Home » Мақалалар » Қазақ мәдениетінің ұлттық заманауи құндылықтары

Қазақ мәдениетінің ұлттық заманауи құндылықтары

Тилеубекова Эльмира Сейтқалиқызы,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің аға оқытушысы

   

 

Ықылым заманнан бері әрбір халықтың мәдени ұлттық құндылықтары қалыптасқан. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұрпақ тәрбиелеу мәселесі ұлттық құндылықтармен ерекшеленген. Иә, уақыт ілгері қадам басқан сайын технология дамып, ғылым-білімде тың жаңалықтар әлемді шарлап, экономикалық-саяси, мәдени құндылықтар өзгеріске ұшырап жатқаны да жасырын емес.

     Десек те, халқымыздың заманауи ұлттық құндылықтары ежелгі ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен астасып жатыр. Осы орайда батыс мәдениетінде рационалды ғылым, шығыста жантану ілімі өмір сүрудің басты қағидасы болса, қазақ даласында рухани адамгершлік құндылықтары ұлттық тәлім-тәрбиемен тығыз байланысты. Ұлттық тәлім- тәрбиені меңзегенде еліміздің соңғы 30 жылындағы жастардың х, у және  z ұрпақтары деп бөлінетіндігін айта кету керек. Олардың ақпарат құралдарымен қоян-қолтық байланыстығы емін-еркін өсуіне септігін тигізуде. Бірақ тәуелсіздік алғаннен кейінгі жас ұрпақтың алды жеті атадан аспай некелесу, ілім-білімді тереңнен меңгеру, үлкенді сыйлау секілді ата-бабадан қалған дәстүрлерді ұлттық заманауи құндылықтармен жалғастырып келеді.

Сонымен қатар, қазақ мәдениетінің ұлттық заманауи құндылықтарын дамытуда шет мемлекеттерден келген қандастардың үлесі зор деуге әбден болады. Ұлттық қаражорға биі қандастар елімізге оралғалы бері кеңінен насихатталып жүр. Мәселен,  Қытай Халық Республикасынан оралған Майра Мұхамедқызы мен Шұғыла Сапарғалиқызы ұлттық дәстүрлі ән-биін насихаттап, заманауи құндылықтармен байланыстырды.  Ал, ғылым саласында ежелгі мәдени ұлттық туындыларымыз заманауи баспаханаларда басылып, бұл салада көш ілгері дамыған жайы бар. Осы орайда Ислам Жеменей, Сартқожа Қаржаубайұлы, Мұртаза Жүнісұлы және тағы басқа  ғалымдарының қазақ мәдениетінің ұлттық заманауи құндылықтарын дамытуға қосқан үлесі зор. Мәселен, Ислам Жеменей көне парсы тілін меңгерген филолог ретінде, мәдениет пен ғылымға шығыс ғылымдарының еңбектерін аударған, ал Мұртаза Жүнісұлының қазақ мәдениетінің дамуы үшін ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, мәдениетіміздің заманауи тұрғысынан дамуы үшін қыр-сырлы ой-пікірлерімен көзге түскен зиялы тұлға. Міне, бүгінгі жас ұрпақтың қазақ мәдениетін сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды заманауи тұрғыдан гүлдендіруге еңбек етсе нұр үстіне нұр болар ма еді, кім  білсін?!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.