Түркістан облысы, Түркістан қаласы,
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
№27 ІТ-мектеп-лицейі» мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің физика бірлестік жетекшісі Құрбанбекова Венера
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады»
(Ахмет Байтұрсынұлы)
Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру – әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан, қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару — басты бағдарларының бірі.
«Шығармашылық қабілеттер» немесе «креативтілік» деген не? Латын тілінен аударғанда креативтілік «ойлап табу, жасап шығару» дегенді білдіреді. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде креативті әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Дарынды, білімді ұрпақ қана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады.
«Креативтілік» – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған.
Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда төрт негізгі бағыт айқындалды:
1.Креативтілік-шығармашылық процесс;
2.Креативтілік-жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім;
3.Креативтілік -интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет;
4.Креативтілік-тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі. Педагогикалық-психологияда жалпы қабылданған креативті білім беру және тәрбие теориясы жоқ. Тұлғаның креативтілігін дамыту шығармашыл оқу-тәрбие процесін басқаруды шамалайды.
Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Аталған әдіс-тәсілді іс-жүзінде іске асыру мақсатында Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ – мектеп – лицейінде «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты лицей сыныптарының апталығы өтті. Апталықта физика пәнінен «I LOVE FIZIKA» көрмесін ұйымдастырдым.
Көрме барысында оқушылар аспаптарды және техникалық құрылғыларды құрастыру бойынша өзіндік жұмыстарымен таныстырып, қолдан жасалған аспаптарымен түрлі тәжірибелер көрсетті.
Іс — шара барысында «Физика пәнін оқытудағы креативтік әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама жасалды. «Болжау әдісі», «Аяқталмаған сөйлем», «Доп лақтыру» жаттығуы, «Қабырғадағы роль» әдісі тәрізді креативтік әдіс-тәсілдер қолданылып, қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Іс-шара қызықты болу мақсатында презентация, түрлі ресурстар қолданылып, залды түрлі түсті шарлармен безендіру, ерекше топқа бөлу, іс шараны «От шашумен» аяқтауымыз да жаңаша көзқараспен ұйымдастырылды.
Осындай көрменің ұйымдастырылуы ұстаздардың жаңаша мазмұнды білімге деген көзқарастарын дамыта отырып, шығармашылықтарын шыңдайды деп сенемін.
Сонымен құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жасау мектеп практикасына қажеттілік пен жаңа білім парадигмасы мен бағалау құралдарының арасындағы қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.
Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Ұйымдастырылған көрме мен кіріктірілген тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырады. Есептердің шарттарын ұғына отырып, оқушылар физика ғылымының күнделікті адам өмірімен қаншалықты тығыз байланыста екенін түсінеді.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі. Мектептегі үздік бітірген мыңдаған оқушының өмірмен бетпе-бет келгенде икемсіз, дәрменсіз болып шығатын кездері аз болмайды. Сондықтан оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуды, оған бағыт-бағдар берудің қыр-сырын, оқыту жүйесіндегі мәнін, орнын, заңдылықтарын, жолдарын сөз етпекпін. Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда біздің нысанамыз сөз өнері адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті. Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Ендеше ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі мектептен қаланады.
Шығармашылық процестің үш сатысын өз тәжірибемде мынадай жұмыстар жүргізу арқылы жасадым. Бірінші сатысында жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылыққа арттыруға жұмыстар атқардым. Мысалы: эссе жазу, күздің көңіл-күйін, көктемнің дәмін, өзінің көрген түсін, бір кейіпкер сезімін салу, ертегі, жұмбақ құрастыру.
Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдыққа баулыдым. Осыған байланысты сабақта мынадай тапсырмалар орындаттым. Бір кейіпкерден сұхбат алу, қойылымға қатысу, сөздік материалды өзінше түсіндіру, қазіргі оқиғадан кейін болатын оқиғаларды болжап жазу. Әңгіменің басын ойлап табу немесе соңын жалғастыру, жағдаяттар бойынша мақалдар, тұрақты сөз тіркестері негізінде әңгіме құрастыру, қиял-ғажайып әңгімелер, жағдаяттар ойлап табу.
Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу үшін дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табуға байланысты тапсырмалар орындаттым. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, проблемаларды шешудің, инновацияның қолдануын, ойлау процесінің жылдамдығын, бір бірімен байланыс орнатуын, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруды өз тәжірибемде қолданып жүрмін.
Әр оқушы—бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін—мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Қорыта келгенде: мұғалімдер әр баланың мінез құлқын, ішкі қабілеттіліктерін мүмкіндіктерін зерттеп жетік білумен бірге, оларға жоғары сенімділікпен, өзара түсіністікпен қарап, әрқайсысының бойындағы сәл көрінген қабілеттерін әрі қарай дұрыс бағытта дамыта білуі қажет. Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы нәтижем:
-Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиеледім.
-Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін дамыта білдім.
-Өз бетімен ізденіс дағдылары іскерлік қабілеттері жетілді.
Педагог К.Д.Ушинский былай деген: “Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымы мен басты белгілерін және сапаларын анықтаудың мәні зор.