№30 «Қайнар» балабақшасы
Ищанова Роза Тельмановна
Әдіскер
Жұмысты жаңа бастаушы әдіскерді Мектепке дейінгі мекемедегі бірінші күнінен бастап тәжірибелі әдіскер сияқты міндеттер күтіп тұр, сондықтан ол барлық жауапкершілікті өзіне алады, ал әкімшілік, тәрбиешілер, ата – аналар одан жоғары кәсіби шеберлікті күтеді. Әдіскер бірінші жұмыс жылы не әкімшіліктен, не ұжымнан көмек қолдау ала алмай, өзі үшін қорғау жүйесі әрекетін қалыптастырады, бұл көбіне әрі қарай оның кәсіби өсуіне кедергі болады. Педагогикалық тәжірибеде көбіне жұмысты жаңа бастаған мамандар өздерін өмір жолында көмексіз, қолдаусыз қалған кезде қатты күйзеліс күйді кешеді, өйткені ол өзі үшін кәсібінің шындық рөліне еніп ұжыммен, әріптестерімен қарым — қатынас әрекетіне түседі.
Кәдімгі жаңа әдіскер – бұрынғы тәрбиеші, көп жылғы еңбек өтілімі, жақсы жұмыс нәтижесі және сәйкес білімі бар. Бірақ, соған қарамастан олардың бәрі де «Баладан — педагогтарға» қарай өзінің қызметінде әр түрлі проблемалардың қасынан өте алмайды. Бұл жеткілікті қиын кезеңде, уақытында көмек көрсетпесе, онда бейімделу, өз күшіне деген сенімсіздікті жетелейді және күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай әдіскердің өзін кәсіби бағалауы жеткілікті күйзелісімен ерекшеленеді. Бірақ, ол көбіне талдау қорытындысының дұрыс өткізілмегендігі болып табылады. Бұндай жағдайда қалай бағалау немесе қандай әрекет жасау керектігі жайында айтатын қабілеті бар, неғұрлым тәжірибелі әріптестің көмегі керек.
Біздің көзқарас, дұрыс нұсқа әдістемелік жұмысты бастаушыларға — жас әдіскер мектебі керек.
Жас әдіскер мектебі өзінің МДМ оқыту – тәрбиелеу жұмысында меңгерушінің көмекшісі оқу формасын көрсетеді, мақсатты және қажетті ұйымдастырылған әдіскерлермен курс аралық кезеңде әдіскерлік қызметті жүйе арқылы оқу іс — шаралары, мамандыққа кіруді қамтамасыз етеді.
Әрбір бастаушы әдіскер – жас әдіскер мектебінің «оқушысы». Оқыту екі жылға жалғасады. Жас әдіскер мектебінің жұмыс механизмі қандай? Біріншіден жетекшіліктің маңыздылығын жетістікке жетудің тиімді нәтижесін айту. Мектептің сабағын өткізу үшін әр оқу жылында базалық мектепке дейінгі мекеме анықталады, ал оның әдіскері жетекші болады. Негізгі міндеттер бастаушы әріптесті өзінің жеке әдіскер жұмысының моделімен мысал келтіріп таныстырады, соңында іс — әрекетті ұйымдастыруға көмектеседі. Жетекші кәсіби білімді, ақыл тоқтатқан маман, жеке тұлға ретінде бойында аса сапалы құндылықтары бар, ашық, тактикалық, қол ұшын беретін, сөйлесіп отырған адамды түсінетін және көмек беретін болуы керек. Бұл өте маңызды, өйткені жүйеде «Жетекші – бастаушы әдіскер», бірінші бақылау, кері байланысты қолдау көрсету, тапсырма беру, жасалған жұмысты бағалау және үнемі жетелеу, көмек көрсету, жеңіске жету үшін жағдай жасау керек.
«Ақпараттық — әдіскерлік орталық» әдіскері жалпы қызметті басшылыққа алып, кездесулерде кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастырады, жұмыс мазмұнын жоспарлайды, практикалық бөлімнің материалын жинақтайды, үй тапсырмасын қалыптастырады, бірінші жылдан соң талдау жүргізеді және осының негізінде келесі жылдың жоспарына түзетулер енгізеді.
Оқу жоспарының мазмұны негізгі бес қызметті басқару оқыту- тәрбиелеу үрдісін, қызметтік міндеттерді, меңгерушінің орынбасарының қызметтік міндеттерін оқыту — тәрбиелеу жұмысы бойынша,яғни әдіскердің. Жас әдіскер мектебі әр екі жыл бойы нақты төрт тақырыптық кездесуді ұйымдастырып, оқытып,үйретеді.
Бірінші жылы негізінен кәсіби машықтарын, педагогикалық талдау, әдістемелік жұмысты жоспарлауды дамыта оқыту.
Екінші жылы ұйымдастыру қызметі, әдістемелік жұмысты реттеуді сараптау негізінде қарастыру, мектепке дейінгі білім беру мекеменің оқыту тәрбиелеу жұмысының барысын деңгейлік түрде бақылай білуді үйрету.
Мектептегі әрбір сабақ біріктірілген тұрғыда өткізіледі, өйткені ақпараттық бөлім, сұрақ бойынша пікірлесу және тәжірибелік ұсыныстармен танысу кіргізілгендіктен. Кездесулер әрбір қатысушылардың белсенділігін таныту үшін ұйымдастырылады. Талқылауға алынған сұрақтар жеткілікті кең көлемде. Бастаушы әдіскерлер, әдіскер мамандығының осал жағы жоқ екендігін байқайды, өйткені кейде кішкентай қиындықтан үлкен қар домалағындай проблемаларға әкеп соғады. Бұндай жағдайда ұжымдық талқылау, осындай проблемаларды шешуге болатынын: ұқсас жолдарды ұсыну және барлығының бірлескен күшімен керемет шешім табуды көрсетеді. Оқытудың кең белсенді формаларын қолдану, кері байланысты қамтамасыз етіп, бәрі құлшыныс танытып өздерін көрсетеді.
Екінші жылдың соңында мектепте оқыған «түлектер», өздерінің мектепке дейінгі мекемесінде ашық іс — шара тәрбиешілердің балалармен жұмысының үзіндісін (жас ерекшілігі, әрекеттің түрі әрбір әдіскердің өз еркімен анықталады) дайындап, сынақ тапсырады. Тәрбиешімен жеке әдіскерлік жұмыста ашық іс — шараға дайындық кезінде, әдіскер мектепте барлық үйреніп білгенін: кәсіби білікті әдіскер, эрудициялы, лайықты, жұмысты деңгейлік түрде педагогтармен ұйымдастыру және т.б. білімінің маңыздылығын маман ретінде көмектесе алатын көрсетеді. Түлектердің санына қарай ашық іс – шаралар түрін, «түлектермен» мектепте бірінші жылдан бері оқып келе жатқан әріптестерге өткізу жоспарланады. Ашық іс -шараларды ұжымжық талқылау негізінде, меңгерушінің орынбасары жағынан оқыту және тәрбиелеу жұмысы бойынша дайындау барысында әдіскерлік басшылықтың жетіспеушілігі немесе тиімділігі туралы жалпы қорытынды жасалады.
Түлектердің екі жыл бойы оқуының және көрсетілген сынақ жұмыстарының қорытындысы бойынша аттестаттық қағаздары беріледі, алған білімдері мен негізгі маман біліктілігі жайында өздерінің өткізгендерін бағалау, сол сияқты әдіскерлік жұмысты ұйымдастырудың негізгі кезеңдеріне мән беру туралы есте сақтау қағазы (памятка) салынады.
Жас әдіскер мектебінің танымалдығы неде? МДМ әдіскерлерінің ұсынысы бойынша, бұндай оқытудың формасы еркін, оның әр педагогке жеке қарым — қатынас жасауды ескеру принципімен құрылған, ең бастысы- әдіскер өзінің ішкі іскерлігін іске асыра алуға, әріптестерінің көз алдында өзін көрсетуге мүмкіндік алады.
Осындай кейіпте бастаушы әдіскерлермен негізгі жұмыс ЖӘМ өткізіледі. Сонымен қатар әдіскерлерді жалпы қалалық әдістемелік жұмыстарға қатыстыру. 1). Олар семинарларға, кеңестерге, шығармашылық топтармен әдістемелік жұмыс тәжірибесін талдау және таратуға қатысушы болады. Осындай формада әдістемелік апта, әдістемелік хабарлама бірнеше педагог арасында, бастаушылар еркін топтарға бөлінген, жұмыс мазмұны олардың еңбек өтіліне қарай болады. Бастаушы әдіскерлер, тәжірибелі әдіскерлер сияқты жалпы диагностика арқылы өтеді, оның қорытындысы бойынша қажетті көмек көрсету жоспарланады. Сол сияқты олар «Ақпараттық — әдістемелік орталық» кәсіби шеберлікпен, МДМ-нің өтініші бойынша әдіскерлік көмек көрсетуге баруға маңызды ұсыныс жасай алады.
Әрине «АӘО» жеке кеңес беруді өткізеді. Осындай жүйеде жұмыс бастаушы әдіскерлермен, олардың осы лауазымға кіруіне неғұрлым тез жеңіл болады, кең жинақта жеке авторлық, шығармашылық, нағыз кәсіби шебер әрекеті және МДМ өз жұмысына деген оң көзқарас қалыптасады.