Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі  ұйым  педагогтерінің  біліктілігін арттыру курсының  білім беру бағдарламасы

Мектепке дейінгі  ұйым  педагогтерінің  біліктілігін арттыру курсының  білім беру бағдарламасы

Каратаева Ляззат Карабековна
Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының «Қостанай ауданы
білім  бөлімінің Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназиясы
(жанындағы интернатымен)» КММ
шағын орталық  тәрбиешісі

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың  негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай  оқытқан тиімді?

Яғни  Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы».  Бұл ұстанымнан  «Шәкірт өздігімен үйрену керек», — деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз  еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог – білім тасушыдан – Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. Сонымен жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: .

— педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,

— тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,

— рухани дамыған,

— толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Ұстаздарға  қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға  болу керек деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта  мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру  — басты мақсат болып табылады.

Қазақ   баласының бойында Абай  атамыз айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек болуы — өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру-  ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де,  сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.  Елімізде  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде.  Жаһандану заманында  жас ұрпақтың  жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,  білімге деген құштарлығын ояту,  өмірінде оны қолдана білу,  отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде  мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе, онда балалардың өздері де ізденіске  түседі.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде.  Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.

Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі  ғой.

Жаңашылдық, өзгеріс керек екені  деңгейлік, тренер, жаңартылған   бағдарлама бойынша өткен курстардан  маған  түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-тәжірибемде қолдануға  толық негіз бар деп ойлаймын.

Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс-тәсіл болып табылады.

Бүкіләлемдік тәжірибеде  білім беру саласында  білімнің де дағдының  да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі-  білімді алып қана қоймай, оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу қызметін беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы зор.  Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне тәрбиеші мен бала арасында өтіледі Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.

Балалар жұппен не топпен  жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң  бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде,  оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, балалардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай  және  шешім қабылдай алатынын байқадым.  Осы іс-әрекетте балаларымның әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келдім: «Серіктестермен әңгімелесу» әдісі балаларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып,  жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп,  өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, бала бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.

Тәрбиешіге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс-тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез-келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс-әрекет жасау, ал сол жасалған іс-әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойлану үдерісі екенін мен осы жаңартылған бағдарламаны оқу барысында түсініп жатырмын.

Себебі тәрбиешілер болашақты дайындайды, ал болашақ – қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. «Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес,  болашаққа қарай тәрбиеле»  деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде  ұстазға өзгеріссіз қалу қауіпті деп ойлаймын.

Қорытынды. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқытудың негізгі  міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу,  мектеп  жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту  әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл тәрбиешінің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға  ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Жаңашылдық  әдістерді  тәжірибемізде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады. Алдағы келешекке сенім мол деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.