Туменгариева Орынгул Алибаевна
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының
«Боранқұл» санаторлық бөбекжайы» КММ тәрбиешісі
«Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр»
М.Қашқари
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бұл білім берудің жаңа мазмұны болып табылады. Қазіргі таңда білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Республикамыз дамыған елдер қатарына ену үшін білім беру үдерісін қолға алып, заман талабына сай өзгеріс енгізуде. Сонымен қатар өз білімімді жетілдіру мақсатында Ақтау қаласында Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсында жаңартылған білім беру мазмұнының» ерекшеліктерімен таныстым. Курсқа келген күннен бастап, біраз сауалдарға жауап тапқандаймыз. Бастысы біз «Неге?» және «Қалай?» өзгеру қажеттілігін танып білдік. Білім беру мазмұнындағы өзгешіліктер мен ерекшеліктерді ұқтық. Біз курс барысында тренинг сабақтарын тыңдай отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндетін, оның құрылымын, іс-тәжірибедегі педагогикалық тәсілдерді бағалау мен бағымдаудың қыр сырларымен таныстық.
Білім беру мазмұнындағы Бағдарламаның түйінді идеялары: «4К» моделі, «Бала үні», «Ойын», «SMART» мақсат, «Бақылау», «Кері байланыс», «Танымдық оқиға», «Саралау» мен үшін құнды жаңалық болды. Бұл жаңа бағдарлама балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып дамытумен бірге педагогтердің кәсіби жетілуіне зор үлес қосатыны анық. Себебі бағдарламамен танысу барысында балалармен қатар әріптестеріммен бірге ұжымдасып жұмыс жасап, ұтымды кері байланыс беруді үйрендім. Осы кезге дейін өзімнің тәжірибем барысында оқу мен тәрбиелеуде жүргізілетін жұмыстарымның мақсаты балаға емес, педагогқа көбірек бағытталған болатын. Сондықтан баланың меңгеруге тиіс дағдыларын, алдыңғы алған білімдерін «Шиыршық қағидаты» бойынша дамуын ескере отырып, жас ерекшеліктерін, жеке қажеттіліктерін, өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын яғни «Бала үнін» ескере отырып, оқу тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың мақсаттарын бала әрекетіне бағыттап нақты, қол жетімді, өлшенімді, уақытпен шектеулі етіп «SMART» мақсатқа айналдыруды жоспарлаймын.
Білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін баланы дамытуға арналған әр жұмысымда «Бақылау» әдісін пайдалана отырып, саралау арқылы оқытатын боламын. Осы қажеттіліктерін назарға ала отырып, дарынды және талантты балаларды анықтап, олармен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағыттауды білдік. Бақылау әдісі мен үшін баланың көңіл күйін, қызығушылығын, шығармашылығын, қимыл белсенділігін, дербестігін, қажеттіліктерін бақылауда жалпы немесе жеке, ұзақ және қысқа, жанама немесе тікелей мерзімде бақылауда таптырмас тәсіл болды.
Сонымен қатар күн тәртібінде балаларға бақылау жүргізе отырып, баланы бақылай отырып, балалардың қызығушылығын жетілдіру және өзімнің бақылау дағдыларымды қалыптастыру үшін «Танымдық оқиға» жазуды жоспарладым..Баланы бақылай отырып «Танымдық оқиға» жазу кезінде баланың қажет ететін жан жақты қырларын бақылай отырып, одан әрі қарай дамуына тиімді тәсіл деп ойлаймын.
Сонымен бірге жаңа бағдарламадағы түйінді идеялардың бірі маған ерекше әсер қалдырғаны барлық ойын түрлерін жіктеп, «құрылымдалған ойын», «педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын», «еркін ойын» деп жүйелегені жаңалық болды. Осы ойындар арқылы баланың қызығушылығын, бір-біріне деген достық қарым қатынасын арттырып, сөздік қорларын көбейтіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, сыни ойлау дағдыларын жетілдіретініне көзім жетті. Осы ойын түрлерін өзімнің тәжірибемде өте тиімді әрі қолайлы болды.
В. Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» деп пікір білдірген. Сондықтан ойын түрлерін мектепке дейінгі ұйымдарда жиі ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балалар еркін, өз ойларын ашық жеткізіп, тәжірибе жасау арқылы үйреніп, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай дамуына оң әсерін тигізіп отырғанын байқаймын.
Сондықтан осы жаңартылған білім беру бағдарламасын құрастырушы және басшылық етіп отырған азамат пен азаматшаларға үлкен рахметімді айтамын. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру жолында жасап отырған игі істеріңізге алғыс айта отырып, сәттілік тілеймін. Сөзімді қорытындылай келе, ғұлама М.Қашқаридің «Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр, үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр» сөздерін басшылыққа ала отырып, балалаларымыз сыни ойлай алатын, саналы да ақылды, тәрбиелі, заман талабына сай азамат пен азаматша болып өседі деген сенімім мол.