Home » Жаңалықтар » М.О.Әуезовтың рухани шәкірттері

М.О.Әуезовтың рухани шәкірттері

      Нұр-Сұлтан қаласындағы Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында I қалалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Қазақ әдебиетінің алыбы, академик М.О.Әуезовтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл байқауға 100 ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.

Білім дариясының кемеңгері  Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы “осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым”-деп, білім мен ғылымның маңыздылығын айқын көрсетіп кеткен. Осы тұста  конкурс  мектеп оқушыларына Әуезовтың шығармалылығына қызығушылығын арттырып, жас зерттеушілерді анықтап, оларға әдеби мұрамыздың құндылықтарымен танысуға және оны насихаттауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың шығармашылық ғылыми жобалары  басты үш  “М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны”, “М.О.Әуезов және тарих”, “М.О.Әуезов және әлем әдебиеті” сынды тақырыптар бойнша қорғалды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен олардың жетекшілері Астана Дарыны орталығы мен  Білім және ғылым министрлігінің бас жүлде және  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға  конкурс  демеушілерінің атынан сый-сияпаттыры табысталды.

Өкеш Аружан
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.