2 маусым күні Сулейман Демирель атындағы университетте қызметкерлердің басшылықпен кездесуі өтті.
Жоғары оқу орнының ректоры және проректорлар 2021-2022 жж. оқу жылының қорытындысы бойынша есеп беріп, осы уақыт аралығында университеттің жеткен жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттармен, жоспарлармен бөлісті.
«Университетіміз 4 мәселеге басымдық береді: білім беру деңгейі, инновация, ғылыми зерттеулер, түлектеріміздің кәсібилігі. Түлектердің ұлттық, жаһандық тұлға болуы маңызды. Ал құндылықтарымыз: өмір бойы білім алу, инновация, шеберлік, үйлесімділік, адалдық. Осы құндылықтарымыз заманға сай жаңарып отыруы керек», – деді СДУ ректоры Давронжон Гаипов.
Жиынның екінші бөлімінде қызметкерлер ректорға көкейінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты.