Нұр-Сұлтан қаласы
№80 «Ботақан» балабақшасы,тәрбиеші
Жанакулова Жибек Жамантаевна
Тәрбиеші:Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!Міне,бүгін бүлдіршіндеріміз де өсіп,ер жетіп,өмірге үлкен жолдама алып мектепке барғалы жатыр.Әріптерді танып,қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап балаларымыз осы балабақшамызда тәлім-тәрбие алып,өмірлері шат күлкіге толып,мерекелер өткердік.
Ортаға №80 «Ботақан» балабақшасының «Зият» тобының түлектерін шақырамын.
Балалар ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Ақындардан арыдан,
Сиқырлы сөз дарыған.
Даярлық топ балаларын
Балабақша таныған.
2-жүргізуші:
Келіңіздер,көріңіздер!
«Қоштасу» балабақша кешінде
Өнер қарлығаштары
Қалқып ұшып барады.
Мектеп ұя ішіне
Қимастықпен қарайды.
Тәрбиеші түсіне.
3-жүргізуші:
Армысыздар,құрметті біздің қонақтар!
Армысыздар,аяулы біздің апайлар!
Құшақ жая қарсы алады сіздерді қарлығаштар.
Өлең,ақыл,әндер бүгін айтылар!
3-жүргізуші:
Ендеше, «Қош бол,балабақшам!» атты соңғы тойымызды дәстүрлі вальспен бастауға рұқсат етіңіздер.
Би: «Вальс»
1-бала:
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
2-бала:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
3-бала:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.
4-бала:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Ән: «Әже жүрші мектепке»
Ұялы телефонға хабарлама келеді.
Балаларға хабарлама келгенін айтамын.
Хабарлама оқу.
-Балалар хабарлама Білім ханшайымынан келген екен. «Ботақан» балабақшасының «Зият» тобының бүлдіршіндері. Ол сендерді білім әлеміне саяхатқа шақырамын.Саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
—Балалар:Дайынбыз.
1-ші: Спорт аялдамасы.
Аялдамаға біз поездбен жүріп барайық.
Екі топқа бөлініп, жарысу. «Кедергілер арқылы жүгіру»
1-бала:
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.
2- бала:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
3-бала:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.
Тәрбиеші:Бұл аялдамада балалар сендер өздерінің шымыр екендерінді көрсетіндер.Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен айналысуымыз керек.Ендеше келесі «Музыка» аялдамасына жаяу барайық.
2-ші аялдама: «Музыка» аялдамасы.
-Балалар музыка аялдамасында қандай тапсырма орындаймыз деп ойлайсындар?
-Балалардың жауабы.
Ән:«Балабақшам мақтанышым»
-Өте жақсы балалар.
1-бала:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз,өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім,
Апай болды анамдай.
2-бала:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
3- бала:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
Келесі «Мектеп» аялдамасы.
Мектеп аялдамасына жаяу жете алмаймыз.Тек ұшақпен ғана бара аламыз.
Ендеше барлығымыз ұшақтағы орындарымызға жайғасайық.Белдіктерімізді тағып,қауіпсіздік ережесін сақтайық.
Ұшақпен Мектеп аялдамасына да жеттік.
Осы аялдама да Білім ханшайымы келеді.
Білім ханшайымы балаларға сұрақтар қойып,тапсырмалар орындатады.
Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»
Әріптерден сөздер құрастырту.
Тәрбиеші:Білім ханшайымы біздің балалар тек білімді ғана емес,олар өнерлі.Қазір өз өнерін көрсетуге Тажібай Райаны шақырамын.
Райананың орындауында ән «Бала тілегі»
Білім ханшайымы ән ұнады ма?
Білім ханшайымы тілек айтып шығып кетеді.
1-жүргізуші: Біздің өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы балабақшаның апайлары. Ендеше осы балабақша қызметкерлеріне арнаған жыр шумақтарын тыңдайық.
1-бала:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Жанар Сейітқалиқызына көп рахмет!
2-бала:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Жұлдыз Бурабайқызына көп рахмет!
3-бала:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Тентек болсаң кешірген.
Тәрбиешіміз Жібек Жамантайқызына
Айтамыз көп рахмет!
4-бала:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер Назым Төлегенқызына көп рахмет!
5-бала:
Есеп-қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Есепші Нұргүл Асқарқызына
Айтамыз көп рахмет!
6-бала:
Түрлі әндер салғызып,
Керек десең билеткен.
Тамылжытып ән салуды үйреткен
Нотаны да танытқан.
Айгерім Темірболатқызына көп рахмет!
7-бала:
Ағылшын тілі біз үшін
Ана тілмен пара-пар
Үйреткен оны
Дана Алтынбекқызына көп рахмет!
8-бала:
Жүгіртіп бізді алатын,
Доптай шапшаң секіртіп.
Шынықтырып денеңді,
Шымыр болуға үйреткен.
Әділет Зәуірбекұлына
Бәрімізден көп рахмет!
9-бала:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам,
Балабақша іші тап-таза,
Азия Жәнібекқызына көп рахмет!
Хормен:
Ардақтап бізді мақтаған,
Ұстазымыз сіздерге,
Таза сәби жүректен.
Барлығы:Мың алғыс!
Ән:«Биле,биле»
2-жүргізуші:
Қуаныштан шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып
Би билейік балақай!
Балаларымыздың орындауында тамаша биді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.
Би:«Жаяу жүремін» флэшмоб
3-жүргізуші:
Мектеп-кеме,білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда.
Кітаптарымыз бар қолда.
1-бала:
Біз балауса баламыз,
Жетелеп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке енді барамыз.
Қош бол балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз.
2-бала:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын табамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
2-бала:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
3-бала:
Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін
Есімізде сақтаймыз
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрайық.
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.
1-жүргізуші:
Біздер алты жастамыз,
Сәбилектен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды
Қош бол, «Ботақан» бақшамыз!
2-жүргізуші:
Талай-талай баспалдақты атттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Балабақшам сенен алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
Бәрі:
Ризамыз саған біз!
Ризамыз саған біз!
Аяулы біздің бақшамыз!
Ән:«Қош,балбұлақ бақшамыз»
Тәрбиеші:
Құрметті балалар,жарқын жүзді ата-аналарым.
Сіздермен қоштасатын сәт келді.
Сіздерге ақ жол сәт-сапар тілеймін!!!
Меңгерушіге сөз беріледі.
Ата-аналарға сөз беріледі.
сценарий жинақы болғандықтан алғым келген еді. бірақ білім хан-нан хат келді. соңында оны шығарып салды. сонда қай кезде кірді?