Home » Мақалалар » Шыншылдықтың шырағы Шераға

Шыншылдықтың шырағы Шераға

 Қазақ әдебиетінің майталманы,шындықтың шырақшысы болған Шерхан Мұртазаның туғанына биыл тұп-тура 90 жыл.Қаламгердің құрметіне түрлі іс-шаралар мен мемлекеттік додалар өткен жылдан бері басталып кетті.Қазақ журналистикасының негізін қалаушылардың бірі болған Шерағамыздың өмірден өткеніне 5 жыл толса да,әрбір айтқан өсиет сөздері әлі күнге дейін жадымызда.

          Шерағаның өмірінің соңына дейін тек шыншыл болып,өтірікпен арпалысып,сатқындықпен қасқайып қарсы тұрғанын бәріміз де білеміз.Тек өзінің бойындағы мінезі емес,жазған шығармаларының өзі астарлы мән мен ақиқаттан құралушы еді,жарықтық.Біреу міреуден өтірік сөз естісе,сол сәттен бастап сол адамның қас жауына айналатын.Осы бір тікмінезділігін кейде Бауыржан атамызға ұқсатушы едім.Себебі, екеуі де осы ноқталы заманда ешкімнің етегіне жығылмай,сөздеріне иілмей өмір сүрді.

Журналистика саласының өзі осы шыншылдықты талап ететінін Шерағаның өзі де айтып кеткен еді.Биліктің билеуі мен айдауына көніп,халыққа жалған ақпарат ұсынатын адамдарды Шерағаңның су қаны сүймейтін.Өйткені халықтың көзіне перде қою тек өз еліне опасыз адамның іс әрекеті.Осындай да Шерағаңның «бір кем дүниесі» еске түседі.»Бір кем дүние» деп отқаным,қазір енді заман дамыды,адам дамыды,журналистика саласы да ептеп өз жұмысын тиянақты атқарып келеді,дегенмен әр жұмыс пен салада бір «әттеген-ай» деген нәрселер болады.

Қоғам қайраткері  Нұрлан  Оразалинның сөзіне сүйемелдесек,Шерхан Мұртаза шындықтың көсбасшысы болды.Сонау 90 жылдардағы мемелекеттік сайлау кезінен бастап,халықтың екі көзі, екі құлағы Шерағада болды.Неге десек,мемлекеттік органдардың барлығының жасырын ұстайтын саяси құпиялары жетерлік,тіпті халық тағдырына таразы қойылса да «-Маған не істей алар екенсіңдер?» дейтін депутаттар да болғаны жаныс емес.Ал, Шерағаң болса,шындықты ащы дауысымен зарлап жатып,барша халықтың көзін ашуға тырысты.Қалың көпшілік үшін Шерағаңның әрбір сөзі рас,илануға тұрарлықтай сөздер болды.Шерағаңның «Қазаннан қақпақ кетсе,иттен ұят кетеді» дейтін сөзінің жаны бар.Мінбердегілерге ашынған халықтың жағдайын көрсету жолында біраз тер төккен жазушының шырылы жерде қалмайды.Шындық үшін жанын беруге дайын адам әрқашанда қадірлі болмақ.Бірақ оның қадіріне жеткен де бар,жетпегенде бар.

Шераға ешқашан ешкімнен қорықпайтын,керек болса билікке қарсы келер жағдайда төс кеудесін артқа емес алдыға қоятын.Өз міндетін дұрыс атқармаған өкіл ол үшін қанатын жұлып,жерде жүрген құспен тең.

Шерағаңның тағы бір нишасы қолына қалам ұстап,аңыз адамдардың тағдырын қағаз бетіне жазу болды.Шіркін,көзі тірі болғанда туындыларының сондай ғали екенін өз аузыммен айтар ма едім? Әрбір туындысы өзгеше тарих.Бір шығармасында ХIX ғасыр кезеңіндегі Сталиндік қудалаудағы қазақ елінің халін көрсетсе,енді бірінде халқының небір қиындықты басынан кешіп,қасық қаны қалғанша ата-бабасының үміті мен аманаты үшін билікпен қара шайқасқа түскен қазақ зиялыларының өмірін түбегейлі баяндап береді.Рысқұловтың өмір жолы арқылы барша қазақ халқының мұңы мен зарын көрсеткен қаламгер үшін шыншылдық парасаты болуы хақ нәрсе.

Кейде осындай тікмінезді болуына балалық шақты көрмеген Шерағаң үшін қалыпты шығар деп ойлайтынмын.Жастайынан жұмыс істеп,Халық жауының ұлы атанған баланың мінезіне өсе келе суықтық қосылады.Біреудің айтқан сөзіне сену,аңғалдық,ұшқалақтық Шерағаның антонимі іспеттес.

Шындықтың айнасы  бола білген жазушының есімі ешқашан өшпек  емес.Қазақ тарихына өзінің дара ізін қалдырған Шерағамызды ұмыту,өз ұлтыңды ұмыту деп санаймын.Қаны да, жаны да, жүрегі де қазақ деп соққан парасат майданына басымды иемін.

Халықаралық ақпараттық  технологиялар
университетінің 1-ші курс студенті
(Журналистика факультеті)
ҚАЗБЕК АҚБОТА

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.