Қашқынбай Дәрмен Нүргелдіұлы
Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар және инжиниринг
университетінің 2 курс магистранты;
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент
Айджанова З.Ж.
Адам күнделікті өмірі әртүрлі қақтығыстарға толы. Кейбір қақтығыстар тұтас континенттерді және ондаған елдер мен халықтарды қамтыды, басқалары үлкен және шағын әлеуметтік қауымдастықтарды тартты, үшіншілері жекелеген адамдар арасында болды. Ежелгі уақыттан бастап адамдар туындаған қайшылықтарды шешуге тырысады және шексіз қоғам туралы армандайдыҚақтығыстың шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін.
Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:
- I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.
Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі бар. Олар:
Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;
Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;
Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;
Республика халқының тұрмыс-тәрізінің әртүрлілігі;
Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.
Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т.б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.
II). Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне — ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:
Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.
Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.
Жеке тұлғалық-функциональдық – лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз.
Ситуациялық-басқарушылық – ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшының орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады.
Әрбір әлеуметтік топтардағы сияқты жалпы білім беретін мектептерге де әртүрлі қақтығыстар тән.
Педагогикалық сала жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру, әркетінің жинақталған түрі яғни өмірде көрініс табатын барлық тәжірибені оқушылардың санасына сіңдіру, дағды, іскерліктерді қалыптастыру. Сондықтан да мұнда педагогтар, ата-аналар және оқушылар үшін қолайлы, ұнамды, жағымды педагогика-психологиялық жағдай жаратылған болуы қажет.