Айтжанова Айкумис Куракбаевна
Ақтау қаласы
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы
Жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК
педагогика пәнінің оқытушысы
Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады.
Ш.А. Амонашвили адамдарға мейірімді, зерделі жан. Оның ашушаңдығы мен дөрекілігін ешкім көрген емес. Ол – педагогикалық философияның бір қиыршығы болып табылатын ерекше шыдамдылықтың иесі. Қадірлі жасқа келгендігіне қарамастан, Шалва Александрович әлі де шығармашылықпен белсенді айналысып жүр.
«Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету», — деген профессор Амонашвилидің ұстанымы мен үшін арналғандай.
Мұғалім адам өмірінде зор қызмет атқарады. Мұғалім мамандығы сөзсіз қиын. Дегенмен де, кез келген адам білім іздеу, әлемді тану қажеттілігін сезінеді, өмірдің қиын сұрақтарын шешуге көмектеседі, тәлімгердің, мұғалімнің, даналардың соңынан ергісі келеді. Даналар айтқан: «Білім алуға ұмтылу әрбір адамның міндеті» Шалва Александрович Амонашвилидің еңбегін қолыма алғанымда Ш.А.Амонашвили сияқты ешкім маған әсер етпеген еді.
Ш.Амонашвилидің педагогикалық әңгімелері өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық әңгімелерінде өмірдің мәні ішкі жан-дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Шалва Амонашвилидің қайсы шығармасын оқысаңыз да, тек жалғыз мұғалімдерді ғана емес, кез келген адамға үлкен әсер қалдырады. Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап аласың. Мен оның бірнеше еңбектерін оқып шықтым. Соның ішінде Ш.А.Амонашвилидің «Созидая человека» атты шығармасында сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап, отбасын құрғанша, тіпті өмірге енгенше қалай тәрбиелеу керек екендігін әрбір отбасындағы қарым-қатынас арқылы ашып көрсеткен.
Бұл еңбегінің сыры мынада: баланы «Жоқ!», «Болмайды!», «Бұзасың», «Сындырасың» деген сияқты тек тыйым немесе «Бәрі болады», «Өзің біл» деген сияқты немқұрайлылықпен өсірмей, сұрақ қойса, сабырмен жауап беруге және онымен сырлас болуға кеңес береді. Ал, тағы бір еңбегінде ұстазға баланы сүюді және сүйіспеншілікпен білім беруді дәріптейді.