Хамитова Гүлмира Қайларқызы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№1 Өнер мектебі» МКҚК
Фортепиано сыныбының мұғалімі
Фортепиано сыныбы
Әр балаға бастауыш мектеп жасында әржақты болу, “дарынды болу” қалыпты құбылыс. Алғашқы оқу барысында осы қасиеттерді жақысылыққа, әдемілікке баулу керек, осы кезеңде аспапты ойнау барасында баланың ырғақты сезінуге, дыбыстардың қисындарын ажырата білуге, музыканы сараптау қасиеттері қалыптаса бастайды.
Бастапқы кезеңде баланы қызықтыру, музыкаға деген ынтасын арттырып, сабақты қызықты өткізу әр мұғалімнің міндеті. Осы кезеңде оқушының ноталарды оқи білуі шағын әуендерді өзінің аспапта ойнауы, әр сабақта жүруі маңызды. Ноталарды оқу деңгейін көтеру ушін, ең алдымен шығарманы бастан аяқ көзбен қарап, оқып шығу керек, шығарманың құрылысын анықтау керек, мәтіннің қай қолда, сүйемелдеу қай қолда жүретінін ажырата білу қажет. Шығармамен танысқан соң, оқушы орындаған кезде шығарманың басым көпшілігін көзімен қарап, клавиатурға қарамай ойнауға тырысу қажет. Балаға бұл ережелерді орындау оңайға соқпайды, бірақ осы ережелерді қатаң сақтап орындауға тура келеді. Күнделікті сабақтың 3-5 минутын оқушы нотамен оқуды қалыптастыруы қажет, алғашында жеңіл шығармаларды, бірте-бірте шығармаларды күрделендіре отыру керек. Әлбетте оқушы шығармаларды өзі таңдайды, 2-3 реттен ойнаған кезде, шығарманың ырғағына, таза орындалуына көңіл бөлуі керек. Тиянақты да дұрыс оқу үшін, музыканың ережелерін дұрыс пайдалануын қадағалау керек. Ол шығарманың тональдік, альтерация белгілерін, ноталардың ұзақтығын, тыныс белгілерді, әуеннің ағымының қозғалысына мән беріп, оқу тәжірибесін жақсартуға игеру.
Оқушылардың әр қайсында әртүрлі қиындықтар тууы мүмкін. Кейбіреуі нотаны нашар оқуы, нота сызықтарының үстіндегі және астындағы қосымша сызықтарда жазылған ноталарды оқу қиындық тудыруы мүмкін, кейбіреуінде ырғақ суреттері қиындыққа соғуы мүмкін, кейбірі альтерация белгілеріне дұрыс көңіл бөлмеуі тағыда сол сияқты. Сондықтан барлығына бір шығарма беріп, олардың дұрыс оқуын қадағалап, жақсы орындап келгендеріне басқа шығарма беруге болады. Үнемі қадағалау арқасында, кәсіптік түрде нотаны жетік білуіне жетуімізге бірте-бірте болады.
Сыныпта ансамбльмен ойнауға да көп көңіл бөлу керек. Бұл екі адам орындайтын шығармалар балалардың ең жақсы көріп ойнайтын шығармалары. Оқушыларға 2-ші партияны да ойнату керек. Жеңіл шығармадан бастап оқушыларды біркелкі ырғаққа үйренуін қадағалау керек. Ойнап отырған оқушыларды бірі тоқтап қалса екіншісі ары қарай ойнай беруін, ал біріншсі келесі тактіде қосылып, ары қарай бірге ойнай беруін түсіндіріп, қадағалау керек.
Есту қабілеті бойынша ойнау – ол бұрын естіген мелодияларды нотасыз ойнау. Басында есту қабілетімен ойнау қиын көрінуі мүмкін, кейбір оқушылар естіп ойнап не керек нота тұрғанда деуі мүмкін, бірақ естіп ойнаудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқушы өз ойы бойынша музыканы естуі керек. Оқушы есту қабілеті бойынша ойнамас бұрын, алдымен мелодияны айтып, естіген мелодиясын есіне түсіріп, ойланады. Осы кезде оқушының ішкі есту сезінуі қабілеті пайда болады. Бұл музыкант үшін өте қажетті. Есту бойынша ойнау алғашында қиынға соғады, көбінде ойнап отырғанда тоқтап қалып, үзіліп отырады, осы кезде әнді немесе мелодияны айтып отырып ойнау өте көп көмектеседі. Егер естуі бойынша орындаумен үнемі шұғылданып отырса, оқушының ары қарай ойнауы жеңілдеп, өзіне-өзінің сенімі артып, қиыншылықтар бірте-бірте азаяды. Есту бойынша ойнау — ішкі есту қабілетінің жақсы қалыптасуына өте көп көмегі бар.
Сүйемелдеуін тауып ойнау баланың фантазиясын көбейтіп, импровизация ойынына көп көмегі тиеді. Әуендерге таңдау жасағанда асықпай, клавишаларды қалай болса солай баспай әуеннің жүру барысын тыңдап, тоқтаған кезде, қайта басынан бастамай, ары қарай ойналуын қадағалау керек. Ойналған әуенді оқушыға көмектесіп, сүйемелдеуін ойнап беріп қызықтыру қажет. Жылдан-жылға есту бойынша ойнаған сайын, оқушының гармониялық естуі жақсара түседі. Гармониялық ережелермен таныстырып, ары қарай жақсы ойнауына ықпал етуі керек. Естуі бойынша ойнағанда оқушыға танымал музыкаларды алу керек. Ол үшін таныс әндер, мелодиялар кинодан, радиодан естіген болса. Оқушыларға тапсырмаларды ұлғайтып отыру керек, жай тональдіктермен қатар альтерациялық белгілері көп тональдіктермен де ойнауын қадағалау керек. Кейбір оқушылар өздері шығарма шығарғылары келеді. Мұғалім форма жағынан, гармониялық құрылысы жағынан көмек беріп, түсіндіріп отыруы қажет. Мұғалімдердің оқу-тәрбие процесі бойынша оқушылардың творчестволық білімдерін ары қарай жетілдіріп отыруы алдыға қойған мақсатымыз. Австрияның атақты пианист-мұғалімі А. Шнабель оқушылармен музыка сабағын өткізгенде баланың қызығушылығын алғашқы сабақтан-ақ арттыра білу керек деген. “Егер мен диктатор болсам, сөздіктегі «жаттығу» деген сөздің орына «музицирование» деген сөзді алмастырар едім» — деген.