Мирзалиева Эльмира Бексултановна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
Инновациялық білім бері және
ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі, PhD философия докторы,
Тараз қаласы
Қазір бүкіл дүние жүзі коронавирус инфекциясы кезінде көптеген жұмыс орындары қашықтықтан жұмыс жасауда. Әсіресе білім саласында мұғалімдер мен оқушылар бірінші рет қашықтықтан оқуды үйреніп жатыр. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі – оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.
Қашықтықтан білім беру дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
ҚО ұйымдастырудың екі түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экраннын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы білімін жетілдіре түседі.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагигикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ПҚ БАИ ұйымдастыруымен онлайн режимде көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Оның ішінде біліктілікті арттыру курстары, облыс педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, семинар, конференциялар, байқаулар, қашықтықтан оқыту барысында педагогтердің кәсіби іс-әрекетінде әлеуметтік желілермен сандық білім беру ресурстары және пайдалы ресурстар сілтемелерін пайдаланудың басымдылығынмен таныстырыру жұмыстары. Біз бірлесе отырып барлық қиындықтарды жеңеміз. Біз біргеміз!