Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Логикалық есептер шығару

Логикалық есептер шығару

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру арқылы белсенділіктерін арттыру және де ұзақ мерзімді есте сақтауын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сөз жұмбақ, геометриялық фигуралар, сиқырлы квадраттар, логикалық есептер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

  1. Амандасу: Тілек жаттығу
  2. Сөз жұмбақ
  3. Сиқырлы шаршылар
  4. Оқушылардың мінез-құлқын тексеру
  5. Логикалық тапсырмалар
  6. Психогеомериялық тест
  7. Сан ретін тап ойыны.
  8. Қорытынды.

1.Амандасу. Жаттығу «Тілек»

Бір-бірімізге жақсы тілек айтып, уақытымызды тиімді және көңілді өтуіне тілек білдірейік.

  1. Сөзжұмбақ:

Оқушылар бүгінгі сабағымызды сөз жұмбақ шешуімен бастап, өткен тақырыптарымызды еске түсіріп, ой шақыру жасайық.

  1. Логиканың атасы кім?   (Аристотель)
  2. Аристотель өзі жасаған ғылымды логика демей, қалай атады?   (Аналитика)
  3. Адамның көргені мен білгені ең алдымен миында бейнеленуін қалай атаймыз?   (Ойлау)
  4. Екі немесе бірнеше пікірден жаңаша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін логикалық әрекетті қалай атаймыз? (Ойқорыту)
  5. Бір мезгілде, бір мағынада алынған қарама-қарсы екі түрлі пікірді қандай заң деп атайды?   (Қайшылық)
  6. Белгілі бір жүйенің заңды түрде қалыптасуы және де өз орнында орналасы дегеніміз не?   (Жүйелеу)

7.Заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуін калай атаймыз? (Қабылдау)

  1. Бұрын қабылданған, ал дәл қазір сезім мүшелерінің алдында жоқ нәрселердің көрнекі бейнесін қайта жаңғырту процесін не деп атаймыз?   (Елестету)
  2. Заттардың түрлі қасиеттерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ойша айыру дегеніміз не?   (Салыстыру)
АрисТотель
АнАлитика
ОйлаУ
ОйқорЫту
Қайшылық
Жүйелеу

ҚабЫлдау
еЛестету
СалЫстыру

2017 жыл – Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Сонымен, биылғы «оттай лаулаған» жыл.

3.Сиқырлы шаршылар

Қазақша жыл қайыру бойынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзінің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жылды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жылдан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қайыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Мүшел жасына байланысты сиқырлы шаршыларды шешейік.

25,37,49,61- мүшел жастар

4678
2     255
1011
93121

 

781012
11     379
53
146413

 

1712614
8     4910
139
1115716

 

7131922
34     6110
1628
431251

4.Оқушылардың мінез-құлқын тексеру

Жұлдызнамашылардың болжамы, мұсылмандық күнтізбе бойынша адамның мінез-құлқы өзінің туған жылы мен айына тұспа-тұс келеді. Мұны ғылыми тұрғыда зерттеушілер де қуаттап, әр жыл мен айдың адам ағзасы мен психологиясына, әлеуметтік жағдайына әсер ететінін айтады. Бұл қаншалықты шындық, оны әркімнің байқап, пайымдап көруіне болады.

Тышқан жылы туылғандар

Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.

Сиыр жылы туылғандар

Ұстамды келеді. Туған туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алай да қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.

Барыс жылы туылғандар ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған
Қызба мінезді, адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.

Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез-келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.

Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.

 

 

 

 

Жылан жылы туылғандар 
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.

Жылқы жылы туылғандар 
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.

Қой жылы туылғандар 
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

Мешін жылы туылғандар 
Олар — өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.

Тауық жылы туылғандар 
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.

Ит жылы туылғандар 
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ.

Доңыз жылы туылғандар 
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болғанын қалайды.

5.Логикалық тапсырмалар

Оқушылар, сендердің алдарында геометриялық фигуралар берілген. Өздеріңе ұнаған фигураны таңдап, оның артында жазылған логикалық есептерді шешесіңдер. Фигураларды таңдауда да мән бар, өздеріне ұнаған, өзіңе сәйкес келетін фигураны таңдайсыңдар?

Шаршы көк:

  1. Ардақ, Кәрім, Айгүл, үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?   (3)
  2. Ұ шақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшды. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады. (1 сағат 20 минут—80 минут)
  3. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма? ( Жоқ. 72 сағат- 3 сөтке)
  4. Үш әке және алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді? (1 атасы, 2 әкесі, 4 немересі)
  5. Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Бәрін бірге алғанда олардың 20 басы, 52 аяғы бар. Аулада қанша тауық, қанша қоян жүр?     (14 тауық, 6 қоян)
  6.  Жасы жүзеге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек жиырма бес рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма?   (29 ақпан, 25 жыл)

Тік төртбұрыш қызыл:

  1. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 километр жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?   (12 км)
  2. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?   (10 торғай)
  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұстар ұшпайды)
  4. Төрт таяқтың, бес таяқтың, бес жарым таяқтың қанша ұшы болады?   ( 8,10,12=30)
  5. Стол үстінде бес май шырақ жанып тұрды. Оның екеуі сөндірілді. Қанша май шырақ қалып қойды? (2 май шырақ қалды. Басқалары жанып кетеді)
  6. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреу алдында, екеуі артында; бірі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында; үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?   (Үш үйрек)

Үшбұрыш жасыл:

  1. Он екі цифрының жартысы жетіге тең екенін қалай дәлелдеп беруге болады? (XII ортасынан сызу)
  2. Екі әке мен екі бала таңертең дастарқан басында отырып үш жұмыртқа жеді. Мұның өзінде олардың әрқайсысы бүтін жұмыртқадан жеді. Мұны қалай түсіндіруге болады?   (Атасы, баласы, немересі)
  3. Өзі менің әкемнің баласы, бірақ маған аға да, іні де емес. (Мен өзім)
  4. Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны?     (8)
  5. Екі санды, яғни 2 және 3 санын алыңыздар. Олардың ортасына белгі қойыңыз. Сонда шыққан сан 2-ден көп, 3-тен аз болуға тиіс. Ол қандай белгі?   (Үтір)
  6. Басынан аяғына төнкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер?     (69, 619, 88)

Дөңгелек сары:

  1. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында үш мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар?   (4)
  2. Күн көзі жылына неше рет шығады?   (365)
  3. 1 жұмыртқа 4 минут піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта пісіп шығады.     (4 минут)
  4. Тауық 1 аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг. Екі аяғымен тұрса, тауықтың салмағы неше кг. болар еді?     (3 кг.)
  5. Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысымен тең?   (1,2,3)
  6. Алты аяқ, екі арқа, бір бас . Бұл не?   (Адам орындықта отыр)

6.Психогеомериялық тест

Оқушылар логикалық есептерді шешіп болған соң, таңдаған геометриялық фигуралар жайлы   Психогеометриялық тестке назар аудардыңыздар.

Шаршы:

Сіз еңбексүйгіш және бастаған ісіңізді аяғына жеткізуге әрқашан ұмтылатын, қайсар адамсыз. Шаршылар төзімділігімен, ұстамдылығымен және әдіскерлікпен үнемі көзге түседі. Бұл адамдар шашыраңқы жұмысты ұнатпайды: оларға бәріде өз уақытында келісілген заңдылықпен өтіп, әр зат өз орнында болуы қажет. Бұл топтағыларға кездейсоқтық ұнамайды, оларға жоспарланған, айқын белгіленіп тұрған өмір ұнайды.

Үшбұрыш:

Бұл фигура өз қатарында тек алдында тұрады және адамдары да солай болады. Үшбұрыштарға барлық жағдайларда алдыңғы қатарларда болу керек. Оның ең бір жақсы қасиеті – өзінің барлық күшін алға қойған мақсаттары нақты, түсінікті болады және де барлық ісінің нәтижесі көрініп отырады. Ол намысшыл және іскер, қиялдарға берілмейді. Әрқашанда бірінші болуды көздейтін олар барлық жағдайда біреумен бәсекелесіп, үнемі біреулермен конкуренция жасайды.

Тіктөртбұрыш:

Бұл топтағылар қазіргі орнықтырылған жағдайлармен және өмірдің бейнесімен келіспейді, олар басқа жақсы өмірді іздейді. Сондықтан тіктөртбұрыштардың жақсы жақтары – батырлық, көп білуге ұмтылыс, тертөгушілік. Ол бүкіл болып жатқан жаңалықтарға қатты көңіл бөліп, біліктілігін арттыруда ешқандай қиындық көрмейді.

Дөңгелек:

Бұл ең мейірімді фигура. Дөңгелек жанашыр, үнемі біреудің қамын ойлап жүреді. Біреудің бақытына және қайғысына өзінікіндей ортақтасады. Егер адамдар бір-бірімен жақсы болып, жан- жағындағылардың барлығы бақытты болса, ол да өзін бақытты жанмын деп санайды. Егер де келіспеушіліктер туындаса, онда дөңгелек бірінші болып бұл жағдайды тоқтатады. Ал егер де біреулер ренжісіп қалса, ол тез арада татуластыруға көмек жасайды. Балалардың ортасында болған жағдайда дөңгелек ешкімге зиянын келтірмеу ойымен шетте тұрады немесе керісінше ойындарды ұйымдастырады.

  1. Сан ретін тап ойыны

Бұл ойында кеспе қағаз іштерінде сөздер жазылған. Цифрларды ретімен қойғанда, жылдың қасиетіне байланысты сөздер шығу керек:

Тауық жылы – арманды жыл,

Тауып істер, шаруаңды біл!

8.Қорытынды

Елбасымыздың мынандай нақыл сөзімен аяқтағым келіп отыр, «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».

                 Орынкүл Абилкаирова,
Сәтбаев қаласындағы «№1 мектеп-гимназиясы» КММ,
математика пәні мұғалімі,
Қарағанды облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.