Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше. Ал ата-анамен бала арасындағы шынайы қарым-қатынасқа ықпал етуде балабақшаның рөлі басым. Алғашқы бал тілі балабақша қабырғасынан басталып, тәтті қылығымен де осы жылы ұяда еліктіреді…
Ата-ана күнделікті балабақшаға келіп, іс-әрекеттерге қатысып, мерекелік ертеңгіліктерді тамашалап, атсалыса білсе баласының ортада өзін қалай ұстайтынын, тіл табысуы мен деңгейін тексере алады.
Ата-аналар сұрақтарына жауап беріп, кәсіптік көмек беру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №85 «Мейіржан» балабақшасында 2022 жылдың 24 қарашасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек беріп әрі балабақша жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік беруді көздей отырып, балабақшаның, топтың 1 күндік тынысымен танысуды мақсат еткен басқосу болды .
Ашық есік күні ата-аналар оқу-тәрбие процесін, күн тәртібіндегі барлық оқыту-тәрбиелеу процестеріне қатысып, қадағалады.
Өздерінің бос уақыттарына сәйкес келуіне мүмкіндік жасалып, балаларының дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алды.
Ата- аналар арасында шебер сыныптар өткізілді. «Бестемше» ұлттық ойынымен танысып, ата – аналар арасында жарыс ұйымдастырылды. «Құм терапиясы» бөлмесімен танысып, ертегілер желісі бойынша сюжетті суреттер салды. «Интеллектум» ойындарын ата — аналар ойнап қызығып, балалық шақтарын еске алды. Бассейн, қара сенсорлық бөлме, хореография, дене шынықтыру, ән-күй залын аралады. Асхана тазалығына тәнті болды. Соңында кері байланыс жасап өз талап-тілектерін айтып тарқасты.
Абенова Гульмира Сартаевна
Астана қаласы
№85 «Мейіржан» балабақшасы МКҚК
Инновация әдіскері жоғары санатты педагог
Осындай ашық есік күні жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді, Жақсы бастама екен.
Ата-аналар мен устаздар жэне балалар арасындагы байланысты калыптастыруда ашык есик кун жаксы кундылыктын бастамасы болып калыптаса берсин сэттилик
Өте керемет әсер алдық. Балабақша ұжымына алғысымыз шексіз
85 -Мейржан балабақшасы керемет.
Басшысы Альбина Көмекқызы өте білікті маман!!!!
Өте жақсы идея педагогтар мен ата ана арасындағы қарым қатынасты нығайту, жақсы ұйымдастырылған