаматтардың күш-жігерінің арқасында қаланың дамуы қарқынды жүргізілуде.
Жаңа идеялар мен тың шешімдердің қайнар көзі болған — Кәсіпкерлер палатасы да бизнес бастауға құлшынысы бар тұрғындарға үлкен мүмкіндік беруде. Қара алтынның ордасы болған қаламызда кәсіби деңгейі өте жоғары жүздеген кәсіпкер бар. Бірі мал шаруашылығын айналдырып отырса, енді бірі қаланың әлеуетін арттыратын, қоғамдық орындар мен ойын алаңшалары, ойын-сауық орталықтары мен дәмханалардың жұмысын жүргізіп отыр. Осының барлығы әлеуметтік-экономиканың дамуына, әлеуетті арттыруға арналған күрделі де пайдалы істер деп білемін.
Жаңаөзен алдағы 10 жылдықта кәсіпкерлер қаласына айналуы мүмкін. Себебі қазіргі таңда кәсіптің негізгі көзін біліп, оның тиімділігін қолдайтын жастардың саны артып келеді. Үкімет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күші деген болатын, сондықстан кәсіп бастаушыларға өте көп мүмкіндікті беріп қойды. Қайтарымсыз грант, бизнесті ашу мен дамытуға арналған түрлі пайызбен кредиттер берілуде. Қаладағы шағын кәсіпкерлік субьектілері бұрын өте аз болса, бүгінде бір қадам бассаң түрлі шағын субьектілерге көз жеткіземіз. Мінекей, кәсіпкерлерді қолдау мақсаттары өз жемісін беруде.
Атап айтар болсақ, мемлекет тарапынан берілетін көмекті тиімді пайдаланып келе жатқан кәсіпкердің бірі — Жалғас Агисов. Ол 1983 жылы 4 желтоқсанда Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Теңге ауылының № 14 орта мектепті бітіріп, Алматы қаласы, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің банк ісі мамандығын тәмамдап, 2005 жылдан бастап Банк саласында әр түрлі қызметтерде 2017 жылға дейін жұмыс жасаған. 2017 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып «КЕРЕМЕТ» шаруа қожалығын ашып, мал басын көбейтумен қоса жем сату кәсібінде жүргізеді. Қуаңшылық жылы өлке шаруаларын қол жетімді бағада жем-шөппен қамтамасыз етіп, түрлі қайырымдылық шараларға ат салысуда. 8 жылға жуық уақыт бойы мал шаруашылығымен айналысып, 30-ға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып келе жатыр. Үкіметтің қолдауының нәтижесінде шағын кәсіппен 2016 жылдан бастап айналысуда. Кәсіп түбі нәсіп дегендей, бұл салада берекелі еңбек ету көптің қолынан келе бермейді. Онымен қоса, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтып, ел игілігі үшін сүбелі еңбек ету үлкен төзімділікті талап етеді. Жалғас, шаруа қожалығын ашып, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 млн көмекті иеленіп, ісін дөңгелеткен. Төмендетілген пайызбен несие алып, төрт түлікті баптаумен айналысуда. Қолжетімді бағытта нарыққа шығарып, бүгінде жем-шөптерді сатумен де шұғылданып жүр. Бірнеше кәсіптің иесі, абыройлы еңбегінің нәтижесін жұмыссыз жастарды қолдауда деп біледі. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығында тізімде тұрған 30-дан астам жасқа көмегін тигізуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау ел дамуы үшін маңызды міндет екенін айтқан болатын, сондықтан кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалпыхалыққа кеңінен таралып, жыл сайын өз нәтижесін беруде.