Тулегбердиева Жұлдыз Нұрлыбекқызы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы
«Каспий» педагогика және салалық
технологиялар колледжінің «Бастауыш білім беру»
мамандығының 4 курс студенті
Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қорғаушы күш. Тұңғыш Президентіміздің Н.Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Елбасымыздың айтуы бойынша, бұл ұлттық құндылықтарымызда ұмытпай жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Елбасының бұл мақаласында қазірде Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан.
Ұлттық жаңғыру – ол ұлттық сананың дамуы. Бұл жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған ұлттық дүниелерімізді, тілімізді, дінімізді, дүниелерімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді жоғалтпау біздің басты мақсатымыз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүріп, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Осы орайда біз рухани жаңғыру аясында, тарихимызды ұмытпау және оны дәріптеу, әрбір баланың санасына сіңдіру бұл қоғамның алдында тұрған басты міндет. Маңызды міндетті әрине педагогтар іске асыруда, себебі әрбір пәнді оқытуда, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда рухани жаңғыру негізгі мақсат болып қалмақ. Колледждің әрбір түлегі, ертеңгі күннің белсенді ұстазы. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», — демекші бізге тәлім-тәрбие беріп отырған колледж ұстаздары да, бар жиған білімдерімен бізді сусындандырып отыр десем артық айтпаған болармын.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің 4 БББ-16б/б және 4 ДТС-16бб топ студенттерімен, арнайы пән оқытушысы Джумагамбетова Зоя Султанбаевнаның бастауымен «Этно ауыл» көрмесін жасақтадық. Бұл көрме біз үшін өте ыстық және танымдылық тұрғысынан есімізде сақталып қалады деп ойлаймыз. Өйткені киіз үйдің әрбір бұйымын «Технология және оқыту әдістемесі» пәнінде алған білім,білік, дағдыларды пайдалана отырып жасадық. Айта кетсем «зерен ыдыстарды» папье-маше технологиясымен, үйді безендіру,сәндеуге келсек аппликация әдісін кеңінен қолданып құрақ құрап безендіріп қойдық. Өз қолымыздан шыққан әрбір бұйым этно ауыл көрмесінен орын алып, болашақ ұстаздарға тарихтан сыр шертіп, ұлттық тәрбие беріп тұрғанына бір қуанып қалдық.
«Ұлт болашағы – жастардың қолында» деген сөзге және бір рет сеніп болашаққа нық қадам басқалы отырмыз. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы-ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп-мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты деп ойлаймын. Өз сөзімді осы Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.