Иденова Гульмира Шакратовна
Сәтбаев қаласындағы
Бауыржан Момышұлы атындағы
мектеп-гимназиясының
дене шынықтырумұғалімі
(бастауыш сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара)
Мақсаты: Осы күнді мерекеге айналдыру. Балаларға әр қимылдың сабақтан алған күш, шапшаңдық, ептілік сияқты қасиеттерді адам өміріне өте қажеттілігін түсіндіре отырып, ойын арқылы спортты өмірге белсендіру. Спортқа деген сүйіспеншілігін, Отанына деген патриоттық көзқарасын кеңейту.
Керекті құрал-жабдықтар: музыкалық аспап, гимнастикалық төсеніш, 1 баскетболдық доп, кейіпкерлердің маскалары, спортзалды әшекейлендіретін құралдар (шар, лента, гүл т.б.)
Мейрамның барысы:
Оқушыларға әр кейіпкерлердің маскаларын кигізіп, спортзал әшекейленген, музыка ойнап тұр, кенеттен музыка тоқтап, телефон соғады да спорт Президентінің дауысы шығады:
- Пісірілген жаужұмыр тағы да ескі қалпына салып, балалардың күш қуатын алып, езілген жаужұмырға айналдырып жатыр.
Жүргізуші: Енді біреу осы ылжырап піскен жаужұмырға мүсін беру керек қой, ал мен білемін кімді көмекке шақыру керектігін. Жаужұмырды тазалау үшін біздің бұлшық еттерімізді дамытуымыз қажет.
(телефон шалып балаларды шақырады, музыка ойналады, 3-сынып оқушылары келеді)
Президент: (қатқыл дауыспен)
- Ол жалқау, алып, майлы, тәртіпсіз және де барлық балалардың өзіне ұқсағанын қалайды, тұрпатсыз, синтетикалық тауарларды ұнатады.
Жүргізуші: Ылжырап майға піскен жаужұмырдың мәліметін табу керек
(компьютерден іздеп тауып алады)
Дауыс: Электрондық пошта өте құпиялы, Президенттің жолдауы: «өте үлкен, майлы тамақпен қаруланған, гипноздық қасиеті бар, өте қауіпті!»
Жаужұмыр: дене шынықтыру, жаттығу дегенді ұнатпаймын, ешқашанда жасамаймын, орнымнан да қозғалмаймын.
Жүргізуші: Асықпа пісірілген жаужұмыр, спортпен шұғылданған жеңеді. Жеңіс пен денсаулықтың 8 кілтін мен білемін. Балалар осы 8 кілтпен денені қалай шынықтыруға болатынын көрсетейік.
Жолға 8 кілтпен шығамыз,
Жаужұмырды жеңуге
Спортпен шұғылданамыз,
Жолға біз шығамыз
Күш жылдамдық жинауға
Жаужұмырды жеңуге
8 кілтті табамыз
Барлық кілтті қосып біз
Нағыз спортшы боламыз!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Балалар: Аттанамыз Сарыарқа жеріне,
Жаужұмырдың бізден тыққан кілтіне
«Жылдамдықтың» кілтін біз табамыз
Арқадағы арғымақтай шабамыз!
(музыка ойнайды, аяқтары байланған 2 бала жүре алмай отырады).
1 оқушы: Сәлем, біз «Жылдамдық» кілтін іздеп келеміз.
(Осы сәтте балалардың үстеріне көп-көп жаужұмырлар түсе бастайды)
Жүргізуші: Балалар тезірек «Жылдамдық» кілтін табайық!
- Б.қ. – негізгі тұрыс.
- Орнымызда тұрып жүгіреміз (30-40сек)
- Б.қ. – негізгі тұрыс, қол мықында.
1-2-3-4. Қос аяқпен оңға секіру,
5-6-7-8. Қос аяқпен солға секіру. (3 рет)
III. Б.қ. – негізгі тұрыс, екі қол жанында сәл бүгілген.
1-2-3.Оң жаққа оң қырымен адымдай жүгіру,
- Еңкейіп қолды жерге тигізу.
5-6-7. Дәл осылай, сол жаққа (6 рет)
(фанфар ойнайды «Жылдамдық» кілті пайда болады)
Балалар: Алақай! Алақай!
1-кейіпкер: Сен бізді жаужұмыр тұтқынынан құтқардың!
Жүргізуші: Жоқ жалғыз мен емес, біз бірге жасадық!
Балалар: Біз Атырауға барамыз, «Ептілік» кілтін табамыз!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Жұлдызша: Менде бес аяқ бәрі де сол жаққа қарайды, ән-би мені қызықтырмайды.
Жүргізуші: Сен нағыз жұлдызшасың, саған тек жаттығуды үйрене білу керек.
- Б.қ – екі қол екі жаққа созылған.
- Аяқты алшақ қойып, қолды жоғары көтеру,
- Аяқты секіріп қосу, қолды төмен түсіреміз. (5- 6 рет)
- Б.қ. – аяқ, қолмен еденге тіреліп тұру.
1-2-3-4. «Шаянша» оңға төртаяқтап жылжу,
1-2-3-4. Дәл осылай, солға. (4рет)
(фанфар ойнайды «Ептілік» кілті пайда болады)
Балалар: Қарағанды спортты қала, «Дәлдік»кілтін сонда байқап қара!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Баскетбол алаңы, ойыншы кептірілген нан, чипси және газдалған сусынды баскетболшы бала ішіп отырады.
Жүргізуші: Жақында жарысқа барасың саған жаттығу керек, ал сен тек чипси, шоколад жеуден бас алмайсың .
Баскетболшы: Допты лақтыра алмасам да чипсиды жақсы қаға аламын.
(қағып аузына салады).
Жүргізуші: Балалар, біз көмектесуіміз қажет. Орнымызда тұрып баскетбол ойынындағыдай секіріп, лақтыру.
- Б.қ. – баскетболдағы ойыншы тұрысы.
- Орнында тұрып секіріп, торға доп лақтыруды еліктеу (имитация). (4 рет)
- Б.қ. – баскетболдағы ойыншы тұрысы.
1-2-3. Қозғалыста сол жақ қырымен адымдай жүгіріп,
- Торға доп лақтыруды еліктеу(имитация). (4 рет)
Баскетболшы:торға допты лақтырғанда дәл түсіреді:
— Сіздердің көмектеріңізбен мен нағыз жақсы қалыптамын, жарысқа дайынмын! (фанфар ойнайды «Дәлдік» кілті пайда болады).
Жүргізуші: Ойынымызды жалғастырайық, қанша кілт қоржынымызда?
Балалар: Үш кілтіміз қоржында, «Күш» кілтін табуға
Төртінші кілтті алуға, Өскеменге барамыз!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Балалалар судың жағасындағы үш көлбақаға жақындайды.
1 бақа: Өте,
2 бақа: Ыстық,
3 бақа: Секіру үшін…
Жүргізуші: И-ә, бақалар секіруді қойып тіпті шыбын-шіркейді де қаға алмай отыр, бұл жаужұмырдың ісі! Қанекей, балалар,
«Күшті» қалай табудың жолын көрсетейік!
I Б.қ. – жүресінен тізені бүгіп, екі қолмен тіреліп отыру.
1-2-3-4. Бақаларша алға секіріп жылжу.
1-2-3-4. Дәл осылай, бұрылып артқа секіріп жылжу. (3 рет)
- Б.қ. – екі қолды жерге тіреп етпетінен жату.
1-2. Қолды жаза отырып, артқа қарай шалқаю.
3-4. Б.қ. (4 рет)
III. Б.қ.- жүресінен тізені бүгіп, екі қолмен тіреліп отыру.
- Екі қолды көтеріп, аяқты жаза жоғары секіру.
- Б.қ. (5 рет)
1 бақа: Күш жинадық!
2 бақа: Секіруге!
3 бақа: Енді дайынбыз! (фанфар ойнайды «Күш» кілті пайда болады).
Балалар: Алақай, біз тағы да жеңдік!
«Төзімділік» кілті Алатауда! Алатау, асқақ тауда!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Таулы аймаққа келеді, оқушылар аюдың қонжықтарын кездестіреді.
Жүргізуші: — Көп балмұздақ, кептірілген нан, чипсы жейді екенсіңдер, сендер көпке шыдамайсыңдар, тоңып қаласыңдар. Бүгіннен бастап дұрыс тамақтанатын және мынандай жаттығулар жасайтын боласыңдар. Қанекей, шаңғы жарысын өткізейік!
- Б.қ.- негізгі тұрыс.
- 1-2-3-4. «Шаңғышы »жүрісі (с/залдың ортасына шейін барып қайта оралу 3 рет).
- Б.қ. – негізгі тұрыс.
- Дәл осылай, тек «Конькиші»жүрісі. (3 рет )
III. Б.қ.- жерге етпетімен жатып «барлаушыларша» жылжу.
- Оң қолды алға жылжытып, сол аяқты бауырына қарай бүгіп тарту.
- Сол қолды алға жылжытып, оң аяқты бауырына қарай бүгіп тарту. (8 рет)
Балалар: Алақай! Алақай!
Дауыс: «Иілгіш» атты планетаға қауіп төнді! Планета жұмысқа кірісе алмай, роботтар тоқтап қалды. Көмек керек! Көмек керек!
Жүргізуші: Балалар, біз тез арада жетуіміз керек.
Балалар: Планетаға ұшып барамыз, достарға көмек көрсетіп
тағы да бір кілт табамыз, жаужұмырды жөнге саламыз,
иіл, иіл, иілгіш! Иілгіш кілтін аламыз!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Робот: Біз жылжи алмай тұрмыз! Сіңірлерім қарысып қалды.
Оқушы: Роботтарды серпілтіп, бой жаздырайық!
Жүргізуші: Ендеше жаттығуды бастаймыз!
- Б.қ. – екі қол мықында.
- Оң жаққа қарай еңкею, оң қол мықында, сол қолды жоғары көтеріп созу.
- Б.қ.
- Сол жаққа қарай еңкею, сол қол мықында, оң қолды жоғары көтеріп созу. (4 рет)
- Б.қ. – екі қол мықында.
- Оң жаққа бұрылып, оң қолды артқа қарай жіберу.
- Б.қ.
- Солға қарай да осылай.
- Б.қ. (6 рет)
III. Б.қ. – негізгі тұрыс.
1-2. Екі қолды алдан жоғары көтере,артқа қарай шалқайып иілу.
- Иіліп алға еңкею, екі қол бос тұрады.
- Б.қ. (6 рет)
Жаужұмыр: Бұл жолы сендер жеңдіңдер, бірақ мен әлі келемін!
(фанфар ойнайды «Иілу» кілті пайда болады).
Балалар: Алақай! Алақай!
Жүргізуші:Тездетіп шапшаңдық кілтін табуымыз керек, балалар!
Балалар: Шапшаңдық кілті?
Көкшетау! «Жұмбақ тас»! Жаужұмыр бізге жете алмас!
(музыка ойнайды, «Қаражорғадан» үзінді, балалар картадан бағыттарын анықтайды, қыздар плакат, ленталарымен баратын қаланы жарнама етеді).
Оқушы: Мыналардың аяғын кім қатырып тастаған?
Жүргізуші: Әрине бұл жаужұмырдың жұмысы. Ендеше жаттығуды секіруден бастаймыз.
- Б.қ. – екі қол мықында.
1-2. Қос аяқтап оң қырымен оңға секіру.
3-4. Дәл осылай, сол қырымен солға секіру. (3 рет)
- Б.қ. — екі қол жанында.
1-2. Орнында қос аяқтап секіру.
3-4. Қос аяқтап солға бұрылып секіру.
5-6. Қос аяқтап артқа бұрылып секіру.
7-8. Қос аяқтап оңға бұрылып секіру. (2 рет)
III. Б.қ. – негізгі тұрыс.
1-2-3. Орнында тұрып секіру.
- Өзін көтере 360º айналып секіріп түсу. (3 рет)
(фанфар ойнайды «Шапшаңдық» кілті пайда болады).
Балалар: Тепе – теңдік орнаған Қазақстанда,
Көп ұлты бар қаламыз Астанада,
Тиісе алмайсың, Жаужұмыр енді бізге!
Күш – қуат, жылдамдық бәрі бізде!
Жаужұмыр басы ауырып, денесін көтере алмай біресе оңға, біресе солға шайқалақтап келеді.
Жүргізуші: Балалар! Денені шынықтырмау, дұрыс тамақтанбау, яғни чипси, кептірілген нан, тәтті газдалған сусындар, бәрі басқа әсер етеді. Адамға тепе-теңдік қалпын сақтау қиынға соғады. Жаужұмырды ортамызға алып, шымыр да шыныққан бала өзін қалай сезінетінін көрсетейік.
- Б.қ. – Аяқтың араларын ашып тұру, қолды алға созып ұстау.
1.Оң аяқты алға көтеру, екі қолды жоғары көтеру.
2.Дәл осылай, сол аяқты көтеру. (4 рет)
- Б.қ. – Екі қол мықында.
- Аяқты оңға көтеру, қолды екі жаққа жоғары созып көтеру.
- Дәл осылай, солға. (4 рет)
Ш. Б.қ. – негізгі тұрыс.
1-2-3-4. «Бокстау», қолдың жұдырығын жұмып, алға кезек-кезек серпу. (5 рет)
- Б.қ. –екі қолдың жұдырығын жұмып, кеудеге жақын ұстау.
- Оң жаққа бұрылып, сол қолды созу.
- Б.қ.
- Сол жаққа бұрылып,оң қолды созу.
- Б.қ. ( төртінші жаттығу жасалып жатқанда жаужұмыр қабығын шешіп балаларға қосылады)
Жаужұмыр:Мен енді пісірілген емес, нағыз мықты да күшті Жаужұмырмын!
(фанфар ойнайды «Тепе-теңдік» кілті пайда болады).
Жүргізуші: Өте жақсы жұмыс жасадық. Сергектік пен денсаулыққа жол таптық, енді денсаулық Президентімізге барайық.
(Жүргізуші мен балалар денсаулық Президентіне картаны ұсынады)
- Мынау сізге, ал сіздің денсаулық, сергектігіңіз қалай?
Президент: Бірінші бәріне алғыс хат пен медаль берілсін, содан соң билейміз!
Мерекенің соңында барлық кейіпкерлер сапқа қатар-қатар тұрып «Қара жорға» биін билейді.