Home » Мақалалар » Цифрлы технологияларды қолдану арқылы оқушылардың дағдысын дамыту

Цифрлы технологияларды қолдану арқылы оқушылардың дағдысын дамыту

Абдикаримова Жария Алишерқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған оқушылар үйі
«Smart lab» үйірме жетекшісі

 

Өркениетті қоғамның индустриалды-инновациялық мүмкіндіктері артқан сайын білім беру саласының өзгеруі заңды құбылыс. Ақпараттық қызметтердің күн сайын өміріміздің маңызды бөлігіне айналуы адамға көптеген жаңа мүмкіндіктерді игеруге негіз болады. Атап айтқанда, цифрлы қоғам құру тенденциясы адамның көптеген қызметтерін алмастыра алады.

Мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени көрсеткіштері ақпараттың жедел, қарқынды даму үдерісімен тығыз байланысты. Сондықтан да білім саласында цифрлық  технологияларды меңгерген педагогтың болуы заңдылық.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажеттілігі туындады. Бұл, өз кезегінде заманауи қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмайтыны, жаңа заманның шарттарына сәйкес келмейтіндігі,  қоғам дамуына кедергі болатындығы айқындалды. Сондықтан да барлық саланы жаңартудың әдістері мен инновациясын ойлап табу қажет болды. Цифрлы технологиялар білім беру саласының негізгі трендіне айналды.

Интернет –адамның мүмкіндігін арттырып, ақпаратқа қол жетімді орта құруға әсер етті.  Әсіресе, білім беру жүйесінің де іргетасын дамытуға септігін тигізді. Интернет арқылы адамзат өзіне қажетті ақпараттарды жылдам алатын деңгейге жетті. Онлайн курстар мен семинарлар білім беруді дамытудың индикаторы ретінде көптеген көрсеткіштерге жетті. Онлайн платформалары арқылы педагог білім берудің жаңалықтарын игерді. Бұл да цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетеді. Әртүрлі тапсырмаларды онлайн платформаларға ілі арқылы мұғалім мен оқушының цифрлық сауаттылығы мен дағдысы қалыптасты.

Н.Ә.Назарбаев өзінің баяндамасында: «Адамзат үшін XXI ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында».

Ол негізінен білім беру саласында жаңаша ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген, инновациялық үрдістерге ілесетін, заманауи шешім қабылдайтын, жаңа тұрпатты педагогты қажет етумен тығыз байланысты.

Себебі, әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Жаңа реформалардың пайда болуы жаңа әдістерді  және оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді технологияларын іздестіруді талап етеді. Ол цифрлық технологиялармен тығыз байланысты.

Бүгінгі қоғамның жаңа ұрпағы (Z буыны) цифрлық технологиялармен өмір сүреді. Сондықтан да мұғалім сабақта әртүрлі цифрлы технологияларды   қолданады.  Оның ішінде жасанды интеллект, робототехника мүмкіндіктері, виртуалды технологиялар, SMART технологиялар, электронды ресурстар т.б.

Цифрлы технологиялар алғаш рет Америка елінде пайда болды.

Цифрлы технология ұғымы көптеген отандық және шетел авторларының зерттеу нысаны болды. Соның ішінде Б.С. Ахметовты, Р.Г.Бияшевті, А.В. Барабановты, Д.П. Зегжданы, М.Н.Калимолдаевті, С.В.Казмирчукті, M. Atighetchi, R.H. Campbell, J. Dawkins және т.б. атап айтуға болады.

Ресей ғалымы  И.С.Глушков  «цифрлық технологиялар-ақпарат өңдеумен байланысты пайда болған ұғым» — деп дәлелдеген.  Ақпараттық технологиялар арқылы біз ақпарат алмасамыз, талдаймыз, сұрыптаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі адамзаттың жағдайы инновациялық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты  екенін айта келе, білім беру үрдісінде жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін арттыруды тапсырды. Бұл міндеттер экс- министр А.Аймағамбетовтің баяндамаларында жалғасын тапты.

Цифрлық технологиялардың шарықтау шегі Электронды Үкімет порталын, виртуалды электронды жүйелерді, виртуалды кітапханалар мен лабораторияларды дамытты. Цифрлы технологиялардың ауқымы кеңейді. Соның нәтижесінде жастар  қолжетімді ақпараттарды қабылдап, сұрыптауды үйренді.

Цифрлы технологиялардың бірі-SMART. Ақылды технология, ақылды оқыту, ақылды техника -деп атауға  болады. SMART- технологияның негізі Америка, Англия, Корея сияқты дамыған мемлекеттерде пайда болды. Ол ағылшын тіліне аударғанда «ақылды» деген ұғымды білдіреді. SMART технология – бұл барлық ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Оның көмегімен көптеген проблемалардың алдын алып, өмір сүру деңгейін біршама жақсартуға болады.

Smart оқыту ортасын қалыптастыруда назар аударатын бірқатар ұғымдар бар. Ең алдымен, Smart learning – ақылды оқыту, кибер білім алу – онлайн тәртібінде білім алу түрі, контент – ақпараттық ресурсты немесе веб-сайтты кез келген маңызды мазмұнмен толықтыру.

Е-learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі педагог пен білім алушыға жаңа бағытты үйретеді. E-learning білім беру жүйесінің мазмұны – сандық технологияларды, құрылғылар мен бағдарламаларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің танымдық құзыретін қалыптастыруды көздейді.

Plickers – статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдетіп, білім алушылардың жауабын лезде бағалап беретін қосымша. Бағдарлама өте қарапайым технологиямен жасалған. Қолдану барысында қиындық туғызбайды. Негізгі құрылымдары: мобильді қосымша, QR-код. Бұл – студенттермен кері байланыс жасауда онлайн тестілеу жүйесі бағдарламасының бір түрі. Plickers-тің тиімділігі сонда – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Тек студенттерді қызықтыратын бағалаудың өзгеше тәсілі ретінде ғана қолданылады. Бұл қосымшаны қолдану үшін компьютерлік сынып немесе басқа да техника қажет емес, тек қана мұғалімнің ұялы телефоны қажет. Сонымен қатар, студенттердің өзіне де қызықты, себебі сабақта бір жағынан білімді тексеру жүргізілсе, екінші жағынан жақсы көрсеткішке жету үшін өзара бәсекелестік пайда болады.

Бұл технологияның ерекшелігі – мұнда QR-кодтардың қолданылуы. Біз кез келген жарнамалардағы QR-кодтарды қосымша ақпарат алу үшін арнайы бір сайтқа сілтеме жасайтынын білеміз. Алайда бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы ғана емес. Бұны Plickers қосымшасының бір элементі ретінде де көре аламыз. Сабақ барысында оқытушының ұялы телефоны білім алушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланылады. Олар сабақ үстінде телефонды пайдалану маңызды емес, әр балаға жеке карточка болады, яғни педагог-психолог алдын-ала QR-коды бар қағаздарды таратып береді.

wordwall технологиясы арқылы педагогтер жаңа сабақты құрастырады. Білім беру процесінің негізгі міндеттерінің бірін шешуге көмектесетін оқу ресурсы ретінде  оқушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын құру арқылы оқытуды саралау мен дараландыруды ұйымдастыруға болады. Әртүрлі тапсырмаларды құрастыру арқылы мұғалім өзінің сабағын қызықты өткізеді. Викториналық сұрақтар, тест тапсырмалары, сәйкестендіру жаттығулары, ментальды карта, интеллект карта құрастыру т.б. тапсырмалар жасау арқылы білім алушының ізденуін, оқуға деген мотивациясын жетілдіреді.  Сонымен қатар wordwall арқылы интерактивті ойындар өткізуге болады. Оқу тапсырмасын жасау үшін өз контентін таңдау қажет, содан кейін тапсырманы енгізу қажет.

Қорыта айтқанда еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында: «Цифрландыру- еліміздің болашағы мен ертеңі. Оны дамыту жастардың қолында. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», — деп жазған болатын.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы. — Нұр-Сұлтан, 2016 //www.akorda.kz/
  2. Назарбаев Н.Ә. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -Нұр-Сұлтан, 2018 //www.akorda.kz/
  3. Аймағамбетов А.А. Отандық ғылымда жаңа серпіліс болады
    https://egemen.kz/article/233068-askhat-aymaghambetov
  4. Қазақстан бүгіні мен ертені https://qazaq1913.com/2020/08/11/aza-stan-ylymy-b-gin-

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.