Әлімхан Сафура,
Алматы облысы Іле ауданы,
Қазцик ауылы
№42 орта мектебі
педагог ұйымдастырушы
« Бақытты балалар –бейбіт елдің тірегі»
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ертеңгі ел тізгінін ұстар өскелең ұрпаққа даңғыл жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген 2022 Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы, бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»,- деді Президент.
Мемлекет басшысының балалардың жарқын болашағы үшін көтерген бастамасына қолдау көрсете отырып, Алматы облысы,Іле ауданы, Казцик ауылы №42 орта мектебі 2022 жыл Балалар жылы аясында «Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты, адами құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, балалардың жеке қабілеттерін дамыту, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Мерекелік іс-шара ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жыл Балалар жылы деп жариялаған Жарлығының міндеттері мен мақсатттарын таныстырумен басталды.
Оқушылар М. Мақатавтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, Алғыс хаттармен мар
апатталды. 4 «Ғ» сынып оқушылары «Бала қуыршақ» биін билесе, 5 «Г» сынып оқушылары «Қазақ елі» әнін орындады. 2 «А» сынып оқушылары «Туған елді сүйемін» әнін айтып би биледі, 3 «А» сынып оқушысы А.Нүсіпахмет «Туған жер» әнін жанды дауыста шырқады. Оқушылар үзіліс уақытында жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштарды жатқа айтудан сайысқа түсіп арнайы сыйлықтарға ие болды.
Мектебімізде балалар жылына арналған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады.