Муханова Бибигуль Каражановна, тәрбиеші
Астана қаласы. №30 «Қайнар» балабақшасы
Тақырыбы: «Біз театрға барамыз»
Мақсаты: Балалардың театр туралы түсініктерін жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу мен диалог және монолог құруға, ертегі желісін түсініп, кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз образдарын ажырата білуге үйрету. Өзіне деген сенімділігін, қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын, мимика, пантомимикасын, шығармашылық және сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Театр мәдениетіне, өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, суреттер, қуыршақтар, алжапқыш.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, ойын жаттығу, монолог-диалог, АКТ.
Билингвалдық компонент: театр-театр, актёр-актёр
Шаттық шеңбері: —Менің досым қайда? ( Бір-бірінің қолынан ұстайды).
-Кешірерсіз, көрмедің бе, сен оны? (Екі қолын ашып, иығын көтереді).
-Досыңыз қандай еді? (Екі қолын созып, алақаның ашады).
-Оның шашы қандай? (Қолын басына апарады).
-Үстіндегі киімі қандай? (Киімін көрсетеді).
-Ә-ә, міне таптым ( Бір-бірінің қолдарынан ұстайды).
-Достым келші, қолыңды берші.(Қолын береді).
Сәлеметсіздер ме? Амандасып алайық!
Келіңіздер! Көріңіздер! Тездетіңіздер! Сіздерді бүгінгі жақсы көңіл-күйлеріңізбен өзіміздің театрымызға шақырамыз!
-Балалар, сендер ата-аналармен бірге театрға барып көрдіңдер ме? -Иә, бардық! —Театр туралы не білесіңдер? -Балалар: — Театр қойылымдар мен ертегілер көрсететін орын. —Театрда ойнайтын, қойылым қоятын адамды кім деп атаймыз? -Балалар: -Актёр -Қандай театр түрлерін білесіңдер? -Балалар:
- «Қуыршақ» театры 2. «Көлеңке» театры 3. «Үстел үсті» театры 4. «Конус» театры 5. «Ойыншықтар» театры 6. «Саусақ» театры 7. «Стенд –кітапша» театры 8. «Бетперде» театры 9. «Орамал» театры 10. «Трафарет» театры 11. «Еден» театры 12. «Тонтамареска» театры 13. «Қысқыш» театры 14. «Суреттер, картиналар театры. (Слайд арқылы көрсету)
- Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендер де актёр болып, ойнағыларың келе ме?
- -Балалар: — иә, актёр болғымыз келеді.
- —Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек?
- Балалар: — Әр түрлі көңіл-күйді білуіміз керек.
- Тәрбиеші: Әр түрлі көңіл — күйді көрсете аласыңдар ма?
- Балалар: — иә,білдіре аламыз. (мысалы: қуану, ренжу, ашулану, таңдану).
Тәрбиеші: — Балалар, экранға назар аударайық.
1-слайд көрсету. «Қызыл телпек» ертегісінде қыздың қасқырмен кездесуін әңгімелету.
Қасқыр: Ку-ку-ку.
Қызыл телпек: «Ой, көкек», көкек айтып берші, менің себетімде қанша бәліш бар?
Қасқыр: Ку-ку-ку.
Қызыл телпек: Ол кім менімен ойнап отырған? Көкек шықшы көрейін сені? Қасқыр: Ку-ку-ку, Қызыл телпек, ку-ку-ку кішкентайым. Қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек: Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын.
Қасқыр: Ал, әжең қайда тұрады?
Қызыл телпек: Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда.
Қасқыр: Жарайды, мен сенімен бірге сол ауылға барамын.
2-слайд көрсету. «Алжапқыш» театры. «Шалқан» ертегісіндегі ата мен әженің әңгімелесуі.
Сергіту сәті: «Ух» дедім. «Тух» дедім. «Ой!» дедім. «Ах!» дедім. «Ех!» дедім. «О!»дедім. «И!» дедім.
Мен неге өйттім?
Кім айтар себебін?
Шаршадым:- «Ух» — дедім.
Ренжідім: — «Тух» — дедім.
Қорықтым: « Ой!» — дедім.
Таңырқап: «О!» дедім.
Біліп ап: «Е!» дедім.
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен танысамыз. Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және басқа жан-жануарлардың бәрі де жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы: — Менің үстіме адам мінсе, алысты жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін арқан еседі, менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, — дейді.
Түйе: — Сен адам жұмысын қылсаң, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, көп айшылық жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлге шыдап жүре беремін. Жыл ағасы болу маған лайық, — деді.
Сиыр: — Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді.
Қой: — Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күбі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, — деді.
Ит: — Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұры алып, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен бәріңнің бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық: — Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен таңертең ерте тұрып шақырып, хабар айтамын, таң атты деп. Көп отырса, жұмысыңнан қаларсың, жатар уақыт болды деп түн ортасында дашақырамын, демалар мезгіл болды деп, — деді.
Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір қулық ойлап, жиналған көпке айтты:- Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, — деді.
Түйе бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Сонымен бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болады. «Түйе бойына сеніп құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.
Қортынды: — Балалар, қандай керемет қойылым болды. Сендер өте өнерлі, мықты екенсіңдер. Жарайсыңдар! .