Home » Жаңалықтар » ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Сыздыкова Асем Токеновна,
«№54 ЖББОМ» КММ, Қарағанды қаласы

          Болашақтың бүгіннен де нұрлы шуақты болуына тікелей ықпал ететін , адамзатты алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болсын өсіп- өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын  алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән- мағаналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінігі күннің басты талабы деп есептеймін. Қазақстан Республикасының  Білім туралы заңында «Білім жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен прпктика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағыттаған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: оқытудың жаңа технолгияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.                                                       Көзделген міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер ендіру қажет.Осы күнде пайдаланып жатқан жаңа әдістер оқу үдерісінде жаңа технологиялар мен компьютерлендіруді талап етіп отыр. Жаңа технологияны пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты әр педагог  сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі XXI- ғасыр білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры болып тұр.                                                                            Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасының қабілеттілік деңгейінанықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ. Көптеген жаңа технологиялар мен ақпараттық технологиялар сабақтарында жиі қолдануда. География сабақтарына да қатысты. География оқушының өздігінен ізденуін, дамуын қамтамасыз ететін, өмірге, айналадағы ортаға құштарлығын арттыратын бірден –бір пән. География ғылымы өте қызықты және  күрделі болып табылады. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді.  Оқушыларды қазіргі заман талабына сай оқыту электрондық оқулықтарды пайдаланып,  география пәніне деген қызығушылығын арттыру пән мұғалімдерінің  міндеті.Қазіргі оқу үрдісінеоқушы белсенділігі,шығармашылықпен білім алуы мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.Оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағымда тиімді қолдана аламын.Сабақтарымда қолданып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше.Электрондық оқулық кез- келген жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша толық мүмкіндіктер береді.Мұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, өз жұмыстарын тексеруге, қатемен жұмыс жасауға үлкен септігін тигізеді.
Сабақ барысында электронды оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігіне, мұғалімнің педагогикалық технологияларды игеруіне, білім- білік дағды деңгейін, қалыптастыруна, білімнің тереңдігінің артуына қол жеткізуге болады.География пәні бойынша барлық оқулықтар бар. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда ,картамен, сызба,диаграммаларды пайдаланумен шектелмей,электрондық оқулықта  көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Сондықтан география сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды жан- жақты қолдану сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістікте іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдейді, оқушылардың қызығушылығын оятып, сабақтың тиімділігімен сапасын арттырып,білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Өз іс-тәжірбиемде интерактивті тақтаны пайдаланып, әр сабағымды түрлендіре отырып, қызықты етіп, өткізуге тырысып отырамын. Себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретуіміз қажет.Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану бірнеше нәрселерді шешуге көмектеседі.

  • пән бойынша базалық білімді меңгеру;
  • алған білімді жүйелеу;
  • өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;
  • түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді;
  • пәнаралық байланыс қалыптасады;
  • уақыт үнемдейді;
  • Интерне желісін пайдаланып, шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.

Мұғалім сабақ материалдарын презентация немесе флипчарт сабақ түрінде бере алады.Сонымен қатар материалдардың құрамына кесте, диаграмма, суреттер қоса алады.Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алддындатұрып, жасыруды ақпаратты және объектілерді көрсете және өзгерте алады.Қолданылған материалды еске сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады.Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді.Мысалы: 9 сыныпта география сабағында «Қазақстанның табиғат зоналары»тақырыбына байланысты маңызды материал жинақтап, өте құнды презентация мен флипчарт сабақ өткізілді.Сабақта  картамен жұмыс барысы, кесте толтырылып, бейнероликтермен жұмыс тиімді шықты.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды география сабағында қолдану келесі нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.

  • Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
  • Сабақтың нақты мәтінін терең ашуға көмектеседі;
  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптстыруға көмектеседі;
  • Тіл байлығын дамытады;
  • Өз ойын жан-жақты ізденуге үйретеді;
  • Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;
  • Өз бетімен бетімен білім алатын ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген,білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

«Тоқсан ауыз сөздің түйіні»,-демекші Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»,-деген ойын басшылыққа ала отырып,жаңа заман форматындағы құзретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  2. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі 2010ж
  3. Абубаева А.Э. Электрондық оқулықтарды пайдалану. Қазақстан мектебі 2017ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.