Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында 53 жыл тарихы бар «ЕрТөстік» бөбекжайы қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар күніне орай «Ұстазым –ұлағатым» тақырыбында ертеңгілік өткізді. Бұл шараға бөбекжайдың ірге тасы қаланғаннан бастап қызмет еткен ардагер ұстаздар шақырылды. Атап айтқанда: Зуева Анна Алексеевна, Меньшикова Елена Ваильевна, Васильева Любовь Николаевна, Подковырина Надежда Ивановна, Мананбаева Валентина Ивановна, Булгакова Валентина Ивановна, Чередина Эмиля Евгеньевна, Сагимбекова Сауле Уайсовна, Шарифуллина Светланна Гумаровна,Стрыгина Тамара Васильевна, Соколова Нина Борисовна, Чибисова Вера Григорьевна, Жумагулова Сулушаш Жумагуловна, Крыжаковская Галина Григорьевна, Трусак Тамара Георгиевна, Худякова Татьяна Эдурдовна; Шахметова Шолпан Көккөзовна және біздің 16 жыл басшымыз болған Кадина Гаухар Зекновна.
Ертеңгілік барысында осы ардагер ұстаздарға арналып бөбекжай 53 жыл тарихы туралы слайд — презентация көрсетілді. Ардагер ұстаздар жастық шағын еске алып, көздеріне жас алды. Бүгінде өмірден озған ардагер ұстаздарымызды да еске алуды ұмытпадық. Мерекені «Жұлдыз» ересек топ бүлдіршіндері «Шашу» биімен ашты. Бағдарлама барысында «Балабақша бақытым», «Тәрбиеші апайым» әндері, шулы оркестр, түрлі ойындар, ойнатылып, ардагер ұстаздарымызда ойынға белсене қатысты. Тосын сәтке Бауырсақ ертегісінен Бауырсак келіп, балалар оған ата әже мерекесінде оларды тастап кеткенін дұрыс болмағанын айтып ұялтты. Оған өздерінің өнерлдері арқылы үлгі көрсетіп, ата әжесіне қайтарды. «ЕрТөстік» бөбекжай директоры Гульнара Абаевна құттықтау сөзінде; Бүгінде білім өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда. Білімнің бастауы болған балабақша педагогтары білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат ете отырып, сіздердің мол тәжірибелеріңізден үлгі алдық. Бізге бағыт бағдар беруде сіздердің еңбектеріңіз зор. Біз сіздерді мақтан тұтамыз деп сөзін аяқтады. Ертеңгілік соңында «ЕрТөстік» бөбекжай ұжым педагогтары бимен музыкалық сәлем жолдап, «Ұстазым» хорымен аяқтады.
КМҚК «ЕрТөстік» бөбекжай әдіскері
Жаппарова Ардақ Үмбетбаевна