Home » Айтарым бар » «Қамажай» биі.

«Қамажай» биі.

Идрисова Салима Кенжебековна
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Шиелі ауданы өнер мектебінің
би пәнінің мұғалімі

 Сабақтың  тақырыбы «Қамажай» биі.
Мақсаты: оқушыларға  бидің шығу тарихымен, денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, би қимылдарын үйрету.
Міндеті: 1.Білімділік: Музыканы тыңдай отырып, ырғағының өзгеруіне сәйкес
жаттығулар орындау. Қазақ биі «Қамажайдың» шығу
тарихы
мен таныстырып, би қимылдарын үйрету;
2.Дамытушылық: балалардың ырғақты сезінуін көру, есту түйсігін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Қозғалыстар мен дене қимылдарының өзара сәйкес үйлесімділігін,

үндестігін қалыптастыру.Арнайы жаттығулар арқылы ұсақ және ірі

моторикасын дамыту, дене бітімін түзеу.

 

  1. Тәрбиелік: балаларды элемдік музыкалық құндылықтарды ұғуға,

классикалық және халық билерін түсінуге тәрбиелеу.

сабақ түрі: саяхат сабағы

қолданылған құралдар: интерактивті тақта, музыкалық калонка

қамшылар, видеокөріністер

 Пайданылатын көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, бишілердің портреттері

Сабақ жоспары:

1) ұйымдастыру , психологиялық қолайлы жағдай туғызу

2) қазақ биіне арналған жаттығулар

3) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар (қамшылар)

4) музыкалық-қимылды ойын «Би жұмбақ»

5) «Қамажай» би элементтерін үйрену

6) релаксация

7) қорытынды

Сабақ барысы

І.   Оқушылар би залына «Айгөлек әнімен кіреді

Балалар, біз жаңа сыныпқа қазақтың  «Айгөлек» әнімен кірдік.

Бүгін біз «Би әлеміне» саяхатқа шығамыз, яғни сабағымыз саяхат,концерт сабағы болады.

  • Келісесіңдер ме?

Ондай болатын болса, алыс сапар алдында, денемізді сергітіп,

шынықтырып алайық.

Саусақтарға арналған жаттығулар

Жалғыз саусақ тіпті-де

Ұстай алмас жіпті-де.

Екі саусақ бірікті

Ине жіпке ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

І. Қазақ биіне арналған жаттығулар

Қолдың 1, 2, 3 ,4 позициялары,иыққа,басқа арналған жаттығулар,білезікке арналған

жаттығу,самал жел жаттығуы,кереге жаттығуы.

ІІ. Ырғақты-гимнастикалық жаттығуларды мына қамшылармен орындаймыз.

1) б.қ — тік тұрамыз, қамшылар қолда: 1-қамшыны алға созамыз; 2- жоғары;3-алға; 4 – б.қ (4рет)

2) б.қ – қамшыны жоғары көтеріп тұрамыз:1-оңға иілеміз;2-б.қ; 3-солға; 4-б.қ (4рет)

3) б.қ- қамшыны қолға ұстап, алға созып тұрамыз:1-оң аяқты көтеріп тіземізді қамшыға тигіземіз;2-б.қ; 3-сол тіземізді қамшыға тигіземіз; 4-б.қ (4рет)

4) б.қ- қамшыны қолға ұстап, төмен түсіріп тұрамыз: 1-еңкейіп қамшыны оң аяқ ұшына тигіземіз;2-б.қ:3 — еңкейіп қамшыны сол аяқ ұшына тигіземіз;4-б.қ.

5) Тыныс алу жаттығуы «Тікұшақ»

Балалар, біз би әлеміне де қеліп қалдық

  • Балалар, сендер би билегенді ұнатасыңдар ма? Несімен ұнайды?
  • Балалар, сендер білесіңдер ме, бидің адам денсаулығына пайдасы зор. Би билеген адамның бұлшық еттері нығайып, дене бітімі түзеледі. Би арқылы жүрек ауруларын алдын алып, имунитетті, зат алмасу процессін жақсартуға болады.

Сонда, би арқылы жүрісіміз, келбетіміз сұлулана түседі .

Би билеуді барлық адамдар ұнатады. Байырғы кезде патшалардың сарайында «вальс», «менуэт» билері орындалатын болған. «Вальс» жеңіл әрі жылдам орындалса, «Менуэт» байсалды, ырғақты үйлесіммен орындалатын болған.

Қазақ халқында бидің терең тарихы бар. Бірақ, сахна төріне қазақтың ұлттық билерін Шара Жиенқұлова алып шыққан.

Шара Жиенқұлова-қазақ халқының әйгілі, ең бірінші кәсіби бишісі. Ол 1912 жылы Верный, қазіргі уақытта Алматы қаласында туған.Шара апамыздың «Айжанқыз», «Шопандар биі», «Қыз-жібек», «Қыз қуу» сияқты билері қазіргі уақытта да өз әсемділігін, ерекшелігін, ғажайыптығын, тартылымдығын жоғалтпаған.

Балалар, сендер би билеуді ұнатамыз дедіңдер, ал би түрлерін білесіңдер ме?

Ондай болса, менің сендерге дайындаған тапсырмам бар.(Ойын «Би жұмбақ)

Мына жапырақшаларда көптеген билер жасырылған.Әр қайсысың бір жапырақшаны алып, жасырылған тапсырманы іштей оқып, би қимылын орындап берулерің керексіңдер. Ал қалған балалар, қандай би екенін табуы қажет.(оқушылар алдыменен музыкасыз, содан кейін музыка ырғағына билейді)

 

  1. Орыс биі
  2. Үнді биі
  3. Испан биі
  4. Қазақ биі

(балалар топта би қимылдарын орындайды)

Жаңа сабақ: «Қамажай»биі

«Қамажай» -түркі тілдес халықтары арасында кеңінен таралған қазақ халқының Қамажай атты әнінен атауын алған би өнерінің туындыларының бірі.Би шамамен 14-15 ғасырлар аралығында пайда болған. Нақты авторы белгісіз халықтан таралған болып есептеледі.Би әннің мазмұнын ашқысы келгендей әдемілік,нәзіктікті бейнелейді.Бір жағы би,ал тағы бір жағынан ән болып қазақтың мәдениеті мен ән-би өнерінің асқан үлгісі. Биді көбінесе жасөспірім қыз балалар орындайды.Оған ұлттық киімде,шаштары өрілген,ұлттық әшекейлермен көмкерілуі қажет. Биде нәзік іс-қимылдар,қол, бас, дененің бір қалыптылығы аса маңызды.

1.Амандасу

2.Білезік

3.Сырға

4.Жалын

5.Толқын

6.Кереге

Релаксация Күлімдеу:-балалар, сендер түрлі жаттығулар орындап, ойын ойнап, би билеп шаршап қалғаншығарсыңдар?олай болатын болса, біз, кілемге жайғасып  демалайық.

Бекіту

— Сонымен балалар, бүгін біз қай жаққа саяхатқа бардық?

-бидің адам денсаулығына кандай пайдасы бар екен?

-қазақ халқының бірінші кәсіби бишісі кім?
-ойын барысында қандай билермен таныстық?
-қандай би қимылдарын үйрендік?
Қорыту: Жарайсыңдар, өте тамаша.Қорытындылай келгенде, би бізге біріншіден денсаулық, қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды екен.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар. Сендер өте икемді, білгір, ақылды балалар екенсіңдер.
Үйге тапсырма:Би қимылдарын жаттау.

                                        Аудандық Балалар Әуез мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.