Home » Мақалалар » «ҚАСІРЕТТІ ҒАСЫР»

«ҚАСІРЕТТІ ҒАСЫР»

Ғылыми жетекшісі:ҚОЗЫБАҚОВА Ф.А,
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының
профессоры
Хайрулла Динара,
Әл -Фараби  атындағы ҚазҰУ филология және
 әлем тілдері факультетінің I курс студенті

Мен өз халқымның көнбеске көніп,шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын.Мәңгіліктің қатыгез тасқыны біржолата мүжіп,біржолата үгіп,біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да,аман қала алыпты.
Н.Назарбаев

Тарих бүгінгі ұрпақ үшін сабақ алудың қайнар көзі. XX ғасыр — қазақ тарихындағы қасіретті ғасыр.Алдымен отарлық саясаттың езгісі болған халықты түрлі реформалар арқылы ата қонысынан ығыстырып ,шөлді және шөлейт жерлерге көшіріп қасірет шеккізді.Оның соңы ұлт — азаттық көтеріліске ұласты.Қазақстанның әрбір түкпірінде,біз білетіндей Торғай мен Жетісу өңірелерінде ғана емес,Сыр бойында,Шығыста ,Солтүстікте. Созақта көтерілістер алауы ұшқындап жатты.Бұлда жүздеген мың адамдардың тағдырын алып кетті.Одан кейінгі азамат соғысының аласапыран жылдарында ақ пен қызыл болып шайқасып жатқан кезде мыңдаған бауырларымыз Сырдың бойынан Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы Иранға,Ауғанстанға,Шығыс Қазақстанға ,Қытайға ,Солтүстік Қазақстаннан Ресейге көш ауа кетіп,күнелтіп, өзінің туған жерінен ,ата- жұртынан ажырады.Ғасырдың ең ұлы трагедиясы деп 1929 -1932 жылдардағы Голощекиндік геноцидті айтуға болады.Белгілі демограф- ғалым Мақаш Тәттімовтың деректері бойынша дәл осы ашаршылық кезінде қазақ халқының 51 пайызы құрбан болған.Бұл адамзат  тарихындағы тұтастай бір ұлттың жойылып кету қаупі туған ең қасіретті кезең,ең қасіретті тарих беттері.Одан кейінгі кезеңде отан үшін шейт болғандар қаншама.Әсіресе қазақ халқының зиялы қауымының сүт бетіндегі қаймағын қалқып алып кеткен 37- нің нәубеті халқымыздың интелектуалдық даму дәрежесін ширек ғасырға дейін ысырды. Жалпы саяси репрессия КСРО республикаларында 1928 жылдан ­басталды. Соның ішінде қазақ елінде ең алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалып, оларға «ұлтшыл» деген айып тағылған болатын. Соның салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа да зиялылар ату жазасына кесілді.
Қолға тиген мәліметтерден сол уақытта Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағанына көз жеткіздік. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері мен дәрігерлер болған. Одан соң Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері осы қатардан табылды. Сондай-ақ қазақ жеріне күшпен қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге ұлт ұрпақтары көшірілді. Демек елімізге 1 миллион 500 мыңға жуық адам жер аударылып келді.
Осы орайда Қазалы ауданы бойынша 1920 мен 1950 жылдары аралығындағы жаппай қуғын-сүргінге ұшырағандардың тізімін таптық. Бұл ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментінің мәліметі. Бізге белгілісі 327 адам. Одан бөлек Қазақ ССР-і МҚК облыстық басқармасы мен облыстық прокуратурасының жанынан құрылған комиссияда 30-40 жылдарда және 50 жылдардың басында РСФСР қылмыстық кодексінің 58-10 бабы негізінде жазаланғандардың қылмысты істері қаралып, оларды негізсіз жазалаған деген тоқтамға келген екен. Сонымен қатар облысымыздың жазықсыз азаматтарының үлкен бір тобы анықталған. Оның ішінде ауданымыздан жазықсыз қуғынға ұшырап, қайта ақталғандар саны жиырма алты болып шықты.
Қанды дүрмектің басы сонау 1928 жылы басталғанын ескерсек,сол жылғы 27 тамызда «Байлар шаруашылығын тәркілеу туралы» үкімет қаулысы дайындалып, «Кіші Октябрь революциясын» жүргізудің алғашқы қадамы жасалды. Аталған науқанның тез арада жүзеге асуы үкімет тарапынан қатаң қадағаланып отырған деседі. Ол үшін ауыл-ауылға мыңдаған өкілдер жіберілген. Тәркілеу комиссиясының құрамында 4700 адам жұмыс істеген.
Шынтуайтына келгенде Қазақстандағы қуғын-сүргін негізінен үш кезеңде жүргізілді. Соның алғашқысы – байлардың мүлкін тәркілеу, жер аудару және қуғын-сүргінге ұшырату. Әрине бұл көзделген жоспар жедел түрде жүзеге асты десекте болады. Себебі сол жылы 154 бай мен атқамінерлердің шаруашылықтары тәркіленіп, өздерін туған жерінен қуып, жат жерге жер аударды. Көрсетілген тізімді бір тексеріп шыққанымызда шаруашылықтары тәркіленген байлар қатарынан Қазалы ауданының сегіз бірдей азаматымен таныстық. Тақырыптың тереңіне үңіліп, анық-қанығына толық көз жеткізу үшін біз тек аудан көлеміндегі бауырларымызға тоқталып өттік. Аудан бойынша кеңес үкіметіне қарсы Асан қарақшылары көтерілісіне белсенді қатысқан жандарды,ұлтшылдар деп айыптап,ел үшін қызмет етіп жүрген азаматтар жазықсыз түрмеге жабылды.Қазалы ауданы бойынша айыпталғандар:

  1. Абдрахманов Кожамуксум
  2. Абрамов Иван
  3. Абдуллин Әлжан
  4. Авдеев Василий
  5. Ағытаев Кузев
  6. Адлер Эрна
  7. Айбосынов Шәмшитдин
  8. Алдаберенов Құрбан Шахи
  9. Алдамжаров Тойжан
  10. Алдоңғаров Жақып
  11. Аманбаев Нұрман
  12. Аманқұлов Аралбай
  13. Андреев Павел
  14. Антипин Инокентй
  15. Антропов Василий
  16. Арызбаев Құлтасбай
  17. Арықбаев Төлеміс
  18. Ахметжанова Ольга
  19. Аязбаев Аманбай
  20. Әбдірахманов Қожамақсұм
  21. Әлмұхаммедов Құдайберген
  22. Әлібеков Азил
  23. Әлімбаев Әбіш
  24. Әмбетов Бейсін
  25. Байшораева Күлхан
  26. Байшораева Қазы
  27. Орыналиев Үмбет
  28. Орымбаев Дүйсеке
  29. Пірімжаров Бейсенбі
  30. Сансызбаев Төремұрат

Бүгінде бізге белгілі мәліметтерден бөлек архив құжаттарында кейбір себептермен сақталған немесе іс-қағаздарының арасында қалып қойып, жоғарыда көрсетілген тізімге енбеген адамдардың болуы бек мүмкін. Соларды түгендеу алдағы күндердің еншісіндегі шаруа.
Шыны керек бүгінгі жас ұрпақтың санасына «Біз кімбіз? Қайдан шығып едік? Біздің бабаларымыз нендей зұлым жағдайларды бастан өткерді?» деген сауалдар әрдайым маза бермеуге тиіс. Ел үшін жанын тәркі еткен аға буынның қандай қиямет күнді бастан өткергенін білу бізге міндет. Дегенмен сорақысы сол қазіргі толқынның бірқатары 31 мамырдың қандай күн екенінен мүлдем бейхабар. Тіпті кейбір таныстарымнан «Бұл күн несімен есте қалды?» дегенді де естіп жүрмін. Өкінішті… Десек те бұл хақында кейінірек тоқталатын боламыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.