Home » Мақалалар » Аяулы аналарға

Аяулы аналарға

Бүгінгі уақыт, қоғам балабақшада басты тұлға педагогқа жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы тәрбиешінің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған балаларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін балабақшадан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.                                                                                                                             Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық .

 

Қазіргі таңда Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ару Барс» бөбекжай балабақшасында аналар мерекесіне арналған шаралар қызу жүріп жатыр.

«Ару Барс» б/б директоры Р.С.Абилова бүлдіршіндер үшін барлық жағдайды жасап, ата-аналардың алғысын алуда.

Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған тәрбиешілерге  еңбектеріңіз жансын дейміз.Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымыздың  әр күні мереке болсын ,періштелердің мекенінде бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

Қымбатты әріптестер ! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл — күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш — жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

Педагог-психолог:Б.А.Досалиева
Сарыағаш қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.