Home » Сценарийлер » Аққала хиқаясы

Аққала хиқаясы

Павлодар облысы
«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорыны
Тәрбиеші: Серікбай Әсем Серікбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар: үлкендер: Аяз Ата, Аққала, Мыстан, Ақшақар, Қоян

Балалар: дәрігер, пираттар, ақшақарлар, аққалалар

Балалар музыка залына кіріспен кіреді

Жүргізушінің құттықтау сөзі.

2 тақпақ жүргізуші бала Айсұлу, Хан

Ән «Шыршаға бардық»

Әннен соң орындарына отырады.

Аққала жүгіріп кіреді, қолында хаты бар.

Аққала:

Аппақ томпақ Аққала мен боламын

Суыққа да аязға қуанамын

Аяз Ата хат берді, айтсын деді

Келіп қалдым балалар күтсін деді

(теңселеді) ой- ой- ой, ой- ой- ой! Маған не болды? (жайлап  отырады)

Жүргізуші: (жанына жылдам барып, орындыққы отырғызады) Аққалажан, саған не болды? Ауырып қалғансыңба?

Аққала: Өзім де білмеймін не болғанын. Әлде еріп барамынба? (өзін шымшып көріп) жоооқ ерімеппін. Аааххх (талып қалады)

Жүргізуші: (телефонын алып,гудок дауысынан кейін) Алло. Ауруханама?

Дәрігер бала: Алло тыңдап тұрмын (деп жатқан кезде Мыстан дәрігердің қолынан телефон тұтқасын жұлып алып дәрігер болып сөйлейді. Екі пират дәрігер баланы шығарып жібереді)

Жүргізуші:Маған дәрігер керек. Біздің Аққала ауырып қалды. Болды! Күтеміз!

Музыкамен Мыстан дәрігер болып  кіреді,қолында бақалар сорпасымен кастролі бар, аққалаға келіп тыңдап, қарап

Мыстан Дәрігер: Бәрі түсінікті! Сендердің Аққалаларың аштан құлаған. Бұны тез арада тамақтандыру керек!

Жүргізуші: Аққалалар не жейді екен? Дәрігер сіз буын бұрқыратып ыстық сорпа әкелдіңіз бе?

Мыстан: Аққалаға арнайы бақалардан қайнаттым. «ку ку» деген сорпа. Керемет дәмді сорпа. Аққала ішсе жазылып  кетеді. (сорпаны шырша жанына қояды)

Мыстан: Мен орман ауруханасына медбике болып жұмысқа кірдім, сонда апарып аяққа тұрғызып жіберемін өзім.

Мыстан Аққаланы жетектеп алып кетеді.

Жүргізуші: балалар мен бір нәрсені түсінбедім, шынымен бұл дәрігер болды ма? Қалай ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары

1 пират:Ол біздің орманымыздың мыстаны

Жүргізуші: Ох, Мыстан қайт ендеше! Туффф алысқа ұзап кетті ғой! Балалар, Аяз Атаны шақырмасақ болмайды. Аққаланы құтқару керек. (барлығы Аяз атаны 3 рет шақырады)

Аяз ата кіреді.

Амансың ба ұлдарым

Аяз  Ата:

Амансыңба қыздарым

 

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

  • Балалар не болып қалды? (жүргізушімен біргебалалар айтып береді) қорықпаңдар. Сиқырлы орманға дейін жол алыс- Мыстан әлі жете қойған жоқ. Біз оны шатастырамыз қазір. Сендерде қар барма? Қане аппақ қарлар ортаға шығып Мыстанның жолын бөгеңдер.

Қыздар ұлпақарларды алып Аяз атанының жанына келіп сәйкес қимылдар жасайды

Аяз Ата: Ал мен сиқырлы сөздерімді айтайын.

Аққар , аққар айналып, боран болып соғыңдар

Мыстан жолдан адасып, балабақшаға оралсын

Мыстан көңілді ал Аққала әлсірепмузыкаға сәйкес айналып кіреді. Кірген соң Аққала әлсіреп қайта орындыққа барып талып құлайды)

Мыстан: Ой , ой, ой. Мен басқа жолға түсіп кетіппін ғой. Адастымғой деймін, қалай қарай жүру керек еді?

Аяз Ата: (қасына келіп) Мыстан

Мыстан: (қорқып) мен….. анау….. орман ауруханасына………. міне мына жақа, Аққала ауырып қалған соң… оған….

Мыстан: Ия

Аяз Ата: Сорпа

Мыстан: Ия

АязАта: «ку ку»

Аяз Ата: Бақалардан?! (ашуланып айтады)

Мыстан: Енді немен болушы еді. Осы өзің білесіңбе Аққалалар не жейтінін?

Аяз Ата: Мен білемін. Ал сен білесіңбе?

Мыстан: МММ мен білмеймін.

Аяз Ата: онда неге біздің Аққаланы алып кеттің?

Мыстан: мен омен сырғанаймын деп ойлағам жазылғансоң

Аяз Ата: ол қалай жазылады сен оның не жейтінін білмесең. Кет бұл  жерден!

Мыстан: болды кетіп барамын. Бірақ мен сендерге әлі көрсетемін.

Аяз Ата: сен әлі тұрсыңба

Мыстан: қазанымды алсам болама

Аяз Ата: ал да кет

Мыстан: пф рахмет.  Сендермен ісім әлі біткен жоқ, өзім кетіп бара жатсам да, менің кішкентай достарымды ренжітпеңдер. Олар барлығы өнерлі, теңізден арнайы маған орманға қонаққа келді. Мен кеттім, ал сендер достарым өнерлеріңді көрсетіңдер

Мыстан шығып кетеді

Би Пираттар биі

Тақпақтар Аңсаған, Темірхан, Айнұр, Арлан, Дияс

3

Аяз Ата: жарайсыңдар балалар, бірақ Мыстан сияқты бұзықтық жасамаңдар, қане орындарыңа отырыңдар.

Аққала көзін ашады.

Аққала: маған не болған

Жүргізуші: (қасына келіп, тұруға көмектеседі)

Қымбатты Аққала , сен бізді қатты қорқыттың. Біз тіпті дәрігер шақырдық. Ол сенің қарның ашып құлағаныңды айтты. Не жейтініңді айтпады.

Аяз Ата: Ол деген өте оңай ғой. Аққала неден жасалған? Дұрыс қардан. Демек оған қар жеуге болады. Ал оған біздің ақшақарларымызкөмектессін.

Ақшақар балалар ортада «Ақшақарлар» биін билеп, бидің соңында Аққалаға шыршанын түбінен қарларды береді.

Би «Ақшаларлар»

Тақпақтар Жанель, Жанел, Кәусар, Медина

Аяз Ата: міне Аққала жазылып кетті. Енді Ақшақарды шақырайық (шақырады барлығы)

Мыстан Ақшақардың киімін киіп келеді.

Мыстан: Сәлем бердік. Мен Ақшақармын

Аяз ата: Мен сені танымай қалдым қызым

Мыстан: Мен ғой бұл, Аққаланы алып кетейін деп келдім ата. Біздің ормандағы үйге апарамын.

Аяз ата: балалар, сендер Ақшақарды таныдыңдарма?(мыстанның жанына барып) Мыстан сен баяғы әдетіңді әлі қоймағансыңба иә? Ақшақар қайда, айт жаныңның барында?

Мыстан: Аққаланы бермесеңдер айтпаймын

Аяз Ата: Не істесек екен балалар

Аққала: Мен білемін. Қане менің кішкентай достарым, өнерлеріңді көрсетіңдер

Би «Аққала» 8 ұл бала

Биден соң барлық аққала шырша жанында тұрады.

Аяз Ата: сен іздеген аққала қайсы тап

Мыстан: (аққалалардың жандарына келіп, әрқайсына қарап) мынау, әлде мына….. жоқ , мынау….. мүмкін мынау шығар. Ой басым қатып кетті.

Жүргізуші даярық: Мыстанды одан әрі шатастырайық бірігіп «Аққала жасаймыз» ырғақты ойынын ойнайық

Аяз Ата: таппаған екенсің бар енді. Біз саған аққаланы бермейміз . Қане айт Ақшақардың қайда екенін айтпасаң мұзға айналдырып жіберемін.

Мыстан: мен орманға барып сол қызды жіберемін сендерге

Аяз Ата: тез кетпесең сазайыңды беремін

Мыстан қашып кетеді. Аққала да рахмет айтып қоштасып шығады. Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Армысың ақ атам. Армысыздар қонақтар мен балалар. Мен Аққалаға не болғанын білемін. Жаңа жыл қарсаңында ондай жағдайлар болып  тұрады. Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын. Аққаланың көңілін көтеру керек, сол кезде оның көңіл күйі жақсарады

4

Ән Аққала (даярлық)

Ырғақты ойын: «Аққала жасаймыз» (ересек)

Тақпақтар Амиргуль, Сұлтан, Турар, Марлен, Нұрлан, Алимжан, Айбар

Аяз Ата: айдай сұлу қызым менің. Сен келіп аққала мен балалардың жүздері жайнап кетті гой. Ал енді мерекені жалғастыра берсек те болады.

Ақша қар: Жаңа жыл неткен керемет мереке, қараңдаршы шыршаға қандай әдемі, ойыншықтары да көп.  Шырша шамы жанбай тұр екен балалар, қане барлығымыз бірге шырша шамдарын жағайық:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!  (жанбайды)

Ақша қар: Сендер өте жай айттыңдар, қане даусымызды шығарып айтайық, қонақтар сіздерде бізбен бірге айтыңыздар. ( барлығы айтып, шырша шамы жанып, қол шапалақтайды)

Ән  «Жаңадан тақпақ»

Тақппақтар шырша туралы Нұрлан, Назгүл

Жүргізуші: Шыршамыз да жарқырады, ендеше ойын ойнайтын да кез келген сияқты, Аяз атамен бірге шыршаны айнала «Көңілді аялдамалар» ойынын .

Ойын. «Көңілді аялдама»

Ақшақар: Аяз Ата балалардың сыйлықтарын беретін кез де келді.

Аяз Ата: әрине, сыйлықтар мұнда. Мінекей. (іздейді) болған осы жерде (басын ұстап) қайда ұмыттым кеттім екен. Орманда ма, жолда ма, тоғайда ма, тауда ма. (іздейді, шыршаның түбінен табады)

Аяз Ата: мұнда екен ғой менің қабым. Мынау шешілмейдіғой.

Ақшақар:барлығымыз қол шапалақтайықшы (залға билеп қоян келеді)

Аяз Ата: мынау неткен ғажайып, сыйлық қайда халайық

Қоян: Мен қоянмын, Жаңа жылмын! Менен қорықпаңдар. Мен сендермен бір жыл бірге боламын. Ата сен неге көңілсізсің?

Аяз Ата: балалар сыйлықсыз қалды

Қоян:жоқ Ата сыйлықтар, осы қапшықта.

Аяз Ата: жарайсың Қоянжан. Сыйлықтар да табылды.

Ақшақар: енді сыйлықтарды табыстайық

Аяз Ата, Ақшақар қоштасып кетеді.

Жүргізуші: құттықтап қоштасады.

 

Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

 (Жаңа жылдық сценарий)

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.