Сейлханова Зоя Сапаевна
Атырау облысы
Мақат ауданы Доссор кенті
«Сандуғаш» бөбекжай-
балабақшасының тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Білім беру саласы: Қатынас
Смарт мақсат: Балалар еліміздің Елбасы мен Президентін, рәміздерімізді біледі. Өз Отанын, туған жерін сүйеді, қорғайды, сақтайды, құрметтейді. Мәнерлеп тақпақ айтады.
Ресурстар: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Президент күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар, бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер Елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады. Ал, қазір біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Мынау – Нұрсұлтан қаласы. Ал, мынау балалар — Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
— Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Адия
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда
Көркейтіп елін қазақтың
Көрсетпей өмір азабын.
Айлин
Қазақ елі – Қазақстан
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелеп
Елбасым менің – Нұрсұлтан:
Жасай бер, Қазағым!
Жасай бер, Елбасым!
АбдуллАхмад
Елбасымыз жолдайды,
Халық оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды
Елімнің елбасшысы
Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
Отан туралы мақал — мәтелдер білеміз бе?
Наргиза: Отан – оттан да ыстық.
Амина Қ: Отанын сүйген — отқа жаңбайды, суға батпайды.
Отан — елдің анасы
Отан – қуат
Отбасы – шуақ
— Бағдәулет:— Отансыз адам,
— Ормансыз бұлбұл.
— Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
— Балалар, бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз.
— Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді.
— Балалар, туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді. Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
— Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Ардақ
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Амина Қ
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Ұлан
Құт береке – шаңырақ
Орын алған – ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Наргиза
Тәуелсіздік жолында
Талай — талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – елтаңбам.
«Отан» туралы ән.
-Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«Не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
— Балалар, біз нені жабыстырдық?
— Күннің түсі қандай?
— Күннің пішіні қандай?
— Күнді
— Сары
— Домалақ
— Көк
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
— Біз қай елде тұрамыз?
— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, Елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Амина О
Көк аспанда Нұрлы
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Темірлан
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
Осындай әдемі сөздермен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.