Home » Мақалалар » Абайды оқы, жалықпа!

Абайды оқы, жалықпа!

Кереева Маржангүл Жанатқызы
Ақмола облысы

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы
«Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы
Жібек жолы ауылының орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Мектепішілік « Абайды оқы, жалықпа» байқауы
Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер:

  • «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
    Ғ.Мүсірепов

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.
1- жүргізуші:

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе

«Абай оқулары» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» — деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.
Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы (өлеңдері мен қара сөздері)

Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың сайысы.

Үшінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы.
2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Мектеп директоры- Туркестанбаева Акнур Арысбаевна.

  1. Мектеп директорының оқу ісінің жөніндегі орынбасары Кудабаева Махаббат Қалымтаевна.
  2. тәрбие ісі меңгерушісі: Улболсын Тобышпаевна
    3. Қазақ тілі және қақақ әдебиет мұғалімдері Амина Құмарбековна және Хусейн Қанат

2-жүргізуші:

Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.
«Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады).

2- жүргізуші:
Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға: ( қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады).

1-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, — деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға: (қатысатын оқушылардың аты мен тектері аталады).
2- жүргізуші:
Әділқазылар алқасынан бағаларын берулерін сұраймыз.
1- жүргізуші:
Құттықтау сөз мектеп директоры Туркестанбаева Акнур Арысбаевнаға беріледі.
(оқушыларды марапаттау).
2-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол терңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

Назарларға рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.