Астана қаласы
Шәкәрім атындағы
№ 56 мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Ибрагимова Тоты Жунусовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат-әсемдік әлемі»
Мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Балалар, сынып сағатымызды бастамас бұрын, тақтадан мына видеоны қарайық.Видео табиғаттың сұлулығына байланысты. Бұл видеодан нені көрдік? Табиғат.Ендеше оқушылар бүгінгі сынып сағатымыз «Табиғат әсемдік әлемі» тақырыбы туралы болады. Табиғат-күллі тіршіліктің атаулысының құтты қоныс мекені,алтын ұя,тал бесігі. Барлық адамзатқа ауа,су,жер , орман ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу,жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.
Тыныштық сәті: Балалар, денелерінді тік ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Бізді қоршаған барлық тіршілік иелерін аялап, қорғап, қамқор жасап жатқанымызды сезінейік. 2 минут отырады. Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғатқа қамқорлық жасағанымызды көз алдымызғы қалай елестеттік. Оқушылар өз ойынларын айтады.
Тақпақтар: Айзере, Арайлым, Әкежан, Асыл, Нұркелді,Альбике.
Рамазан.Ортаға жер шығып, айналып , көңілсіз,мұңайып жүреді.
Күн: Амансыз ба? Жер-ана! Жер-Ана, сонша неге мұңайдың. Неге көңіл-күйіңіз жоқ? Мен сияқты жарқырап,күлімдеп жүрмейсіз бе.Жан-жағыма шуағымды, жылуымды шашып жүремін. Адамдарға қуаныш сыйлаймын.
Жер: Достым, неге мұңаймасқа. Айналаға қарашы. Не болып жатыр. Айналамыз қоқысқа толып кетті.Судың жағдайы да мәз емес Өзен-көлдер ластанып, тартылып қалды .Су өсімдіктері, балықтар, құстар қырылып жатыр.. Полиэтиленді пакеттер, пластикалық бөтелкелер. Адам өз қолымен табиғатты ластауда.
Су:Иә,дұрыс айтасыз Жер-Ана! Су деген тіршіліктің қаны емес пе, Су деген табиғаттың жаны емес пе! Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе? Сусыз жер бетінде тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ адамдар суды ластап, қоқыстарын суға ағызып ,зиян келтіруде.
Нұркелді: Жер-Ана, су дұрыс айтасыздар. Адамзат табиғатты қорғаудан қалды. Жер бетін пластиктан жасалған заттар жаулап алды. Табиғат атадан қалған мирас. Адамның табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
Имран: Мен шыршамын. Шыршаның ауа тазартатын қасиеті бар. Мәңгі жасыл өсімдікпін. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымалмын. Өкінішке орай жаңа жыл мерекесі кезінде адамдар аяусыз кеседі.
Әкежан:Ағаштар ауаны шаң-тозаңнан тазартады.Орманды қалпына келтіру өте қиын. Және ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Табиғат – атадан қалған мирас.
Альбике:Ағаштар құстар мен жәндіктерге қорек беріп, пана да болады.Бірақ ормандар жыл өткен сайын азайып барады. Ағаштарды аяусыз кеседі.
Айзере:Ормансыз құстар, адамдар, жануарлар өмір сүре алмайды.Аң-құстарды ыстық күннен,қатты желден және жауыннан қорғайды.
Мадина:Орманға адамдар көбінесе демалуға, тынығуға келеді. Бірақ өкінішке орай демалушылар арттарынан қоқыстарын шашып, немесе отқа тамақ дайындаған соң артынан қалған шоқты өшірмей кетеді. Соның салдарынан орманда өрт болады.
Күн:Достар ,тыңдандар. Бізге орманға серуендеуге жас экологтар келіпті. Соларды тыңдасақ қайтеді. Жас экологтар ортаға шығады.
Арайлым:Достар, табиғатқа барып серуендеп келейік. Таза ауа жұтып, көз тоймас табиғаттың сұлулығын тамашалайық. Жүріндер.
Асылжан: Иә, біздің жеріміз кең, өзен-көлдеріміз ,биік таулар,баға жетпес орманымыз бар.
Димаш: Жан-жағымыз жап-жасыл шөп, құстардың сайраған дауыстары,сарқырап ағып жатқан судың дыбысы. Қандай тамаша!
Асыл: Жайқалған жасыл шөп, әдемі гүлдер, гүлдерге қонған сан алуан түсті көбелектер. Керемет!
Нұрдаулет: Туу, балалар,мен шаршап кеттім. Демалайықшы. Қарным да ашып кетті. Сусап кеттім.
Балалар отырып демалады, суларын ішеді. (Судың бөтелкесін отырған жеріне лақтырып кетеді.
Арайлым: Нұрдаулет, сен дұрыс істемедің. Қоқысты лақтыруға болмайды. Қазір әлемді осы пластикалық шөлмектер, политиленді пакеттер жаулап алды. Міне, осылай біздер табиғатты құртамыз .Сен білесің бе? Мысалы:пластикалық шөлмек шіру үшін кем дегенде 500 жыл керек екен. Бұл өте ұзақ уақыт.
Асыл: Ал қағаз жер астында -1 айда шіриді екен, банан қабықшасы-6 айда, консерві банкісі-100 жылда шіриді екен.
Азат: Сондықтан қоқысты тастамандар, табағатты ластамандар! Табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
Және «Пластик ыдыстардың жаңа өмірі» атты тақырып аясында біздер пластмас бөтелкелерден күнделікті өмірде қолдануға болатын заттар жасадық. Оқушылар өз жұмыстары туралы айтады.
Тақпақтар: Имран, Мадина
Дінмұхамед: Біздер тек қана суды, орманды қорғап қана қоймай, құстарды да қорғаймыз. Көктем мезгілі келді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Сондықтан құстарға арнап үйшіктер жасадық.
Нұрдаулет:Құстар біздің досымыз! Табиғаттың бір бөлігі , табиғаттың көркі,сәні,бақшаның әні-құстар.
Құстарды қорғаңдар! Ұясын бұзбандар! Жұмыртқасына тиіспендер!
Жас экологтар:Хормен Жасыл табиғатты қорғауға дайынбыз!
Тақпақтар: Димаш, Нұрдаулет, Асылжан, Азат.
Балалар, осы ұлттық-тәлім тәрбиеге байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Бұлақты былғама-Айзере.
Көкті жұлма-Әкежан.
Ағашты сындырма-Дария.
Суға түкірме-Рамазан.
Суды лайлама-Нұрәли.
Құмырсқаның илеуін бұзба-Альбике
Аққуды атпа-Азат.
Құстың ұясын бұзба-Асыл
Хормен:Табиғат сені сүйеміз
Жерн-анаға, басымызды иеміз