Абенова Гульмира Сартаевна
Астана қаласы
№85 «Мейіржан» балабақшасы» МКҚК
Инновация әдіскері жоғары санатты педагог
Ашық есік күнінің мақсаты:
ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек беріп әрі балабақша жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік беру. Балабақшаның, топтың 1 күндік тынысымен танысу.
Ашық есік күні ата-аналар оқу-тәрбие процесін, күн тәртібіндегі барлық оқыту-тәрбиелеу процестеріне қатысып, қадағалады.
Ата-аналар ашық есік күні өздерінің бос уақыттарына сәйкес келуіне мүмкіндік алды, балаларының дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алды.
Ата- аналар арасында шебер сыныптар өткізілді. «Бестемше» ұлттық ойынымен танысып, ата – аналар арасында жарыс өткізілді. «Құм терапиясы» бөлмесімен танысып, ертегілер желісі бойынша сюжетті суреттер салды. «Интеллектум» ойындарын ата — аналар ойнап қызығып, балалық шақтарын еске алды. Бассейн ,қара сенсорлық бөлме, хореография, дене шынықтыру, ән-күй залын аралады. Асхана тазалығына тәнті болды. Соңында кері байланыс жасап өз талап-тілектерін айтып тарқасты