Home » Мақалалар » ҚазҰУ-ғылым мен білім ордасы

ҚазҰУ-ғылым мен білім ордасы

Нурахметова Г.Г.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының з.ғ.к., доцент
ҚазҰУ-ғылым мен білім ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,Қазақстанда  білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде барлық саласында табысты еңбек етуде.   Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұямыз биыл 90 жылдық мерекесін атап өтті

ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын арттырып,білікті мамандар санын көбейтуде. Факультет миссиясы-қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін,құқықтану саласында кәсіби құзыреттілікке ие, көзқарастар мен құндылықтарға сай жаңа буындағы заң кадрларын қалыптастыру,мықты маман дайындау. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады.
ҚазҰУ — сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ — талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ — студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған.  Қорытындылай келе,университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.

One comment

  1. Раманкул Мереке

    ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аймақтың бай зияткерлік мұрасы мен академиялық жетістіктерге деген ұмтылысының айғағы болып табылады. 1933 жылы құрылған университет өзінің қатаң академиялық бағдарламаларымен, озық зерттеулерімен және белсенді мәдени атмосферасымен танымал беделді оқу орнына айналды.
    Әл-Фараби университетінің мұрасы оның ілімі ғалымдардың ұрпақтарын шабыттандыратын әйгілі философ Әл-Фарабидің атымен терең тамырлас. Университеттің әртүрлі профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер ұжымы идеялармен еркін алмасатын және интеллектуалды қызығушылықты дамытатын динамикалық оқу ортасын жасайды.
    Кішіпейіл басынан бастап университет әртүрлі оқу салаларында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының кең ауқымын ұсынатын көп салалы қуат орталығына айналды. Гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік немесе әлеуметтік ғылымдар саласы болсын, әл-Фараби университеті студенттерге үнемі өзгеріп жатқан әлемде өркендеу үшін қажетті құралдар мен білім береді.
    Ғылыми зерттеулер мен инновациялардың алдыңғы қатарында университетте өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге және негізгі салалардағы білімді ілгерілетуге арналған көптеген ғылыми орталықтар мен институттар орналасқан. Медицина мен технологиядағы жаңашыл жаңалықтардан бастап, экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттілік саласындағы ілкімді күш-жігерге дейін әл-Фараби университетінің зерттеу бастамалары ұлттық және халықаралық деңгейде ауқымды әсер етеді.
    Сонымен қатар, университеттің халықаралық ынтымақтастық пен алмасуға деген ұмтылысы оның академиялық қауымдастығын одан әрі байытып, мәдениеттер арасындағы түсіністік пен жаһандық серіктестікті дамытады. Бірлескен ғылыми жобалар, студенттер алмасу және академиялық конференциялар арқылы әл-Фараби университеті әлемдік академиялық аренада жетекші ойыншы ретінде өзін көрсете отырып, дүние жүзіндегі оқу орындарымен байланысын нығайтуды жалғастыруда.
    Қазақстан әлемдік аренада өзін танытуды жалғастыруда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті академиялық жетістіктердің шамшырағы және еліміздің білімге, ғылыми зерттеулерге және инновацияларға деген ұмтылысының символы болып қала береді. Өзінің тарихқа толы өткені мен келешегі зор университет Қазақстанда және одан тыс жерлерде көшбасшылардың, ойшылдардың және өзгертушілердің келесі ұрпағын қалыптастыруға дайын.

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
    Механика-Математика факультеті
    Есептеу ғылымдары және статистика
    мамандығының 1 курс студенті
    Раманкул Мереке

    Филология фокультеті
    Шет тілдері кафедрасы
    Аға оқытушы
    Жубанова К.Х

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.