4 қазан, 2018 ж. – Бүгін елордада ҚР Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциацияның қолдауымен PG Communications/Қазақстан Баспасөз клубының «PR-шы» қазақстандық PR-кәсіпқойлар клубымен бірлесе отырып ұйымдастырған жыл сайынғы PR Forum Astana конференциясы ашылды.
Қалыптасқан дәстүрге сай іс-шараның басты серіктесі ретінде «Теңізшевройл» ат салысып отыр.
PR Forum Astana конференциясы мемлекеттік коммуникацияларды дамыту, БАҚ-пен тиімді өзара әрекеттесу, digital-технологиялар, дағдарысқа қарсы PR сынды маңызды мәселелерді интерактивтік ортада талқылауға, елордадағы ғана емес, сонымен бірге, бүкіл елдегі PR-мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге үлес қосып отырған елордада кең сұранысқа ие пікірталас алаңына айналып үлгерді.
Конференция шымылдығын «Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рызабек Артығалиев, «PR-шы» клубының ортақ құрылтайшысы, Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциация кеңесінің төрайымы, «Қазақстан Баспасөз клубы / Promo Group Communications» CEO-сы Әсел Қарауылова, «PR-шы» клубының ортақ құрылтайшысы және президенті, «Баспана» Ипотекалық компаниясы» АҚ сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Шынар Жәнібекова, «PR-шы» клубының вице-президенті, B2C Consulting Group басқарушы серіктесі Александр Данилов сәлемсөзбен ашты.
Алтыншы PR Forum Astana жұмысына бүкіл Қазақстан аумағынан мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес-құрылымдардың және медиа-қауымдастық өкілдерінің 150-ден аса баспасөз хатшысы және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері қатысып жатыр.
«Біздің елордадағы форумымыз қарқынды әрі жүйелі түрде дамып жатқанына аса қуаныштымыз. Коммуникациялар саласы бүкіл әлем бойынша және біздің елде де үлкен сұранысқа ие болып, стратегиялық тұрғыда маңызды болып келеді. Бедел – PR-мамандардың жұмыс жасайтын басты бейматериалдық активі, сондықтан олардың кәсіби деңгейі мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың дамуына зор әсерін тигізеді», — деп атап өтті Әсел Қарауылова.
Алты жыл ішінде конференцияға бүкіл Қазақстаннан 600-ден аса адам қатысып үлгерді. Әртүрлі жылдары іс-шараның спикерлері ретінде отандық медиа сарапшылары, мемлекеттік қайраткерлер, баспасөз хатшылары, сондай-ақ, PR саласындағы шетелдік мамандар қатысты.
Биыл форум бағдарламасы аясында жаңа саяси жағдайдағы стратегиялық PR-ды дамыту мәселелері, дағдарысқа қарсы коммуникация жөніндегі кейстер, digital коммуникациялар және тағы да басқа мәселелер көтеріліп отыр.
«Көзге көрінерлік өзгерістер ме, әлде жай көзбояушылық па?» тақырыбындағы бірінші панельдік секция мемлекеттік коммуникациялар мәселесіне және биліктің халықпен өзара әрекеттесуіндегі өзгерістерге, шенеуніктердің әлеуметтік желілердегі жұмысын бағалауға және ары қарайғы өзгерістер жайлы болжам жасауға арналып отыр. Жиналған қауыммен «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, «Talap» Қолданбалы зерттеулер орталығының медиа менеджері Никита Шаталов, қоғамдық қайраткер әрі блогер Аида Жексен, HOLA News бас редакторы Гүлнар Бажкенова өз пікірімен бөліспек.
Келесі панельдік секцияда спикерлер PR саласындағы мамандардың жалақы нарығын зерттеуге арналған сауалнама қорытындысын шығарып, нарықтағы жаңа жағдайларды, жұмыс берушілердің талаптары мен сұраныстарын ортаға салмақ. Секцияға Л.Н. Гумилев атыдағы Еуразия ұлттық университеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD Индира Рыстина, «Медиа технологиялары орталығы» директоры Артур Нығметов, Әсел Қарауылова және HR-сарапшы, Erickson International Central Asia and Caucasus серіктесі Вероника Ким қатысады.
Inbusiness.kz ақпараттық агенттігінің директоры Мира Халина, Informburo.kz интернет-порталының даму жөніндегі директоры Александр Левин, «ҚазКонтент» АҚ контентті ілгерілету бөлімінің басшысы Әбу-Әлі Әлібек «PR және веб-аналитика» тақырыбындағы сессия аясында онлайн-кеңістікте оқырман үшін күресу және тышқан шертпесіне негізделген экономика дәуірінде аудиториямен тиімді өзара әрекеттесу жайлы сөз тарқатпақ.
Түскен кейін қатысушылар конференцияға спикер ретінде шақырылған Comunica агенттігінің басқарушы серіктесі; «PRописные истины» және «PR в реальном времени» кітаптарының авторы Михаил Умаровпен тілдесе алады. М. Умаров «Дағдарысқа қарсы коммуникациялардың 5 құпиясы. Кез келген дағдарысты ең аз зардаппен қалай еңсеруге болады?» деген тақырыпта тренинг өткізеді.
Әлеуметтік желілердегі көкейтесті контент тақырыбында Digital PR бойынша шеберлік сабағын SMM-маман, facebook-тегі жарнаманы сатып алу және жоспарлау жөніндегі сертификаты бар маман Наргиз Батыршаева өткізеді.
Форумның ресми бөлімі кейстерді ортаға салып, дағдарыс жағдайында тиімді шешімдерді қалыптастыруға бағытталған «Арпалас та, қарбалас, жұмыстағы жанталас» атты интерактивтік ойынмен аяқталмақ.
Конференция кешкі қабылдаумен қорытындыланады, оның аясында тәуелсіз дауыс беру нәтижесінде таңдалған жылдың ең үздік баспасөз хатшысы және баспасөз қызметі марапатталады.