Искакова Зайра Сабитбековна
Нұр-Сұлтан қаласы
№1 мектеп-лицейінің жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Жәндіктер айтысы
Сабақ мақсаты:
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? Не үшін?) құрасытру және оған жауап беру.
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысқан сақтап, бір сызықта көркем жазу.
Дағдылары: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым.
Лексикалық минимум: өрмекші, маса, инелік, құмырсқа, қанқыз, көбелек, шыбын.Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі.
Көрнекіліктері: жәндіктердің суреттері, житон, жазылған сөздер, ереже.
Сабақтың барысы:
І. Сабақтың басы:
Айтылым «Шаттық шеңбер» әр оқушы бір-біріне жақсы сөз айтады (әдемісің, жомартсың, батылсың т.б)
Үй тапсырмасы:
Жұппен жұмыс: сөздікпен жұмыс (жұпта бір-бірінен сөздерді тексереді) 8 сөз – бағалау 8 ұпай
ІІ. Сабақтың ортасы:
1.Тыңдалым . Жұмбақтар шешу: (бағалау- әр дұрыс жауапқа житон беріледі)
Қызыл түсті домалақ,
Арқасы қара дақ. (Қанқыз)
Гүлден ұшып, гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Шыбын)
Ұшады, қонады,
Гүлдердің қонағы.
Қысыңда көрінбей,
Жазыңда болады. (Көбелек)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа)
Суреттерін ілемін- Бұлар жалпы қалай аталады:
Пайдалы / Пайдасыз
Жәндіктер туралы айтады. (житон )
Оқылым. Кітаппен жұмыс: Рольге бөліп оқу (мәнерлеп оқуын бақылау, житон беріледі). Қарамен жазылған сөздерге көңіл аудару.
Сергіту сәті: «Шапалақтау» ойыны арқылы болымсыздық есімдіктерін қайталау, бекіту.
Жазылым. Тақтада жұмыс: 140 беттегі 4-тапсырма. Сөйлемдегі бос орынға кестедегі сөздерді бірін қой.
ІІІ. Сабақтың соңы. Кері байланыс: «Екі жұлдыз-бір ұсыныспен» қорытындыланды. Біреудің әрекеті мене жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айту, бағыт-бағдар беру.
Мұғалімнің рефлексиясы
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Өткен сабағымның мақсаты қолжетімді болды деп есептеймін. Жоспарланған сабақ құрлымы мен барысы оқушыларға түсінікті және қызықты болды.
Бүгін оқушылар нені үйренді? Осы сабақта оқушылар жұппен жұмыс істеу, мәнерлеп оқу, дұрыс толық жауап беруге, грамматикалық пен лексикалық минимумды қолдануды үйренді.
Оқыту ортасы қандай болды? Оқушыларғы қолайлы жағдай жасалып, барлық оқушылар белсенділік көрсетті. Жеке және жұпта жұмыс жасалынды.
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Уақытты ұтымды пайдалана алдым.
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не? Жұппен жұмыс және рөлге бөліп оқу.
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? Топтық жұмысы мен өзара диктант өтілсе.
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым? Оқушылардың өз бетімен, өзара бір-бірін бақылап бағалауы.