Муртазаева Баян Абжапбаровна,
Жамбыл – «Өрлеу» курстан кейінгі қолдау және
иннвацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі,
Тараз қаласы
Коронавирус пандемиясына қарсы елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Республиканың мектеп оқушылары ІҮ тоқсанды жаңа – қашықтықтан оқыту форматында бастады. Осындай қиын-қыстау күндері біз жалғыз емеспіз, ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, әлемнің 107 елінде мектептер жабылған, ол 861 миллионнан астам баланы қамтып отыр.
Осы орайда, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты барлық педагогтер мен оқушыларды ІҮ тоқсанның басталуымен құттықтайды және барлығы ойдағыдай болады деген сенім білдіреді!
Ия, сенім білдіреді, себебі қашықтықтан білім беру үшін аз ғана уақыттың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірнеше рет жасаған мәлімдемесінде мұғалімдеге, ата-аналарға және балаларға өз қолдауын көрсетті. Министр былай деп атап өтті: «Бізге барлық сабақтардың МЖМББС сәйкес бірыңғай оқу бағдарламалары бойынша, оқыту жалпы сабақ кестесін құру және оны сақтау, сандық білім беру қорлары секілді мультимедиялық материалдармен әдістемелік қолдау жасалған, мұғалімдерге арнап алдын ала жасалған сабақ жоспары түрінде өткені маңызды, бірақ оқыту каналдарын таңдауда сабақ сапасы төмен болмауы керек». ҚР Білім және ғылым министрлігі мен білім беру басқармаларының жанынан жобалау офистері ашылды. Пандемия кезеңіндегі оқу үдерісін уақытша ұйымдастыруға байланысты халықаралық тәжірибе мен көршілес елдер тәжірибелері де жан-жақты қарастырылды. Мектеп пен онда білім беретін педагогтерге арналған ұсынымдар дайындалды. Арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар жасалды. Сонымен қатар балалар мен педагогтерге көмек ретінде 6-сәуірден бастап «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына қазақ және орыс тілдерінде аптаның бес күнінде бейнесабақтар көрсетіліп жатыр.
Осындай уақытша қиындық кезінде Жамбыл – «Өрлеу» ұжымы да өз серіктестерімен байланысты үзген жоқ. Аймақ педагогтерінің кәсіби қажеттіліктерінің бірі — жаңа формат – қашықтықтан оқытуға байланысты бірқатар жобаларды іске асыруда. Институ жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі — курстан кейінгі қолдау және облыс педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету қазіргі кезде қолжетімді аралас оқыту режиміндегі қашықтан білім беру («Blended learning») және біліктілікті арттыру үдерісінде сандық технологияларды пайдалану, облыстың орта білім беру педагогтеріне кеңес беру үшін құрылған сall -орталық арқылы өз шешімін тауып отыр. Курстан кейінгі қолдау көрсету барысында қашықтықтан оқыту форматы бойынша мұғалімдерге өткізіліп жатқан іс-шаралар көмек берумен қатар, олардың қиындықтарын шешуде, кәсіби білімі мен білігін арттыруда өз септігін тигізуде.
Институттың сайтында (orleu-taraz.kz) ауыл мектептеріндегі педагогиклық инновациялар айдарында қашықтықтан оқытуға байланысты әдістемелік ұсынымдар, білім беру бағдарламалары, бейне-конференциялардың жазбалары, сандық білім беру қорлары жүктелген.
Сонымен қатар облыс педагогтеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында географияны саралау әдісімен оқытудың тиімділігі», «Онлайн оқытудың тиімді тәсілдері», «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту», «Бастауыш мектепте қашықтықтан оқыту», «Қашықтықтан оқытуға арналған IT-фишкалар» тақырыптарында онлайн-кеңестер ұйымдастырды. Басталған жұмыстар өз жалғасын табуда.
Біздің жаңа жолымызда көптеген қиындықтар кездеседі, бірақ оқу мен оқытудағы жаңалықтарымыз одан да көп болады. Біз барлықтарыңызға төзім, ізденімпаздық және өз күштеріңізге деген сенім тілейміз. Біз – біргеміз!