Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!
Биыл Ата заңымызға 26 жыл! Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі болып табылады. Ата Заңның қабылдануы — мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі саналады. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын елімізді тың өріске бастап, сындарлы геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады.
Жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналған қоғамның басты заңы алдағы уақытта да азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе бермек.
Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Бейбіткүл КӘРІМОВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры