Шамуратова Ханзада Сражадиновна
Тәрбиеші: Шамуратова Х.С.
Ата-ана: Әбуева Назгүль
Мақсаты:
Білімділік: Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.
Дамытушылық: Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана — сезімін, ынта — жігерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларға саналы сұлулық бейнесінде көркем дүниені меңгерте отырып, дәстүрлі шеберлік өнерді қадірлеп, қастерлей білуге баулу.
Сөздік жұмыс: зергер, сақина, білезік.
Көрнекіліктер: ұлттық зергерлік бұйымдар,нақыл сөздер, мақал –мәтелдер,іс – тәжірибеге арналған құралдар, су, ұн, тұз,су бояуы, стақандар, желім, әдемі тастар.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру ,әңгімелеу ,сұрақ-жауап ,жұмбақ,слайд.
Тәрбиеші: Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң балалар!
Балалар жартылай шеңбер жасайық.
Шаттық шеңбер:
Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.
Сұрақтар: (сұрақтар қоя арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін бастау.)
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Төрт мезгіл.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс айларын атаңдаршы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн аяз, боран болады.-Жарайсыңдар, балалар!
-Бізді қоршаған орта деп нені айтамыз?
-Табиғат
-Табиғатқа не жатады?
-Құстар, жануарлар, жәндіктер, адам, тау, тас, су, аспан т.б.
-Дұрыс балалар. Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады. Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай – ақ жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз.
Тәрбиеші: — Олай болса балалар мені сұлуландырып тұрған не нәрселер деп ойлайсыңдар?
Балалар: — Сіздің әдемі болып тұрғаныңыздың себебі, мойныңыздағы моншағыңыз, құлағыңыздағы сырғаңыз, қолыңыздағы жүзігіңіз.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Қазақтың салт – дәстүрі мәңгі ұшан – теңіз. Асыл қазына ұлттық бұйымдар ғасырдан – ғасырға сақталып жалғасын тауып келе жатқан көне дерек.
Қазақтың ұлттық бұйымдары – түпсіз терең дария. Сол шексіз мұхиттан таралған текемет, алаша, қоржын, бойтұмар, шашбау, шолпы, алқа, сақина, сырға, қамшы, тақия, шапан, сәукеле, қапсырма, т. б. түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік мән – мағынасы, ерекшелігі, көздің жауын алатындай ғажап көрме.
Мысалы: асадал – тамақ салатын ағаш ыдыс, аба – жауынгер киімі, сойшаңғы – жылқының жіліншік сүйегінен екіге жарып жасалады, шашбауды тоғыз теңгеден тұратын күміс бау, жүзік, сақинаны саусаққа тақса, өңіржиекті омырауға тағады.
Сырмақ – киізден сырып оюлап жасалса, аяққап – киізден жасалған ыдыс – аяққа арналған қапшық. «Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сыйыңды» демекші қыздарға, ана – апаларға сәнді түйреуіштер күміс түймелер өз жарасымымен сұлу келбет берген. Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?
Айым: — Сылдыр – сылдыр, сырғалым,
Құлағыма тағар кім?
Сұлу болып әрдайым,
Сырғалы қыз атандым.
Али: — Өңіржиек – өмірдің өзегіндей,
Көрік берер аруға жезі мөрдей.
Қазағымның оюлы – әшекейі,
Мұра болып қалары сөзсіз білгей!
Іс – тәжірибе жасау. Тақтайдың үстіндегі тұзды қамырды көрсете отырып оның қасиеттеріне тоқталып өту. Ұнның қасиеттері бар, мысалы ұннан әр түрлі нандар пісіретіні туралы және нанды қастерлеу керегін айту керегін.
-Ендеше осы тұзды қамырдан әдемі бұйым жасап көрейік.
Олай болса балалар, Мен сендерге тұзды қамырдан әдемі қазақтың бұйымын жасап көрсетейін. Сендерде менімен бірге жасап көріңдер.
Сергіту сәті: Енді біраз бойымызды сергітіп алайық.
«Қамшы»
Қамшыны қолға алайық,
Атқа мініп шабайық,
Оң жаққа бір сермеп,
Сол жаққа бір сермеп,
Асыр салып шабайық.
Ойын: «Артық затты тап»
Сырға, моншақ, сақина, білезік,алма
Қорытындылау:
— Қазақтың қандай бұйымдарымен таныстық?
— білезік, сақина,сырға.
— Бізге қонаққа кім келді?
— Қонақтар.
— Адамдарға сырға,білезік,сақина не үшін керек?
— Әдемілік үшін керек.
— Біз оны неден жасадық
— Тұзды қамырдан жасадық.
— Тұзды қамырды қалай жасайды екен?
— Суға тұз салып илейді. –Сендер қандай бұйым жасап шықтыңдар?
— Білезік
— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс — әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп — көп рахмет!
Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.