Нығатай Тоқжан Кенжебайқызы
Қарағанды облысы
Приозерск қаласы
«№ 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр. Жай сауаттылық – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сыныпта оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады .
— оқу, жазу сауаттылығынан;
— жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
— математикалық сауаттылығынан;
— компьютерлік сауаттылықтан;
— денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
— құқықтық сауаттылығынан.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» — деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың 7 модулін қолдану, сабақ жоспарлауда Блумның ойлау дағдыларын – білу, түсіну, қолану, талдау, жинақтау, бағалау және сөйлеу әркеттерінің түрлері – оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымды қолданып, бағалау критерийлерін айқындаудың маңызы зор.
Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі оқушының іс-әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді және олардың функционалды сауатты болып дамитындығы сөзсіз. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
— терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
— өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
— ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
— өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
— пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
— шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
— бірлескен жұмыс;
— танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы аталған шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Мысалы: өз сабақтарымда оқушыларды сабақтың тақырыптарына байланысты топтарға бөліп, ойындар арқылы топтарының аттарын тапқызып, оқушыларды қызықтыру үшін ұлттық ойындарды, ребустар, сөзжұмбақтарды пайдаланамын.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып бойынша өлеңдер, «Сөз ойла, көп ойла», «Өлең шығарайық», «Бес жолды өлең» құрастыру жұмыстарын жүргіземін. Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «Аквариумдағы алтын балық», «Балық сүйегі» әдістерін қолданамын.
Мысалы: «Әдебиеттік оқу» сабақтарында Баяндаушы – әңгіменің мазмұнын айтады. Зерттеуші – әңгімедегі негізгіні анықтайды. Сілтемеші – сөздіктермен жұмыс жүргізеді. Сұрақ құрастырушы – сұрақтар дайындайды. Дәнекер – өмірмен байланыстырады. Бейнелеуші – әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді. Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырамын. Әдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында берілген тақырып бойынша эссе, ой толғау жазғызып отырдым. Балалар қандай қажетті мәлімет алғанын, оның өз өмірімен қандай байланысы бар екендігін талқылауға үйренді. Тақырып бойынша алған мәліметін қай кезде және қандай жағдайда пайдалануға болатындығын ортаға салып ой бөлісуге дағдыланып келеді. Болашақта әділ, еңбексүйгіш, отансүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тырысады. Олар жас та болса, оқыған шығармалары арқылы өмірдің кейбір асу белестерінің қиындығымен таныса алады, пікір таласуға да жаттығады. Пікір таласа алу, өз пікірін орынды айтып, дәлелдей білу – адамның басты құндылықтарының бірі болғандықтан, шәкірттерімді осы құндылықтарды берік ұстауға үйретіп келемін.
Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды», — деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.