Home » Мақалалар » Алматы біздің ортақ үйіміз!

Алматы біздің ортақ үйіміз!

Масаурова Салтанат Маратқызы
КМҚК «№110 бөөбекжай балабақша»
меңгерушісі

Қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, экологиялық бастамаларды қолдау мақсатымен «Алматы-біздің ортақ үйіміз!» науқанына балабақша ұжымы мен балалары белсене қатысты. Балабақша қызметкерлері ауланы тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Балалармен  «Алматы біздің ортақ үйіміз!» науқаны аясында балабақшамызда «Менің қалам-менің мақтанышым!» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баули отырып,балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

«Алматы-менің қалам» тақырыбында  ұйымдастырылған іс-әрекетке мектепалды топ балалары белсенділікпен қатысты. Балалар өздері тұратын қаласы туралы жан-жақты сурет арқылы мақтаныш сезіммен әңгімелеп айта білді.Өз қаласына деген сүйіспеншіліктерін тақпақ, ән арқылы жеткізді.

   

Эко квесты. «Жасыл команда» тақырыбында ойындар ұйымдастырдық.
Балаларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін ойын ойната отырып түсіндірдік.

Осындай іс-шаралар балаларды табиғатты қорғауға, табиғатқа қамқор болуға, әсемдікті тани білуге, экологиялық мәдиенетке  үйретеді.Балабақшамызда айлық іс-шара жалғаса береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.