Home » Жаңалықтар » ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ЖАСАСАҚ, АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ЖАСАСАҚ, АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

? Биыл ІV тоқсан өзгеше басталды. Қашықтан оқыту барысында басында қиналғанымыз рас. Міне, оқу жылының соңғы тоқсанының екі аптасын еңсеріп, үшінші аптасын бастадық. Біз де, оқушылар да, ата-аналар да біраз төселіп қалдық.

? Осы уақыт ішінде қашықтан оқытудың бірнеше тиімді жақтарының бар екенін аңғардым.

✅ Қашықтан оқыту арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жасай отырып, олардың бойындағы дарынды анықтаймыз.

✅ Оқушылар жаңа сабақты түсініп қана қоймай, өзін-өзі бағалайды. Әрбір сабақта модульдерді тиімді пайдалана отырып, оқу мақсатына толық қол жеткіземіз.

✅ Және де тек оқушы мен мұғалімнің арасында ғана емес, ата-ана мен мұғалімнің арасында да тығыз байланыс орнайды.

✅ Қашықтан оқытуда мұғалім АКТ-ны ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырып, оқу мақсатына толық қол жеткізе алады.

✅ Мұғалімдер әлеуметтік желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үдерісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмаса алады. Сонымен бірге, әріптестерім қашықтан оқыту барысында бір-біріне көмектесіп, арамызда керемет ынтымақтастық орнады.

? «Орта білім берудің барлық пәндері бойынша Республикалық бейне-сабақтар конкурсына қатысып, конкурстың республикалық кезеңінде ІІ орын жүлдегері атанып, ынтымақтаса жұмыс істесек, алынбайтын қамал жоқтығына көзім жете түсті.

? Осылайша «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ынтымақтаса жұмыс істеп, бұл уақытша қиындықты еңсеріп, оқу жылын жақсы қорытындылайтынымызға сенімдімін.

? Біз біргеміз! Бірге бәрін жеңеміз!

Гүлжанат АРЫСТАНОВА,
№11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
Мұнайлы ауданы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.