Абдигулова Гульсана Жасыузаковна
Астана қаласы
Кемел Ақышев атындағы
№ 69 мектеп-гимназиясының
педагог-психологы
Қайырлы күн, құрметті ата аналар, бүгінгі жиналысымызға қош келдіңіздер! Бала бауыр етіміз, барлығымыз осы бала деп таң атқаннан, күн батқанға дейін шапқылап жүреміз. Балам ешкімнен кем қалмаса, ешнәрседен тарықпаса деп. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» -демекші балаларымыз аман болсын!
Ал енді барлықтарыңызды ортаға шақырамын, ортаға шеңбер құрып тұра қалсақ.
Тренинг барысы: Құрметті, ата-аналар, ұстаздар бүгінгі жиналысымызға қош келдіңіздер! Менің есімім — Гульсана, гүлдей жайнап жүре беріңіздер! – осылай өзімізді таныстырып, есіміміздің алғашқы әрпінен келетін бір тілек айтамыз, тілек айтылып болған соң 3 реттен қол шапалақтап тұрайық.
Қорытынды. Сізге барлығы бірдей қошемет білдіргенде қандай сезімде болдыңыз? Айтылған тілектер сізге жақсы көңіл күй сыйлай алды ма?!
Рахмет баршаңызға құрметті ата аналар «Баланың басты ұстазы-ата-анасы»
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке. Ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-анасы. Барлықтарыңызға рахмет, орындарынызға жайғаса берсеңіздер болады.