Home » Мақалалар » Ана тілімізді қадірлей  білейік

Ана тілімізді қадірлей  білейік

Сүйіндік Диана Әлімжанқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Шымкент  қаласы
№138 Жалпы орта білім беретін мектебі

Тылсым табиғаттың адам баласына тарту еткен тамаша да дарқан сыйының бірі – тіл. Тіл – сирек кездесетін қоғамдық феномен, сыры мол ғаламат дүние. Не көп, жер бетінде тіл көп. Оның саны қазіргі күнде 2 мыңнан асып отыр. Біздің елімізде туыстық жағынан бірнеше топқа бөлінетін 130 дербес тіл бар екен. Олардың ең ірісі – славян тобы. 171 Совет Одағындағы тілдердің тағы бір ірі тобы – түркі тілдері. Оған өзбек, татар, қазақ, әзербайжан, түрікпен, қырғыз, ноғай, башқұрт, қарашай-балқар, қарайым, гагауыз, түрік, қарақалпақ, чуваш, сақа  ұйғыр, хакас, алтай, тува, тофалар, шор т. б. жиырмадан астам дербес тіл енеді. Түркі халықтарының жалпы санына шаққанда Совет Одағындағы әрбір он адамның бірі осы аталған түркі тілдерінің біреуінде сөйлейді екен. Түркі тілдер семьясына жататындардың бірі – кең-байтақ Советтік Қазақстан жерін мекендейтін қазақ халқының тілі. Қазақ топырағында туып, қалыптасып, дамып, халықтық, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген, тамаша тарихы бар, дәстүрі мол, болашағы жарқын ҚАЗАҚ ТІЛІ. Бұл – біздің ана тіліміз, қадірлеуге де, қастерлеуге тұратын рухани қазынамыз, ұлттық байлығымыз. Жас нәресте үшін ана тілі о баста ана аузынан шыққан алғашқы асыл сөз, ыстық та етене лебіз іспеттес болғанымен, оның есейе келе ана тілін толық меңгеруі алдымен семья жағдайынан басталса, бара-бара ол туғантуысқан, көрші-қолаң, жолдас-жоралармен араласу арқылы, ауыл-аймақ, ел-жұрт ортасында өмір сүруге байланысты қалыптасып, дамып, жетіліп отырады. Сөйтіп, адам өз тілін өмір бойы өзі өмір сүрген ортадан үйренумен болады. Әрбір адамның тілі жас кезінен бастап осындай бір белгілі ортада қалыптасуына байланысты, ол сол ортаның тілдік дәстүрін, кейбір жергілікті ерекшеліктерін бойына сіңіріп, көпке дейін сақтауы мүмкін. Оның ешбір айып-шамы жоқ, бұл барлық тілдерде болатын табиғи заңдылық. Ондай өлке тілінің өзгешеліктері әдеби тілді жетік меңгеруге байланысты өзінен өзі-ақ тілдік қолданыстан қалып қойып отырады. Өйткені, жалпыхалықтық тілдің негізінде, немесе оның бір аймақтық диалектісі негізінде калыптасқан жазу дәстүрі бар, көпшілік қолды әдеби тілімізде таза сөйлеу, сауатты жазу әркімнің білім дәрежесіне, мәдени өрісі мен өмір тәжірибесіне байланысты жүре пайда болатын тамаша қабілетті әркімнен-ақ талап етеді. Ана тілі арқылы адам дүние таниды, білім алады, өнер үйренеді, ғылымды игеріп, творчествоға құлаш ұрады. Coл ана тілімізді біз жақсы білеміз бе, оның нендей сыр-сымбаты бар, оның ұшан-теңіз байлығын қалай меңгердік? Ана тілінің табиғаты туралы бұрын-соңды ойланып көрдік пе? Ойға орала беретін осы бір сауалдар бәрімізге де ортақ сияқты. Бірақ оларға берілетін жауап, меніңше, бірдей бола бермеуі мүмкін. Қай тіл болмасын, ол адам қоғамы тәрізді ұзақ өмір сүреді, оның өзіндік тарихы, басып өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің жасын тап басып, ашып айту кімге болса да қиын. Өйткені, бұл тарихи сүрлем – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау-қырқаларында жатқан сыры мол, ғаламат дүние. Дегенмен, кейбір жазба, қазба ескерткіштерге қарап, туған өлкенің жер-су атаулары мен сөздік қорымызда сақталған көненің көзі іспеттес деректерге сүйене отыра, көз жетпесе де ой жететін тілдің тарихи даму белестерін елестетуге болатын сияқты. Мәселен, қазақ тілінің халық тілі болып қалыптасу дәуірін XIV–XV ғасырлар десек, оны тарихымыздағы белгілі саяси-әлеуметтік жағдайға, бытырап жатқан ру тайпалардың бірлесіп бір тұтас халыққа айналуына байланысты айтамыз. Бірақ бұл халқымыздың этнолингвистикалық тарихының ұшар басы емес, белгілі бір кезеңі ғана. Ал оның көзі әріден басталып, тарихи соқпақ бізді сонау орхон-енисей дәуіріне жетелейді

27 комментариев

  1. Улмекен Ахмедова

    Өте керемет жазылған. Сізге үлкен сәттілік. Алдағы уақытта тәтті жемісін көре беріңіз

  2. Сөздеріңіз өте орынды, осы қалпыңыздан таймаңыз!

  3. Керемет…Тек алга багындырар белестерын коп болсын

  4. Осындай жастарға қызыға қараймын. «Талаптыға нұр жауар»деп осындай жастарға айтылған.

  5. Амангул

    manapovaamangul7@gmail.com Тек алга. Жарайсын Саган артар сенымымыз мол ..

  6. Я өте керемет айтылған. Биіктерден көріне беріңыз.

  7. Салтанат

    Керемет..Биік шыңдарды бағындырып ,үлкен жетістіктерге жетің

  8. Алтынай

    Өте керемет айтылған. Талабыңызға нұр жаусын. Сізге сәттілік тілеимін.

  9. Толғанай

    Биік белестерден көріне беріңіз

  10. Керемет👍 Алар асуыныз биик болсын🤲

  11. Өте керемет😍 Биік белестерден көріне беріңіз. Сізге сенеміз 👍

  12. Керемет текқанна алға.Сәттілік

  13. Есенбек өте дұрыс атасын талыбңа нуржаусын биктерден көрінебер

    өте дұрыс атасын талыбңа нуржаусын биктерден көрінебер

  14. Гулмира

    Талабыңа нур жаусын.Тек алға!

  15. Аділбек

    Жараисың күшті👍

  16. Сәттілік!🙂

  17. Таңшолпан

    Сәттілік күшті 👍

  18. Талабың жемісті болсын .

  19. Өте керемет,жарайсың!!!

  20. Кушти🤗🤗🤗жарайсын

  21. жараисң тек алға өрлебер

  22. талабыңа нұржаусын те қана алға

  23. Еркінбек

    жарасың тек сатілік тілеім алға

  24. Асылбек

    Биік белестерді бағндырабер

  25. Биікасуларды бағындырабер

  26. Айтолқын

    Жақсы сізге сәттілік😘

  27. Айымгүл Намихановна

    Ізденімпаздық пен жаңашылдыққа ұмтылған,еңбекқор,кішіпейіл жастарымызға сенеміз! Жарайсыз,Диана Әлімжанқызы! Бағындырар белесіңіз көп болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.