Касымова Асима
КМҚК «Павлодар қаласының
№ 48 санаторлық сәбилер бақшасының»
логопеді
Казіргі кезде тіл кемістігі бар балалар саны күннен — күнге артуда.. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады.
Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі логоритмика.
Әртүрлі дәрежедегі тілдің кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл-ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға боп қалыптасуына кедергі болады, психикалық ауытқуға ұшыратады, баланың тұйық, сенімсіз, жасқаншақ болып өсуіне әсерін тигізеді. Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі – логопедиялық ритмика, бұл – белсенді терапияның бір түрі.
Логоритмика – қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әр түрлі қимылдар арнайы сөздік (сөйлеу тілдік) материалдың сөздерін қайталаумен бірігеді. Ол белсенді терапияның түрі, сөйлеу тілдік немесе тілдік емес психикалық функцияларын дамыту мен түзету жолдарымен сөйлеу тілін және қосалқы бұзылымдарды түзетеді, соңында адамды ішкі және сыртқы ортаның жағдайына бейімдейді. Логоритмика сабақтарының әсерінен балаларда жүрек сосудтарының, тыныс алуының, қимыл-қозғалысының, сенсорлық жағдайының, сөз-қимылды әрекеттерінің жағымды түрде қайта құрылуы жүреді және тұлғаның ерік-жігер сапалығын тәрбиелейді.
Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы баланы дамыта- тәрбиелеу және түзету бағытымен қимыл-әрекет аймағын сөзбен және музыкамен біріктіріп сөйлеу тілінің бұзылымдарын алдын-алу және түзету.
Логоритмикалық сабақтарда бірнеше мақсаттар арттырылады:
-артикуляцияның қимылдарын нақтылау;
-фонематикалық қабылдауының дамуы артады;
-сөздік қоры кеңейтіледі;
-Қимыл-әрекет есте сақтауы және есту зейіні дамиды;
-жалпы және ұсақ моторикасының қимылдары артады;
-қимыл-әрекетінің нақтылығын, үйлесімділігі қалыптастырылады;
-әуенді-интонациялық және просодиялық компонент терінің дамуы артады;
-шығармашылық қабілеті артады;
Логоритмикалық сабақтарға саусақ ойындары немесе саусақ массажы, көзге арналған жаттығулар, әуен арқылы әр-түрлі бағытта жүру, жүгіру, тақпақ-өленнің сөздерін қимыл-әрекетпен көрсету, мимикалық жаттығулар, сонымен қатар әуен арқылы релақсация жаттығулары, сөзұйқастар, әуенді, сөйлеу-тілді ойындар кіріктіріледі. Түрлі ритмикалық қимыл-қозғалыстар адамның ми жұмысын белсендіреді. Сондықтан, интеллектісі айқынды дамымаушылығы бар балаларымен логоритмика сабақтарын ерте жастан бастау қажет.
Мысалы:
«Балақай»
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (екі қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкі болып қашамыз (бір орындарында тұрып жүгіреді)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (бәрі орындарына отырады).
Бала, бала, балақай, Қол соғайық, алақай!
Бір, екі, үш деп айтайық, Саусақтарды тартайық.
«Жаңбыр кап!»
Құс: кар, кар, кар (қанаттар)
Жел: хлоп, хлоп, хлоп! (алақанды шапалақтау)
Жаңбыр: кап, кап, кап ( алақанын тізеге соғу)
Аяқтар: шлеп, шлеп, шлеп! (аяқтарын кезекпен топылдату)
Балалар: Ха, ха, ха! (алақандарын жайып, қолдарын алға созу)
Мама: Ах, ах, ах! (екі қолмен басын ұстап, басын шайқау)
Жаңбыр: Кап, кап, кап! (алақанын тізеге соғу)
Бұлт: Бах, бах, бах! (аяқтарын тарсылдату)
«Құмырсқалардың жаттығуы»
Құмырсқа ерте оянды ( жүрлеп отырып, көздерін уқалайды)
Керілеміз! ( тұрып, керіліп — созыламыз)
Тік тұрамыз ( қолдарын төмен түсіреді)
Секіреміз (екі аяқпен секіру)
Жаңа күн басталады!
Біз әрқашанда бірге, көңілді
Өмір сүреміз (бір орында жүгіру)
«Шар»
Тез шарды үреміз (қол саусақтарын біріктіру, сосын жазу)
Шар үлкейе түсті (жаймен қолдарымен екі жаққа созу)
Шар кенет жарылып кетті (алақанын шапалақтау)
Жел шығып кетті «алақанға үрлеу)
Шар жіңішке, кішкене болып қалды(қолды бір — біріне қосу)
Кішкентай орындай алатын гимнастикалық және би жаттығулары, дыбысты аспаптармен ырғақта жаттығулар жасау, еркін қимылдар, ойындар сазды әуенмен қатар жүреді, бұл бүлдіршіндердің ырғақ сезімін, сазды ести білу қабілеті мен жадын дамытып, сазбен жеткізу құралдарын түсінуіне, оларды дыбыстық саралай білуіне ықпал етеді.