Құтжанова Надира Болатқызы
№102 ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Биыл бір ғасырға жуық өмір сүрген Жамбыл Жабаевтың туғанына -175 жыл. Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады. Жамбыл Сүйінбайды пір тұтқан.
Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай! деп өмірін өлеңге арнады.
Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектептің соңғы өкілі десе де болғандай еді. Ой жырым, қызыл тілім сенің арқаң, – деген Жамбыл баба қандай құрметке де лайық.
Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл Жабаевтың ерен еңбегін елеп, ҚР 30 жылдығана тұспа-тұс келген айтулы даталардың арасына Жамбыл бабамыз -175 жылдық мерейтойын қосып, оның өлең –жырларын, шығармасын өскелең ұрпаққа дәріптеп жеткізуге тапсырма берді. Ұлттың ұранына айналған тұлғаға құрмет көрсетіп, елге сіңірген еңбектерін жас өркенге айтып жеткізу біздің парызымыз деп білемін.
Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген. Осындай ұлылардың ұлылары құрметтеп бас иген Жамбыл бабамызға бізде бас иіп құрмет қөрсетсек артық болмас еді.
Сонау сұрапыл соғыста қазақтың өрімдей ұл-қыздарына «Ленинградтық өрендерім», -деген жарқын дауысы ұрыс даласында жауынгерлерімізге рух беріп, жаудың бетін қайтаруға өлеңімен қолдау көрсетіп, жаудың мысын басқан еді. Жамбыл бабаларының дауысын есту өлім мен өмірдің ортасында, қан майданда жүрген жауынгер үшін туған елімен қауышқанмен бірдей еді. Қиын қыстау кезінде Жамбыл бабамызды жаттап , тыңдап өскен ата-бабаларымыздың ұрпақтары, біздер, Жамбыл бабамыздың мол мұрасын дәріптеуіміз керек деп ойлаймын. Сол себептен №102 жалпы білім беретін мектепте Жыр алыбы атанған Жамбыл бабамызға арналған түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 28 ақпан 2021 жыл Жамбыл бабамызға -175 жыл толған мерейтойына орай, мектептің жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр. Атап айтсақ:
- Сынып сағаты;
- Ақын бабамыздың мұражайына саяхат;
- «100 жыл жырлаған жүрек» атты көрме;
- «Жыр алыбы Жамбыл» атты өлең-жыр сайысы
- Айтыс-сөз өнері тағы басқа көптеген іс –шаралар жүргізілуде.
Болашақта да Жамбыл шығармашылығымен өскелең ұрпақты сусындатып, өнеге тұтуға, қиын-қыстау кезеңдерде етікпенен су кешкен біздің бабаларымызға тағзым етуге шақырамыз. Қазіргі тәуелсіз ел болғанымызға әр бір ақын-жазушының, жыраулар мен жыршылардың, батыр бабаларымыздың үлесі бар екенін еш ұмытпайық!