Home » Мақалалар » Daryn Teacher – заманауи білім беру платформасы

Daryn Teacher – заманауи білім беру платформасы

Шенгелбаева Баян Қайратбекқызы
Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Б.Бейсекбаев атындағы
мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің
география пәні мұғалімі

Daryn Teacher – заманауи білім беру платформасы

Білім беру мәселесі – заманымыздың ең өзекті, әрі шешімін толық таба алмаған шешілмеген түйіндердің бірі. Қазіргі уақытта кез келген ата-ана мен оқушы мектеп қабырғасынан бөлек қосымша білім алуды көздейді. Әртүрлі себептерге байланысты мектептегі балалардың сабақты меңгеруінде қиындықтар туындап отыр. Сол себепті де жеке пән бойынша білімін жетілдіру, шет тілдерді меңгеру, шығармашылық  тұрғыдан шыңдалуды қалайтын білім алушылардың cаны көп. Алайда олар өз қаласынан білікті маман немесе қажетті орталықтарды таба алмай жатады. Осы ретте еліміздегі айтулы жоба Daryn Teacher және Daryn Tutor платформаларының іске қосылғандығы баршамызды қуантып отыр. Аталмыш платформалар арқылы өзіңе ыңғайлы уақытта, қалаған орнында, өз таңдауын бойынша білікті маманнан білім алудың мүмкіндігі туды.

Заман талабына сай оқытушының біліктілік деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Daryn Teacher платформасында білім алушы оқытушыны бағалауының нәтижесінде оқытушының рейтінгісі көтеріледі. Рейтинг көрсеткішіне сай, табыс көлемі де артады. Сондықтан әрбір дарынды ұстаз экранның арғы жағындағы білім алушысына сапалы білім ұсынары хақ.
Daryn Teacher онлайн білім беру платформасын пайдалану арқылы білім алушының қол жеткізетін нәтижелері:
-оқу материалдарын терең түсінеді (қиындық тудырған тақырыптарын жетік меңгере алады);
-алған білімін ұзақ есте сақтайды;
-білім алуға жұмсалатын шығын көлемі азаяды;
-алған білімін өмірде қолданады.
Ұстаздар қауымы үшін де аталмыш жоба таптырмас мүмкіндікке айналды. Өзіңізге тиімді уақытта қалаған құрылғыңызбен білім бере алатын платформада жұмыс жасай аласыз. Мен шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде, Daryn Teacher іспеттес онлайн ресурстардың ұстаздар мен шәкірттер үшін пайдасы мол екендігіне сенімдімін. Жаңа форматтағы қосымша білім беру ресурсы жас ұрпақты білім шыңының биігіне бастар қадамы істеттес.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.